Проблеманы анықтау және талдау. Информатика, 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4А Үдерістерді электрондық кестелерінде моделдеу | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 9 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Проблеманы анықтау және талдау | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.3.1.1 – Процесс моделдерін (физикалық, биологиялық экономикалық) электрондық кестеде әзірлеу және зерттеу | ||||||||||
Сабақ мақсаты | Экономикалық үдерістерін электрондық кестелерінде зерттеу және әзірлеу | ||||||||||
Бағалау критерийлері | - мәліметтерді жинау әдісін таңдайды; - мәліметтерді жинайды; - жиналған мәліметтерді талдайды; - болашақ жүйеге қойылатын талаптарды анықтайды; - техникалық тапсырма бойынша түпүлгісін құрастырады. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - мәліметтерді жинау әдістері мен проблеманы салыстыру; - мәліметтерді жинап, талдау жұмыстарын өткізу; - жиналған мәліметтер негізінде техникалық тапсырмалар құрастыру; - болашақ жүйенің түпүлгісін құру; - түпүлгісін құру барысында электрондық кестенің мүмкіндіктерін атап шығу. Пәндік лексика және терминалогия Мәліметтерді жинау әдістері: сауалнама, интервью, түпүлгісі, техникалық тапсырма. Диалог құруға/жазуға қажетті сөздер Ақпаратты жинау үшін мен ….. әдісті қолдандым, себебі …… Жиналған ақпараттың негізінде ….. құрылды Техникалық тапсырманын негізінде келесі тізім құрастырылды ……. Түпүлгісі арқылы келесі …… мүмкіндікитерді көрсетуге болады | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылыққа баулу, сонымен бірге ашықтық оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады; осындай жұмыстың мақсатына қоса пәндік білімнің қалыптасуымен көпшіл тұлға ретінде шығармашылықпен және сыни ойлай ала білетін, ұжымда жұмыс істеуге дайын және ел алдында көрсетілім мен талқылау үшін ұжымдық жұмыстың нәтижесін көрсете алатындай әр оқушының әрі қарай дамуы болып табылады. Топтық жұмыстың нәтижелерімен алмасу оқушылардың «сыйластық» (қойылған міндеттердің негізінде нәтижелерді бағалау кезіндегі ақ ниеттілігі, өзара қолдаушылық), «еңбек пен шығармашылық», «адалдық» сияқты құндылық маңыздылығы мен терең ойдың көрнекілікпен көрсетілуіне мүмкіндік береді. Жеке жұмыс көлемінде тапсырманы орындау «Академиялық адалдық» құндылығына негізделеді. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Экономика (экономикалық үрдесіне кесте құру), математика (математикалық және статистикалық функцияларын қолдану). | ||||||||||
Бастапқы білім | ЭК қолдану: әртүрлі функцияларды, абсолюттік және салыстырмалы сілтемелерді қолдану. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған қызмет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы | Сыныппен жұмыс. Жүйенің істеу циклінің қадамдарын қайтаңыздар. Әр қадамға сипаттама беруді сұраңыз. Жобаға қойлатын талаптарды қайтадан қарастырып, талдаңыздар. Бағалау: Берілген тапсырманы kahoot.it онлайн түрінде өткізуге болады. Өткізу түрі: жеке немесе топпен. Құндылықтар – еңбек және шығармашылық, сыйластық, ынтымақтастық. | Жүйенің істеу циклін көрсететін бейнематериал 1-3 слайдтар | |||||||||
Сабақтың ортасы | Жұмыс дәптерінде практикалық өзіндік жұмыс. Тапсырмаларды таратқан кезде дифференциацияға назар аударыңыз. Оқушалырға ұсынылған жобалардан біреуін таңдап алуды сұраңыз және берілген тапсырма бойынша мәліметтерді жинап, талдауды талап етіңіз. Жиналған мәліметтердің негізінде: - техникалық тапсырманы құруды - жобаның мақсаттарын анықтауды - кестелік модельдің түпүлгісін құрастыруды сұраңыз. Бағалау: Бағалау барысында жобаға қойлатын талаптарды қолданған жөн. Бірақ, сабақтың басында алдын ала оқушылармен бірге бағалау критерийлерін талдап, анықтауға болады. | 4-5 слайдтар Үлестірме материал 1. Өткен сабақтың материалы жазылған жұмыс дәптерлер | |||||||||
Сабақтың соңы | Сабақты қорытындылау. Сыныппен жұмыс. Сабақтың нәтижесін оқушылармен бірге талдаңыз. Келесі сұрақтарды қойыңыз: 1. Мақсаттар нақты және түсінікті ме? 2. Жобаға қойлған талаптар мен техникалық тапсырма және жоба мақсаттарын салыстырыңыз. 3. Өзіңіздің жобаңызда қолданылған математикалық, статистикалық функцияларды жазып, олардың қажеттілігін дәлелдеңіз. | 6 слайд | |||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||
Жұптық/топтық жұмыс – сыныптастарының қолдауы. Қажет болса, мұғалімнің көмегі. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға күрделірек/қызық болып көрінетін өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта дифференциациялаудың негізгі принципі – күрделендіру. | Топтық жұмыстың нәтижесін бағалау үшін топтардың бірін-бірі бағалау ұсынылады. Сабақ соңында рефлексия өткізу арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды. | Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, мысалы, экранды, пернетақта мен тышқанды қосу кезінде абай болуды; денсаулыққа қауіп төндіретіндіктен сымдардан сақ болуды еске салу. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ-на жетті мен? Егер жетпесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай шегінулер болды және неліктен? | |||||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ кезінде мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?