Экспертті жүйелері. Информатика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: Ақпараттық жүйелер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің атыжөні:

Сынып: 10

20 сабақ

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Экспертті жүйелері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

жасанды интеллект және эксперттік жүйелер туралы түсінік беру (анықтамасы, қолдану облысы)

Сабақтың мақсаттары

жасанды интеллект және эксперттік жүйелер туралы түсінік беру (анықтамасы, қолдану облысы)

Бағалау критерийлері:

  • Жасанды интеллект және экспертті жүйелер терминдерін біледі;
  • Жасанды интеллектті пайдалану аймағын біледі;
  • Жасанды интеллект және экспертті жүйелердің артықшылықтарымен кемшіліктерін түсіндіре алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Терминология:

Дерек көздер

Нақтылық

Экспертті жүйелер

Жасанды интеллект

Технологиялардың дамуының тенденциялары …

Негізгі компоненттер …

ЖИ пайдаланудың артықшылықтары ...

ЖИ пайдаланудың кемшіліктері …

ЖИ пайдалану аумағы...

 Құндылықтар

Өзбетімен білім алу, коллабративті орта

Пән аралық байланыс

Робототехника

Осыған дейін меңгерілген білім

Күнделікті өмірдегі автоматты машиналар мен роботтар

Сабақ барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушылардың санын тексеру.

Білімді өзектендіру кезеңі

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары.

Жасанды интеллект туралы видео:

https://www.youtube.com/watch?v=t2Kam-xwLJs

Видеоға қатысты сұрақтар:

- «интеллект» сөзін қалай түсінесіз?

- Жасанды интеллект?

- өмірден жасанды интеллекттің мысалын келтіріңіздер

Жауаптар келесідей болуы мүмкін:

Интеллект ( intelligence ) латын тілінен intellectus — сана, ақыл-ес дегенді білдіреді; адамның сана арқылы ойлана алу қабілеті.

Жасанды интеллект (ЖИ) - адамның ой-өрісінің жұмыстарын моделдеумен байланысты информатиканың бір ғылыми бағыты.

Оның мақсаты аппаратты – бағдарламалық құралдар дайындау болып табылады.

Жасанды интеллект мысалдары:

-Siri

-медициналық онлайн ауыруларды анықтағыш құрал

-сараптама нәтижесінде арнайы гипотезалар жасайтын экспертті жүйелер

-роботтар

-ақылды үй

-түрді анықтау, мәліметтерді қалыпына келтіру жүйелері

-ақылды автомашиналар (өз бетімен басқарылатын)

-онлайн анықтамалар және т.б.

Таныстырылым

15 мин

13 мин

Жаңа тақырыпты оқу мақсатында, оқушыларды топқа бөліп постер құру беріледі. Топтық жұмыстың алдында, бағалау критерийлерімен постерді қорғауды талқылап алу қажет.

Топтарға тапсырма:

  • ЖИ түрлері. Пайдалану аймағы
  • ЖИ пайдаланудың артықшылықтары
  • ЖИ пайдаланудың кемшіліктері
  • Экспертті жүйелердің жұмыс істеу принциптері

Оқушылар өз бетімен ізденіп, оқыған материалдарды топта талқылаулары қажет. Қажеттілік болса таратпа материалдар беруге болады.

Топтардың жұмысты қорғауы. Жұмыстарды қорғамастан бұрын, оқушыларға әр топтың жұмыстары бойынша толтырып отыратын интеллект картаны таратып беріңіз. Интеллект картаның толтырылуын қадағалаңыз.

Топтардың жұмыстарын қорғауға байланысты алды – ала сұрақтар дайындап қойыңыз:

  • Жасанды интеллектті пайдаланудың мысалын келтіріңіз.
  • Роботтың ролі?
  • Роботтарды пайдалануды қажет ететін жағдайаттарды сипаттаңыз?
  • Роботтар неліктен адамнан жақсырақ?
  • Сіздің ойыңызша робаттар бір күні адамдар секілді ақылды бола алама?
  • ЖИ – те қандай шектеулер бар?
  • Қандай жағдайларда ЖИ – тің жұмысы дұрыс болмауы мүмкін?

Қосымша материал

http://www.izden.kz/referattar/informatika/299

http://lektsii.com/1-109785.html

Интеллект карта

2 мин

Оқушылардан сабақта қандай тапсырмалар орындалғандығын сұраңыз.

Оқушылардан қандай сәттер қиындау болды және келесі сабақта қандай сәттерге назар аудару қажеттігі туралы талқылаңыз.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Денсаулық және техника қауіпсіздігі

Интеллект карта

Топтық жұмыс

Интеллект карта

Топтық жұмыс

Сергіту сәттері. Белсенді оқыту әдістері. Қимылды ісәрекеттер

Қауіпсіздік ережелері.

Топтық жұмыс кезінде төмен оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан үйренеді.

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Жалпы баға (Рефлксия)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу