Программалық қамтамасыз етуді жіктеу. Информатика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1А бөлім: Компьютерлік жүйелер | Мектеп: | ||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің есімі: | ||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Программалық қамтамасыз етуді жіктеу | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.1.2.1 қолданбалы программалық қамтамасыз етудің түрлері бойынша, таратылу тәсілі бойынша жіктеу 10.1.2.2 түрлі операциялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін атау | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| топтарда операциялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау Пәндік лексика мен терминология: жалпы мақсатты қолданбалы программалық қамтамасыз ету, арнай мақсатты қолданбалы программалық қамтамасыз ету, тапсырысқа жасалатын қолданбалы программалық қамтамасыз ету, еркін программалық қамтамасыз ету, ашық программалық қамтамасыз ету, жабық программалық қамтамасыз ету, коммерциялық программалық қамтамасыз ету, техникалық құрылғы. Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері топтамасы: ... қолданбалы программалық қамтамасыз ету... түріне жатқызу керек, өйткені … Ашық программалық қамтамасыз етудің артықшылықтары/кемшіліктері... | ||||||||||||||
Құндылықтарға баулу
| Құндылықтарға баулу топтық, жұптық жұмыстарға бағытталаған тапсырмалар мен бағалау арқылы іске асырылады. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, экономика, құқық | ||||||||||||||
Бұған дейін меңгерілген білім | Оқушылар жүйелік, қолданбалы программалық қамтамасыз ету және программалау жүйелерін ажыратып, «программалық қамтамасыз ету» ұғымын, компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекетін түсіндіреді. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған іс-әрекетті | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы | |||||||||||||||
16 мин | Сабақтың басы. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды ұйымдастырып, сыныпта оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру. Сабақтың тақырыбымен таныстыру: Программалық қамтамасыз етуді жіктеу Сабақтың мақсаттарымен таныстыру: 10.1.2.1 қолданбалы программалық қамтамасыз етудің түрлері бойынша, таратылу тәсілі бойынша жіктеу; 10.1.2.2 түрлі операциялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін атау. Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі. Компьютердің ұзақ мерзімді жадында сақталған барлық программалар жиынтығы оның программалық қамтамасыз етуін құрайды. Программалық қамтамасыз ету жанжақты даму үстінде. Жүйелік программалық жасақтама - дербес компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жасақтама. Қолданбалы программалық жабдықтама Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар, фотографияларды қарау, Интернет желісіндегі жұмыс болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды. Венн диаграммасын құрындар Оқушылар жүйелік және қолданбалы программалық қамтамасыз ету жүйелерін ажыратып, Венн диаграммасын құрады. | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы | |||||||||||||||
22 мин | Мұғалім түсіндірмесі. Қолданбалы программалық жабдықтаманың түрлері: жалпы мақсатты, арнайы мақсатты, тапсырыс бойынша (кәсіби деңгей).
(Т, Қ) Зерттеу жұмысы
Дескрипторлар:
Программалық қамтамасыз етудің таралу бойынша: Ашық программалық қамтамасыз ету - негізгі кодты ашық программалық қамтамасыз ету; Жабық программалық қамтамасыз ету - негізгі кодты жабық программалық қамтамасыз ету; Еркін программалық қамтамасыз ету - қолданушыға көп жағдайда шектеулі жұмыс істеумен беріледі; Коммерциялық программалық қамтамасыз ету - коммерциялық сатуға арналған программалық жабдықтама. (Т, Қ) Белсенді оқыту әдістері (Ұ) Сызбаны қарастыруды ұсыныңыз: (Т, Қ) Оқушыларға жұппен сызба элементтерінің бірін зерттеп, басқа оқушылармен таныстырылым, флипчарт арқылы бөлісуді ұсыныңыз.
Жүйелік программалық жасақтама: «Операциялық жүйелер» Операциялық жүйелер — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. (Ж, Қ) Оқушыларға жұпта төменгі танымал ОЖ-лардың бірін зерттеп, әрбір операциялық жүйенің артықшылықтары мен кемшіліктерін жарнамалық баннер арқылы атап көрсетеді:
Дескриптор: Операциялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін атап көрсетуді біледі. (Ұ) Оқушылармен дербес компьютер немесе планшеттік құрал үшін қай операциялық жүйені қолданған жөн екенін талқылаңыз. | ||||||||||||||
Сабақтың соңы | |||||||||||||||
2 мин | Ұй тапсырмасы
| ||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланысҚауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланысҚұндылықтардағы байланыс | |||||||||||||
Оқушылардың қабылдау деңгейіне байланысты тапсырмалар таңдау. Тапсырманы күрделендіруде әдістерді күрделендіре отырып, деңгейлеріне сай дайындау. | Сұрақтарға жауап ала отырып, бағалау критерийлері арқылы бағдаршам арқылы бағалау | Қазақ, орыс,ағылшын тіліне байланыстыру. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Білім беру ақпараттық ресурстарды басқа ресурстармен салыстырады. | |||||||||||||
Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?