Деректер қорын басқару жүйесіндегі деректер қоры. Информатика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 10.3А бөлім: Ақпараттық жүйелер

Мектеп:

Күні:

Мұғалім аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Деректер қорын басқару жүйесіндегі деректер қоры

Бұл сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

деректерді енгізу формасын құру

конструкторды қолданып, деректерді таңдауға сұраныстар құру

алынған деректерді қолданып, форматталған есептер құру

 Сабақ мақсаты

Форма ұғымын түсіну;

Конструктор және шебердің көмегі арқылы сұраныстар жасай алу

Енгізу формалары мен есептер құру.

Жетістік критерийлері

Форманың не үшін қажет екенін түсінеді;

Форма мен сұраныс жасай алады;

Есептерді құрастыра алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • дерекқорлардың мақсаты мен мүмкіндіктерін ауызша сипаттай алады;
  • дерекқорлардың негізгі нысандары мен сол нысандармен жасауға рұқсат етілген операцияларды атай алады;

Пәнге арналған арнайы лексика және терминология:

Дерекқорларды басқару жүйелері, жол, жазба, негізгі жол, деректер түрлері, сұраныс, форма, есеп, деректерді іріктеу, сұрыптау, сүзу, жасанды зият,

эксперттік жүйе, білім қорлары, іздеу жүйелері, аудармашылар, энциклопедия, білім қорлары, логикалық қорытынды блогы.

Диалог пен жазылымға арналған пайдалы сөйлемшелер:

Деректер қорындағы жолдар ... деп аталады.

Дерекқорларда орналастырылатын деректер түрлері ... бола алады.

Бірінші кілт .... қолданылады, өйткені... .

Мен бірінші кілтті .... жол үшін қолдандым, өйткені ... .

... кестесінен ... таңдау үшін ... шартын қолдану керек.

Құндылықтарды бойға сіңіру

 

 

Өзара бағалау барысында адалдық, ашықтық, академиялық шындық құндылықтарын бойға сіңіру.

Топтық жұмыс арқылы бір- бірін сыйлау, құрмет көрсету құндылықтарын бойға сіңіру.

Пәнаралық байланыстар

География – әлем мемлекеттері, өзен -көлдері және қалалар жайындағы деректер қорына мысал келтіру барысында іске асырылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар деректер қорын жасайды, кестеде деректерді іздей, сұрыптай және сүзе алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспарланған сабақ іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

MS Access – тің объектілерін «Создание» вкладкасынан көрсете отырып атап өтіңіз. Олардың ішінде қандай объектілер өздеріне таныс екенін сұрап шығыңыз.

(К) Оқушыларға деректерді толтыруға арналған формаларды қамтитын бірнеше бағдарламаны көрсетіңіз. Мысал ретінде әлеуметтік желілерге немесе сайттарға тіркелу формаларын келтіруге болады.

Формалар – басқа түрде берілген кесте деректері болып табылатынын, бірақ ол деректер бір-бірінен толық тәуелді екенін көрсетіңіз.

MS Access

Жаңа пайдаланушыларды тіркеу формасы пайдалы болады:

http://cdo.kz/

www.gmail.com

Сабақтың ортасы

5 мин

8 мин

3 мин

10 мин

5 мин

2 мин

) Форма элементтерін атауды ұсыныңыз. Форма мен кестенің деректерінің байланысын атап көрсетіңіз.

(К) Мастердің көмегімен формаларды қалай жасауға болатынын көрсетіңіз.

(Ө, Қ) Оқушыларға форма жасауды, формадағы жазбаны толтыруды, содан кейін кестедегі деректердің қалай өзгеретінін көруді ұсыныңыз.

(Ө) Оқушыларға кестеге жазба қосып, содан кейін формадағы деректердің қалай өзгеретінін көруді ұсыныңыз.

(Ө) Оқушылардан іздеу жүйесіне сұраныс енгізуді сұрап, оқушылармен қажетті ақпаратты қалай іздеу керектігін талқылаңыз.

(П) Сұраныстың қандай түрлері болатынын көрсетіңіз: конструктор мен және мастер көмегімен.

(Ө, Ж, Қ) Оқушылардан сұраныстарды қолданып, нәтижесін көрсетуді сұраңыз.

) Оқушыларды кесте және құрылған сұраныстар негізінде есепті шебер арқылы құрастыру ережелерімен таныстырыңыз.

(Ө, Қ) Оқушыларға сұраныстар негізінде есептер құрастыруды ұсыныңыз.

MS Access

Форманы әзірлеу (өз бетімен оқуға арналған):

http://lab314.brsu.by/roleg/BD_TiG/theory/form.htm

Сұраныстар:

http://www.bseu.by/it/tohod/sdo7.htm

Оқу құралы:

http://kpfu.ru/docs/F1448756111/Access_2010.pdf

Сабақ соңы

2 мин

(Ұ) Сабақ барысында жасалынған жұмыстар бойынша барлық ойларымен бөлісуді іске асырыңыз.

Саралау – Сіз қалайша көбірек қолдау көрсетесіз? Сіз қабілеті жоғары білім алушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақатау

Дерекқорларына байланысты қосымша мысалдар келтіру.

Дерекқор құру барысында қосымша өрістер қосу, олардың типтерін анықтау бойынша тапсырмалар беріледі.

Дерекқордың кестесін құру, кестеге деректер енгізу, кесте өрістерінің типтерін анықтау барысы бақылау арқылы бағаланады.

Өз бетінше кестедегі мәліметтерді сұрыптау сүзгілеу барысы бақылау арқылы бағаланады. Сұрыптау сүзгілеу жүргізгеннен кейін өз іс-әрекеттерін негіздеу барысында өзара бағалауды іске асырады.

Класста тыныштық сақтау, орнынан тұрып жүгірмеу,

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

Бүкіл оқушылар ОМ-ға жетті ме?

Жоқ болса, неге?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Осы тарауды сабақ туралы ойлану үшін қолданыңыз. Сол жақ бағанда тұрған сіздің сабағыңыз туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың қай екі аспектісі жақсы өтті (оқу мен оқыту тұрғысынан бірге ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты қалай жақсартуға болар еді (оқу мен оқыту тұрғысынан бірге ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып жайында немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы не білдім, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу