Анимация. Информатика, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Пән: Информатика

Мұғалімнің аты-жөні:

Дата:

Класс: 10

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

5 Бөлім. Веб-жобалау

Сабақтың тақырыбы

Анимация

Бастапқы білім

- графикалық бейнелердің түрлері туралы түсінік болу және әртүрлі графикалық редакторлардағы кескіндерді құру принциптерін түсіну

Оқыту мақсаттары

Веб-парақша үшін негізгі кадрлардан анимация жасау

 Сабақтың мақсаттары

Оқушыларды анамиция жасау қадамдарымен таныстыру

Бағалау критерийлері

- негізгі кадрдһлар бойынша анимация құра алады

- анимацияны сайтқа жариялай алады

 Тілдік мақсаттар

 

  • сурет қолдану арқылы анықтама құру барысында айтылым дағдысын дамыту
  • тақырып бойынша терминологияны жаңартқан кезде оқу дағдыларын дамыту

 Құндылықтарды

 дарыту

- құрметтеу: сыныптастарының идеяларын құрметтеу;

- жауапкершілік: сабақ барысында өзін-өзі бағалау, өзара бағалау;

- өмір бойы оқу: компьютерде жұмыс істеу кезеңінде.

 Пәнаралық байланыстар

Пән

өнер

Кезең

сабақтың барлық бөлімінде

 Дифференциация

  • қорытынды нәтиже және студенттің жауабы бойынша;
  • өзара әрекеттесу нысандары мен тапсырманың орындалу қарқыны бойынша;

 АКТ қолдану дағдылары

  • бейнематериалдар - жаңа материалдарды оқығанда
  • Интернет-ресурстар студенттердің білімін өзектендіруде қолданылады

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • компьютер кабинетінде жұмыс істеу ережелерін ұстану
  • компьютермен жұмыс істеу кезінде уақытты тиімді басқару

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

1.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен салемдесу.

2. Сабақ тақырыбына алып келу

Слайдқа мұқият қарап, келесі сұрақтарға жауап беріңіз?

- Слайдта не көрсетілген?

- Әлеуметтік желіде қандай сурет түрлерін жариялай аламыз?

- Әлеуметтік желіде суреттің қандай түрі танымал ?

3. Сабақ тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерилерін жариялау

презентация

1 слайд

2-3 слайд

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

15 минут

5 минут

  • Жаңа тақырыпты оқу

Ассоциация әдісі: Мұғалім сабақты бастамас бұрын қағазда (1 қосымша) «Анимация» сөзіне ассоциация жазуларын сұрайды.

Оқушылар жазып болғаннан кейін мұғалім 3-4 оқушының жауабын тыңдауына болады.

Мұғалім жаңа материалды түсіндіруге алмасады және анимация түсінігіне кадр, негізгі кадр және қабат терминдері кіретініне алып келеді. Әрі қарай мұғалім оқушылармен бірге осы терминдердің анықтамасын қарастырады:

  • Суретке қарап лентаның жеке элементі қалай аталатының айтыңыздаршы ?
  • Негізгі кадр дегеніміз не ?
  • Анимациядағы өз уақыт шкаласы мен жеке суреттерден тұратын, фильмнің блогы қалай аталады?

Мұғалім оқушылардың ойын тыңдайды. Әңгіме жүргізіледі.

Әрі қарай мұғалім келессі сұраққа жауап берулерін сұрайды:

  • Анимация жасау үшін қандай бағдарламалық жасақтамалар қолданылады?

Мұғалім оқушылардың ойын тыңдайды және оларды gif форматындағы анимация жасауға мүмкіндік беретін GIMP бағдарламасымен таныстырады.

  • Практикалық жұмыс

Мұғалім анимациялық сурет жасау үшін, интернет ресурс қолдану арқылы практикалық жұмыс істеуді ұсынады.

Сабақ соңында мұғалім оқушылардың жұмысын бағалайды.

3.Оқыған материалды бекіту

Оқыған ақпаратты бекіту үшін мұғалім оқушыларға бағдарлама терезелерінің суреттері мен олардың сипаттамаларымен сәйкестендірулерін сұрайды.

4 слайд

Приложение 1

5-8 слайд

9 слайд

10 слайд

goo.gl/3mY6Dg

11 слайд

Приложение 2

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия:

Мұғалім «Анимация» сөзіне қайта оралады және оқушылардан ассоциацияларын жазуды сұрайды.

12-13 слайд

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу