Деректер қорын басқару жүйесіндегі деректер қоры. Информатика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 10.3А бөлім: Ақпараттық жүйелер | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалім аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысушылар саны: | қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Деректер қорын басқару жүйесіндегі деректер қоры | ||||||||||||
Бұл сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | бір кестелі деректер қорын құру. | ||||||||||||
Сабақ мақсаты | Кесте ұғымын анықтау; Жазба, өріс ұғымдарын түсіну; Кілітті өріс ұғымын түсіну; Құрылған кестеде кілітті өрісті орнату. | ||||||||||||
Жетістік критерийлері | Кесте ұғымын түсінеді; Кестенің құраушыларын түсіндіре алады; Бір кестелі ДҚ құра алады; Құрылған кестеде кілітті өрісті орната алады. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Пәнге арналған арнайы лексика және терминология: Дерекқорларды басқару жүйелері, жол, жазба, негізгі жол, деректер түрлері, сұраныс, форма, есеп, деректерді іріктеу, сұрыптау, сүзу, жасанды зият, эксперттік жүйе, білім қорлары, іздеу жүйелері, аудармашылар, энциклопедия, білім қорлары, логикалық қорытынды блогы. Диалог пен жазылымға арналған пайдалы сөйлемшелер: Деректер қорындағы жолдар ... деп аталады. Дерекқорларда орналастырылатын деректер түрлері ... бола алады. Бірінші кілт .... қолданылады, өйткені... . Мен бірінші кілтті .... жол үшін қолдандым, өйткені ... . ... кестесінен ... таңдау үшін ... шартын қолдану керек. | ||||||||||||
Құндылықтарды бойға сіңіру
| Өзара бағалау барысында адалдық, ашықтық, академиялық шындық құндылықтарын бойға сіңіру. Топтық жұмыс арқылы бір- бірін сыйлау, құрмет көрсету құндылықтарын бойға сіңіру. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | География – әлем мемлекеттері, өзен -көлдері және қалалар жайындағы деректер қорына мысал келтіру барысында іске асырылады. Алғашқы әскери дайындық – әр түрлі әскери бөлімшелер туралы мәліметтер арқылы түсіндіру барысында қамтылады, және т.б. | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылар деректер қорын жасайды, электрондық кестеде деректерді іздей, сұрыптай және сүзе алады. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Жоспарланған сабақ іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Деректер қорын басқару жүйесіндегі деректер қоры (Ұ) Сабақ тақырыбын анықтау үшін миға шабуыл жасаңыз. Ол үшін бірнеше суреттерді көрсетіп, олардың қандай ұқсастықтары бар екенін сұраңыз. Мысалы: Суреттерде қандай мәліметтер бірілген? Суреттерге қарап қандай деректер қорын құруға болады? Суреттерде берілген бейнелер мысалдары ретінде: кітапхана, мұрағат, қойма және т.б. Сонымен бірге бағыттауыш сұрақтарды қоюға болады. Мысал ретінде ХҚКО, e-gov.kz сайты, мектеп дерекқоры жұмыс істейтін дерекқор құрылымын келтіруге болады. Түсіндіруді түрлі деректерді сақтауды қажет ететін бірнеше ұйымның мысалында жүргізуге болады: бизнес, үкімет және т.б., оларға қандай деректерді сақтау қажеттілігін атаңыз. Оқушыларды “деректер түрлері” ұғымына жетелеңіз. Оқушылардан бірнеше мысал келтіруды сұраңыз, кейбіреулерін тақтаға жазыңыз. Сабақтың жаңа тақырыбы мен мақсатын тұжырымдаңыз. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы
10 мин 5 мин 8 мин 7 мин | (К) Дайын кесте ұсынып, түрлі бағандардағы деректердің айырмашылығын, олардың типтерін талқылаңыз және дерекқор кестесінің элементтерін қайталаңыз (жазбалар, өрістер). (Ұ) Дерекқорды жасау үшін қандай деректер түрлері қолданылғанын талқылаңыз. (П, Т) Оқушылармен бірге дерекқорды жасауды және толтыруды үлгілеңіз, қажетті жолдарды, олардың атауларын және деректер түрлерін талқылаңыз. Дерекқорды үлгілеу үшін интернет-дүкеннің тауарлары дерекқорының мысалын қарастыруға болады (П, Ө) Оқушыларды ДҚБЖ интерфейсімен таныстырыңыз. Оқушыларға аталған тақырыптар аясында өз бетінше ДҚБЖ де бір кестелі дерекқор құру тапсырмасын беріңіз. | https://studfiles.net/preview/6438443/ Деректер қорында кестелерді құру: http://itteach.ru/bazi-dannich/sozdanie-tablits-bazi-dannich Оқушылардың теориялық материалды өз бетімен оқуына арналған сабақ: https://www.youtube.com/watch?v=oLhOaB-QDp8 http://itteach.ru/bazi-dannich/tipi-i-svoystva-poley-tablits | |||||||||||
Сабақ соңы 3 мин 2 мин | (Ж) Құрылған дерекқорларды оқушылар жұпта бір-бірінің жұмысына қарап шығып, жасалынған жұмыс бойынша кері байланыс жасауын сұраңыз. Үй тапсырмасы: өрістердің, деректердің типтері. | MS Access | |||||||||||
Саралау – Сіз қалайша көбірек қолдау көрсетесіз? Сіз қабілеті жоғары білім алушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақатау | |||||||||||
Дерекқорларына байланысты қосымша мысалдар келтіру. Дерекқор құру барысында қосымша өрістер қосу, олардың типтерін анықтау бойынша тапсырмалар беріледі. | Сабақ басында оқушылардың дерекқорлар бойынша қаншалықты білетіндігін сурет көрсету және сол суретке байланысты сұрақ қою арқылы қалыптастырушы бағаланады. Дерекқордың кестесін талқылау барысында оқушылардың мәліметтер типін қаншалықты білетіндігі бақылау арқылы бағаланады. Өз бетінше кесте құру барысында оқушылар өзара бағалауды іске асырады. | Класста тыныштық сақтау, орнынан тұрып жүгірмеу, | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? Бүкіл оқушылар ОМ-ға жетті ме? Жоқ болса, неге? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың қай екі аспектісі жақсы өтті (оқу мен оқыту тұрғысынан бірге ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты қалай жақсартуға болар еді (оқу мен оқыту тұрғысынан бірге ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып жайында немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы не білдім, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?