Логотиптер. Информатика, 10 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

4 бөлім. Графикалық нысандар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Логотиптер

Сабақтың түрі

Білім мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.2.1 берілген параметрлер бойынша графикалық нысанды құру (логотип, баннер, веб-бетке арналған батырма, текстура және т.б.)

 Сабақтың мақсаттары

Веб-бетті безендірудегі берілген параметрлермен элементтерді құрастыру

Бағалау критерийлері:

[10.2.2.1] берілген параметрлермен графикалық объектілерді құрасытру (логотип, баннер, веб-бетке арналған батырма, текстура және т.б.).:

1) түрлі элементтерді қолданады;

2) Графикалық объект үшін өз эскизін жасайды;

3) Элементтерді топтастыруды қолданады;

4) логотип жасау кезінде ұстануға тиісті қағидаттарды қолданады.

Тілдік мақсаттар:

 

 Оқушылар:

 - файл пішімдерін талқылайды,

 - веб-беттерде графиканың қалай қолданылатынын біледі;

 - Конвертация қажеттілігін талқылайды.

Қажетті лексика мен фразалар:

Логотип/батырма/баннер жасау үшін мен…

Пән терминологиясы:

Қазақ тілінде

Ағылшын тілінде

Логотип

logo

Графикалық редактор

Graphics editor

Баннер

Banner

Батырма

Button

Векторлық графика

Vector graphics

 Құндылықтар

 

 

Ынтымақтастық

Топтағы іс-әрекеттері арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту

Пәнаралық байланыс

Графикалық редакторда жұмыс істеу.

Векторлық бейнелерді құру және редакциялау.

Растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Осыған дейін меңгерілген білім

10.3.1.2 графикалық файл форматтарының арасындағы айырмашылықты түсіндіру

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылығын ояту

 Оқушылармен амандасу

Өткен тақырыпты қайталау мақсатында сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімдері тексеріледі.

  • Логотип терминіне анықтама беріңіз.
  • Логотиптердің қандай түрлері бар?
  • Логотипті қай бағдарламада жасауға болады?
  • Логотипті жасау кезінде қандай қағидаттарға негізделу керек?

Слайд

Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

 Оқушыларға логотип жасаудың бір әдісі ұсынылады.

 https://www.youtube.com/watch?v=9OUap6VT_u0

 

Логотипті жасаудың үлгісі

 Әрі қарай оқушыларға жеке тапсырма ұсынылады, әр оқушы өздігінен жұмыс жасайды.

 Жалпы тапсырма: GIMP графикалық редакторын пайдаланып түймені жасаңыз. Нұсқау картасына сілтеме:

 http://www.gimpart.org/risovanie-v-gimp/risuem-knopku-dlya-sayta-v-gimpe

 

 Қалыптастырушы бағалау.

 Дифференциациялау мақсатында оқушыларға келесі тапсырмаларды орындау ұсынылады, бұл тапсырмалар графикалық кескіндерді жасауда неғұрлым озық дағдыларды меңзейді.

 Тапсырма *:

 Өз жобаңыз (сайт) үшін графикалық объектілерді (логотип, баннер, батырмалар) жасаңыз.

 Бағалау критерилерін тұжырымдау және талқылау.

 

 Тапсырма **:

 Кадрларды өзгерту (анимация) веб-сайт үшін графикалық баннер объектісін жасаңыз. Яғни, анимацияны жасау.

 

 

 Ұсынылған тапсырмаларды орындаған кезде, оқушылар жұпта өз жұмысының нәтижелерін талқылайды.

 Келесі тапсырманы орындау үшін оқушыларды жұптарға бөліңіз.

 Қалыптастырушы бағалауда оқушылар келесі картаны пайдаланады.

 

 

 Әрі қарай мұғалім барлық оқушылардан оқушыларға арналған жалпы сұрақтар қояды.

 Оқушылар өз жұмыстарығын қорытындысын жасайды.

1.54’-2.30’

Дидактикалық материал

Қосымша 1

Сабақтың соңы

Қорытынды

Үй тапсырмасын беру

Тапсырма:

Өзіңіздің креативті өту батырмаларын жасаңыз

Рефлексия

Интерактивті тақта

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияланған тапсырмалар ұсынылады.

АКТ дағдылары дамыған оқушыларға бағытталған.

Жоғары деңгейлі тапсырмаларға *белгісі қойылған.

Өзін бағалау, өзара бағалау, мұғалімнің бағалауы

ДК жұмыс жасау

ҚТ негізгі ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

 Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу