Мобильді қосымшаның интерфейсін жасау. Информатика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3 В: Мобильдік қосымшалар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мобильді қосымшаның интерфейсін жасау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

негізгі компоненттерді пайдалана отырып, мобильді қосымшаның интерфейсін жасау

Сабақ мақсаттары

  • негізгі компоненттерді пайдалана отырып, мобильді қосымшаның интерфейсін жасау

 Бағалау критерийлері

- Мобильді қосымшаларды әзірлеу құралдары арасындағы айырмашылықты түсінеді

- мобильді қосымшаны әзірлеу кезеңдерін анықтайды

- әзірленген қосымшаның прототипін жасайды

 Тілдік мақсаттар

 

Пән бойынша оқу мақсаттары:

Оқушылар:

  • негізгі компоненттерді қолдана отырып, мобильді қосымшалар интерфейсін құру;
  • Программалық кодта және қасиеттер терезесінде компоненттердің қасиеттерін редактрлеу
  • Мобильдік қосымшаны конструкторда әзірлеу

Әзірленген мобильдік қосымшаны қалай орнатуын түсіндіру

Оқушылар:

  • қосымшаны жасау қадамдарын сипаттайды;
  • аяқталған өтінімді бағалау кезінде терминология мен пәндік лексиканы пайдалану;
  • дайын қосымшаны бағалауда терминология мен пәндік лексиканы қолданады
  • Әзірленген мобильдік қосымшаны қалай орнатуын түсіндіреді

Пәндік лексика және терминология:

Пайдаланушы интерфейсі, компоненттер қасиеті, код блоктары

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер:

Әзірленген қосымша......... арналған

Қосымшаны әзірлеу үшін мен келесі компоненттерді қолдандым:.....

Құндылықтарға баулу

Топтағы жұмыс академиялық адалдық, ынтымақтастық ,сыйластық туралы сұхбаттасу арқылы құндылықтарға баулу

Пəнаралық байланыс

Жобаның таңдаулы тақырыбына байланысты әртүрлі пәндік салалар қамтылады.

Алдыңғы білім

Оқушылар объектілі-бағдарланған ортада және ойынға негізделген программалау ортасында қосымшалар жасау дағдыларына ие.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

0 – 5 мин

(С) Білімді өзектендіру.

Өткен материалды қайталау.

Идеялар себеті-сурет бойынша сабақ тақырыбын анықтау

(Т) топта талқылау.

Күнделікті өмірде қалай жиі және қандай Мобильді қосымшаларды қолданамыз?

(С) Талқылау.

Түрлі смартфондарда қандай операциялық жүйелер қолданылады?

Оқыту мақсатымен танысу

Сабаққа арналған презентация

5 – 10 мин

(Т) Оқушыларға жұппен iOS және Android смартфондарына арналған мобильді қосымшаларды әзірлеу құралдарын зерттеуді ұсыныңыз.

Критериялар:

- ақылы/тегін бағдарламалық қамтамасыз ету

- ДК орнатылған бағдарламалар / жабық қол жетімді "бұлтты" сервистер

- IOS және Android / Android / IOS

https://www.mate-expo.ru/ru/content/10-luchshih-platform-dlya-sozdaniya-mobilnyh-prilozheniy

https://apptractor.ru/develop/ide

10 – 25 мин

(Д) MIT App Inventor 2 ортасының мүмкіндігін көрсетіңіз

(Д) Мобильді қосымшаны әзірлеу кезеңдері

  • Тапсырманы әзірлеу
  • Қолданба интерфейсін жобалау
  • Қолданба бағдарламалау
  • Тестілеу
  • Жөндеу
  • Екінші тестілеу
  • Қолданба белгішесін жасау
  • Қосымшаны жариялау

Дифференциация: жекелеген оқушылар үшін жұмысты өз бетінше оқыту ретінде беруге болады.

http://ai2.appinventor.mit.edu

Мобильді қосымшаны әзірлеу кезеңдері:

http://itech-mobile.ru/stages.html

25 – 38 мин

(С) Мобильді қосымшаны әзірлеу критерийлерін бірлесіп әзірлеу.

(Д) Мобильді қосымшаның тақырыбы мен функциясын таңдау.

(Т/Ж) Мобильді қосымшаның тақырыбы мен функцияларын таңдау бойынша жұпта/топта өзара бағалау, ұсыныстар.

(Д) Қағазда интерфейстің прототипін әзірлеу

(Т/Ж) Бір-бірін өзара бағалау

38– 40 мин

Рефлексия:

- мен сабақта білдім…

- маған қызықты болды…

-ойлануға тура келді…

- басқаларға айтып бере аламын…

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Дифференциация:

Оқушылар қосымшаларында күрделі құрылымдарды қолдана алады

Өзара бағалау, мұғалім-оқушы бағалауы

Денсаулық сақатау технологиялары

Сабақ барысында оқушылар сыныпта жүре алады. Компьютермен жұмыс 30 минуттан аспайды.

Бұл сабақта қауіпсіздік ережелердің қолданудағы элементтерінің бірі болып табылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу