Жобаны әзірлеу және қорғау. Информатика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Тарау: 10.1B Бейне контент құру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жобаны әзірлеу және қорғау

Оқу мақсаттары

10.2.2.1 бейнемонтаж және бейнежазбаның негізгі қағидаларын қадағалау10.2.2.2 бейне клиптерді өз сценарийіңізге сәйкес өңдеп, дыбыстарды, суреттерді, әсерлерді, өтулерді және мәтінді қосу

Сабақ мақсаты

Өзінің әзірлеген жобасын талдау және бағалау іскерлігін дамыту

Бағалау критерийлері

Жобалық жұмысты бағалау критерийлерінің үлгісі

1

Алғашқы слайдта презентацияның атауы және оқушының деректері бар

2

Ұсынылған материалдардан алынған мәтіндердің фрагменттері қолданылған.

3

Бейне қолданылған.

4

Суреттер қолданылған.

5

Кейбір слайдтарда фондық музыка бар.

Тілдік оқу мақсаты

Оқушылар:

Өз жұмысын немесе өз тобының жұмысын бүкіл сыныпқа ұсыну;

Басқа оқушылардың презентацияларына көмектесу (сөйлеу және тыңдау дағдылары);

Бейне контент жасауға байланысты терминологияны қолдану;

Тапсырманың шешімін көрсету барысында дәлелдер келтіру;

Пәндік лексика мен терминология:

Бейнетүсірілімдер, бейнемонтаж, қосу, ажырату, кесу, көшіру.

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері топтамасы

Жобалау үшін таңдалған тақырыптың өзектілігі …

Тапсырмаларды жасау үшін ... қолданылды.

Құндылықтар

  • Сабаққа бағытталған құндылықтар: өмір бойы оқыту, ынтымақтастық, ашықтық және академиялық адалдық, еңбек және шығармашылық - пікірталас және практикалық іс-әрекет арқылы, сондай-ақ деректер көздерін көрсету, жобаны жасау кезінде жүзеге асырылады

Пәнаралық байланыс

Пәнаралық байланыс физика, математика, ағылшын тілі пәндері арқылы жобаны құру кезінде жүзеге асырылады.

Алдыңғы білім

Оқушылар видеомонтаж үшін БҚ таңдай алады және жобаны әзірлеу кезеңдерінің дәйектілігін құрастыра алады, желіде ақпарат іздеуді ұйымдастырады

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-10 минут

«Миға шабуыл»

Сабақтың ортасы

2 минут

«Жобаны қорғау»

25 минут

Ұйымдастыру сәті. Сәлемдесу, оқшыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру.

Білімді өзектендіру: (оқушыларды жұмысқа дайындау, балаларға бұрын оқыған тақырыптарды еске салу, олардың шеберлігі мен дағдыларын өзектендіру).

(Ұ)

  • Оқушылар бейнефильмді мұқият қарап, бейнедегі маңызды сәттерді назарға алады.
  • Бейне клипті көріп болғаннан кейін, сыныптағы әрбір оқушы бейнеден бір фактіні атап шығады.
  • Факт екі рет қайталанбауы керек

"What is a Software Development Life Cycle" атты бейнені көргеннен кейін оқушылармен жобаны жасау кезеңдерін еске түсіріңіздер:

  • Тақырып таңдау
  • Жобалау
  • Әзірлеу
  • Тестілеу
  • Қорғау

Оқушыларға әрбір кезең үшін қысқаша сипаттама беруді ұсыныңыз

(Т) Жобалаудың соңғы кезеңін талқылаңыздар.

Мұғалім оқушылармен жобаларды қорғау үшін бағалау критерийлерін талқылайды

Бағалау үшін қорытынды кезеңде жасаған жұмысының нәтижелерін көрсету арқылы жобаларды қорғау болып табылады.

(Ө) Мұғалім оқушыларға баяндама жасау барысында келесі сұрақтарға жауап беруді ұсынады:

1. Сіз неліктен дәл осы тапсырманы таңдадыңыз?

2. Сабақта алған білім жеткілікті болды ма немесе қосымша материал іздеуге тура келді ме?

3. Қандай компоненттерді қолдандыңыз, неліктен осы компоненттерді қолдандыңыз?

4. Жұмыс барысында не қиынға түсті және оларды қалай жеңдіңіз (өз бетіңізбен, мұғалімнің, сыныптастардың көмегімен)?

5. Жасап шығарылған бейне контентті кім және қайда қолдана алады?

6. Жобаның даму болашағы қандай?

Баяндаманы аяқтағаннан кейін дәрісханаға назарлары үшін алғыс білдіріңіз

(ҚБ өзін-өзі бағалау арқылы оқушылар өз білімдеріне бағалау жүргізеді)

Мұғалім әр оқушыға өз жобасын талқылауды және оларды бір-бірінің жобасымен салыстыруды, топтармен алдын ала келісілген критерийлердің көмегімен пікір алмасуды ұсынады.

Дифференциация

Оқушылар өз жобаларын flash және т. б. қосымшалармен біріктіре алады.

Құндылықтар- өмір бойы оқыту, ынтымақтастық, ашықтық және академиялық адалдық, еңбек және шығармашылық пікірталас және практикалық іс-әрекет арқылы, сондай-ақ деректер көздерін көрсету, жобаны құру және бағалау кезінде жүзеге асырылатын болады.

https://www.youtube.com/watch?v=4xCldpbDZ10

№1-3 слайдтар

слайд №4-5

слайд №6

Өзін-өзі бағалау

Сабақтың соңы

«Өзіңді бағала»

3 минут

Рефлексия

  • Сіздің ойыңызша жобаны әзірлеу барысында қандай жағымды қасиеттер дамиды?
  • Жобаны қорғауға дайындалу барысында сізге не қиынға түсті?
  • Жобаны келесі жолы қорғайтын кезде нені басқаша жасайтын едіңіз?

слайд №6

Өзін-өзі дамыту

Оқушылардың жобалық жұмыстарының нәтижелерін жиынтық бағалау ретінде қолдануға болады

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

Қажет болса, мұғалімнің көмегі және сыныптастары-ның қолдауы көрсетіледі. Неғұрлым қабілетті оқушылар басқа оқушыларға қызықты/неғұрлым күрделі болып көрінген өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады және алдын ала дайындалған қосымша тапсырмалар ала алады. Сабақта дифференциацияның негізгі принципі-жылдамдату.

Сұрақтарға жауаптар және жауаптар сеансы. Тапсырманы орындау кезінде сұрақтарды қолдану. Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың нәтижелерін/жетістіктерін түсіну үшін шолу сұрақтарын қолдану. Өзін-өзі бағалауды қолдану.

Компьютерлік техникамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері туралы еске салу, мысалы, экранды, пернетақтаны және тінтуірді орнату кезінде абай болу керектігін, сымдардан сақ болуын, және олар денсаулыққа қауіп төндіретінін ескерту.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу