Сұраулар. Информатика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.4А Ақпараттық жүйелер

Мектеп: Көкшетау қаласы, ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сыздыков М.С.

Сынып: 10

Қатысқандардың саны Қатыспағандардың саны:

:

Сабақ тақырыбы

Сұраулар

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.3.1 алынған деректерді пайдаланып сұрау салу (SQL (эс кю эль))

Сабақ мақсаттары

  • Деректер сөздігінің мақсатын түсіндіру
  • DDL деректерін анықтау тілін және DML деректерін манипуляциялау тілін салыстыру

Дескрипторлар

  • Оқушылар деректер сөздігінің мақсатын түсіндіре алады
  • Оқушылар DDL деректерін анықтау тілін және DML деректерін манипуляциялау тілін салыстыра алады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәнге тән лексика және терминология:

SQL тілі сұраулары, DDL, DML, SELECT, UPDATE, INSERT, and DELETE

Диалогтар мен хаттарға арналған пайдалы өрнектер:

Бастапқы кілт - бұл..., ал сыртқы кілт ...

Таңдау үшін ... сізге келесі сұрау жасау керек ...

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Сыйластық, топта жұмыс істей білу

 Пәнаралық

 байланыстар

Бастапқы білім

Көпкестелі деректер базасын құру, кестедегі байланысты анықтау, ДБ-дағы сұраулармен (сұраныстармен жұмыс істеу), Access формалары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған ісәрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Мұғалім мен оқушылар өткен сабақтың оқу мақсатын есіне алады. Олар деректер базасы (қоры), сұраулар (query), іріктеуге сұраулар теримндерін, ДБ-дағы кестелер арасындағы байланыстарды қайталайды

Тақта, презентация, оқу мақсаттары

5-10 мин

Мұғалім сабақ тақырыбын анықтайды және оқыту мақсатын көрсетеді.

SQL дегеніміз не? Мұғалім SQL-тілінің құрылымын түсіндіре бастайды

Оқу мақсаттары, презентация

10-20 мин

Оқушылар 2 топқа бөлініп, келесі тақырыптар бойынша шағын зерттеулер жүргізеді: 1 топ-DDL деректерді анықтау тілі және 2 топ - DML деректерді манипуляциялау тілі

Әр топ постер түрінде презентация дайындайды

DML wikibooks

DDL wikibooks

20-25 мин

Оқушылар класс алдында өздерінің зерттеулерін, постерлерін таныстырады

25-30 мин

Мұғалім DML командаларының жұмысын түсіндіреді

Презентация

30-38 мин

Оқушылар sqlzoo сайтында № 1, 2, 5, 8, 12 практикалық тапсырмаларын орындайды

http://sqlzoo.net/wiki/SELECT_from_Nobel_Tutorial

38-40 мин

Мұғалім мен оқушылар бүгін өткен командалардың тағайындалуын қайталайды және сабақ қорытындысын шығарады

Саралау

Бағалау

Денсаулық және техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтау

(1) Тапсырмаларды орындау кезінде әр оқушыға немесе топқа кері байланыс.

(2) сынып аралау кезіндегі оқушылардың жұмысын қарау.

(3) оқушылардың тапсырмаларының оқу мақсатына сәйкестігін тексеру

(4)оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

(4)бір-бірін бағалау және өзі-өзін бағалау

(5)презентацияның критерийлерге сәйкестігі (алдын ала сыныппен критерийлерді жасауға болады)

Денсаулық сақтау технологиялары

Сергіту сәттері мен белсенді ісәрекет түрлері

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу