Проблеманы анықтау және талдау. Информатика, 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4А Үдерістерді электрондық кестелерінде моделдеу | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 9 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Проблеманы анықтау және талдау | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.3.1.1 – Процесс моделдерін (физикалық, биологиялық экономикалық) электрондық кестеде әзірлеу және зерттеу | ||||||||||
Сабақ мақсаты | Экономикалық үдерістерін электрондық кестелерінде зерттеу және әзірлеу | ||||||||||
Бағалау критерийлері | - мәліметтерді жинау әдісін таңдайды; - мәліметтерді жинайды; - жиналған мәліметтерді талдайды; - болашақ жүйеге қойылатын талаптарды анықтайды; - техникалық тапсырма бойынша түпүлгісін құрастырады. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - мәліметтерді жинау әдістері мен проблеманы салыстыру; - мәліметтерді жинап, талдау жұмыстарын өткізу; - жиналған мәліметтер негізінде техникалық тапсырмалар құрастыру; - болашақ жүйенің түпүлгісін құру; - түпүлгісін құру барысында электрондық кестенің мүмкіндіктерін атап шығу. Пәндік лексика және терминалогия Мәліметтерді жинау әдістері: сауалнама, интервью, түпүлгісі, техникалық тапсырма. Диалог құруға/жазуға қажетті сөздер Ақпаратты жинау үшін мен ….. әдісті қолдандым, себебі …… Жиналған ақпараттың негізінде ….. құрылды Техникалық тапсырманын негізінде келесі тізім құрастырылды ……. Түпүлгісі арқылы келесі …… мүмкіндікитерді көрсетуге болады | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылыққа баулу, сонымен бірге ашықтық оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады; осындай жұмыстың мақсатына қоса пәндік білімнің қалыптасуымен көпшіл тұлға ретінде шығармашылықпен және сыни ойлай ала білетін, ұжымда жұмыс істеуге дайын және ел алдында көрсетілім мен талқылау үшін ұжымдық жұмыстың нәтижесін көрсете алатындай әр оқушының әрі қарай дамуы болып табылады. Топтық жұмыстың нәтижелерімен алмасу оқушылардың «сыйластық» (қойылған міндеттердің негізінде нәтижелерді бағалау кезіндегі ақ ниеттілігі, өзара қолдаушылық), «еңбек пен шығармашылық», «адалдық» сияқты құндылық маңыздылығы мен терең ойдың көрнекілікпен көрсетілуіне мүмкіндік береді. Жеке жұмыс көлемінде тапсырманы орындау «Академиялық адалдық» құндылығына негізделеді. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Экономика (экономикалық үрдесіне кесте құру), математика (математикалық және статистикалық функцияларын қолдану). | ||||||||||
Бастапқы білім | ЭК қолдану: әртүрлі функцияларды, абсолюттік және салыстырмалы сілтемелерді қолдану. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған қызмет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы | Сыныппен жұмыс. Жүйенің істеу циклінің қадамдарын қарастырыңыз. Әр қадамға сипаттама беріңіз. Оқушыларды топқа біріктіріп, әрқайсына жеке бір жағдайларды таратып беріңіз және оларды өнімге қойылатын талаптармен таныстырыңыз. Әр топқа ақпаратты жинау әдісін таңдап, сол әдіске сәйкес келетін 4-5 сұрақтар құрастыруды сұраңыз. Бағалау: бір-бірін бағалау (2 жұлдыз, 1 ұсыныс). Алдын ала оқушыларды жобаны бағалау критерийлерімен таныстырыңыз және сол критерийлер бойынша сұрақтардың қисындылығын бағалауын сұраңыз. Құндылықтар – еңбек және шығармашылық, сыйластық, ынтымақтастық. | А3 қағазы (ЭК скриншот), қарандаштар мен фломастерлер. Үлестірме материал 1. 1-6 слайдтар | |||||||||
Сабақтың ортасы | Оқушыларды техникалық тапсырма және жобаға қойылатын талаптар ұғымдарымен таныстырыңыз. Оқушылардан жинаған мәліметтерге сүйене отырып, топтасып: - техникалық тапсырманы - жобаға қойылатын талаптарды - кестелік моделдің түпүлгісін жасауларын сұраңыз. Бағалау: Алдын ала оқушылармен бірге бағалау критерийлерін талдап, тізімін құрастырыңыз. Бағалау кезінде сол критерийді қолдануды сұраңыз. Әрбір топ өз жұмысын сыныптың назарына ұсунуы тиіс. Дифференциация: Дифференциация ретінде болашақ жүйеге қойылатын мүмкіндіктердің санын көбейтуге немесе оларды тереңдетуге болады. | 7-9 слайдтар Үлестірме материал 2-3. Бейнематериал 1 (Түпүлгісін жасау үшін арналған нұсқа). | |||||||||
Конец урока | Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылау үшін келесі сұрақтарды оқушылармен бірге талдаңыз: 1. Сіздердің жобаларыңызда қандай түрлі және форматты мәліметтер қолданылды? 2. Жобаны құру барысында ЭК қолдануының ерекшеліктерін атаңыз. 3. Жобаны құру барысында ЭК қолдануының кемшіліктерін атаңыз. 4. Жобаны құру үшін балама әдісін ұсыныңыз. Бағалау: Сабақтың барысында куммулятивті еңгімелеу әдісі қолданған соң, пікір алмасу арқылы бір шешімге келу қажет. Сондықтан, бағалау ретінде оқушылардың дұрыс дәлел көрсете алғаны, ғаламтордағы сілтемелер және сайттағы мәліметтердің мазмұнына байланысты болу тиісті. Дифференциация: | 10-ші слайд Интернет желісі | |||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||
Жұптық/топтық жұмыс – сыныптастарының қолдауы. Қажет болса, мұғалімнің көмегі. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға күрделірек/қызық болып көрінетін өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта дифференциациялаудың негізгі принципі – күрделендіру. | Топтық жұмыстың нәтижесін бағалау үшін топтардың бірін-бірі бағалау ұсынылады. Сабақ соңында рефлексия өткізу арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды. | Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, мысалы, экранды, пернетақта мен тышқанды қосу кезінде абай болуды; денсаулыққа қауіп төндіретіндіктен сымдардан сақ болуды еске салу. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ-на жетті мен? Егер жетпесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай шегінулер болды және неліктен? | |||||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ кезінде мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?