Ақпараттық қауіпсіздік. Информатика, 10 сынып, презентация.
10.1А Компьютерлік жүйелер
Сабақ тақырыбы: Ақпараттық қауіпсіздік
Оқу мақсаты:
10.1.3.1 “ақпараттық қауіпсіздік”, “құпиялылық” және “мәліметтердің біртұтастығы” түсініктерін сипаттау
10.1.3.2 қауіпсіздік шараларын деректерді резервтік көшіру, шифрлауды, айнабетіндегідей көшірмелеу (зеркалирование) ұғымдары арқылы сипаттау
10.1.3.3 деректерді қорғау тәсілдерін қолдану туралы дәлел келтіру
Келесі ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
Ақпараттық қауіпсіздік
Құпиялылық
мәліметтердің біртұтастығы
Қауіпсіздік шаралары
Деректерді қорғау тәсілдері
Ақпараттық қауіпсіздік— мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.
Ақпаратты қорғау — ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені.
Аутентификация - Бұл функция қатынасу серіктерін және деректер көзін аутентификациялауды қамтамасыз етеді.
Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық.
Қол жетерлік (оңтайлық) — саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қол жеткізерлігі — ақпараттың, техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз (бөгетсіз) қол жеткізуге тиісті өкілеттілігі бар субъектілердің оған қол жеткізуін қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталатын қасиеті.
Тұтастық — ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы. Ақпарат тұтастығы деп ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған (бұзылған) кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады.
Жасырындылық — заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.
Криптология- Ақпаратты оны түрлендіру арқылы қорғаумен шұғылданатын ғылым.
Криптография - Құпияжазу, ақпаратты заңсыз пайдаланушылардан қорғау мақсатымен оны түрлендіру әдістері жайындағы ғылым.
Криптоанализ - Ақпаратты оның кілтін білмей-ақ қалайша кері шифрлау мәселесімен айналысады.
Шифр - Бақылаушыда мәлімет болмаған жағдайда, ашық ақпаратты бастапқы қалпына келтіре алмайтындай етіп түрлендіру үшін қолданылатын шартты белгілер тізбегі.
Шифрлау - Белгілі бір адамнан басқалар оқи алмайтындай етіліп ақпаратты математикалық, алгоритмдік түрлендіру әдісі.
Топтық жұмыс
Берілген тақырып бойынша ақпараттармен танысып, нәтижесін постер немесе презентация түрінде ұсыныңдар.
1-топ. Шифрлаудың симметриялық әдістері
2-топ. Шифрлаудың ассимметриялық әдістері
3-топ. Резервті көшіру түрлері
4-топ. Резервті көшірмелерді сақтау тәсілдері
https://stud.kz/referat/show/71520
Қалыптастырушы бағалау үшін жұмыс.
Дескриптор:
“ақпараттық қауіпсіздік”, “құпиялылық” және “мәліметтердің біртұтастығы” түсініктерін біледі
Деректерді қорғау тәсілдерін сипаттай алады
Қауіпсіздік шараларын сипаттай алады
Деректерді қорғау тәсілдерін қолдана алады
Қауіпсіздік шараларының артықшылықтары мен кемшіліктерін саралай алады
Деректерді қорғау тәсілдерін бір - бірімен салыстырады
Келесі сұрақтарға жазбаша жауап бер:
Ақпараттық қауіпсіздік деген не?
Ақпаратты қорғау шаралары қандай жағдайда қолданылады?
Деректерді қорғаудың қандай тәсілдерін білесің?
Қауіпсіздік шараларының артықшылықтары мен кемшіліктерін сипатта.
Рефлексия
Үйге тапсырма.
Келесі сұраққа жауап іздеп көрҚР ақпаратты қорғау заңмен қалай реттелген?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?