Элементтерді қосу және жою. Информатика, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақмерзімді жоспардың бөлімі: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Күні: | ||||||||
Сынып: 9 | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Элементтерді қосу және жою | |||||||
Оқу мақсаттары | 9.3.3.1 бір өлшемді массивтерді пайдаланып Python (пайтон) бағдарламалау тілінде программалар құру; | |||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: Тізімге жаңа элемент қосу және жою әдістерін үйренеді. | |||||||
Бағалау критерийлері | Есте сақтау - Тізімге элементтерді қосу/жою әдістерін атау; Түсіну - Тізімге элементтерді қосу/жою алгоритмін сипаттау; Қолдану - Тізім элементтеімен өңдеуге программа кодын жазу; Талдау - Күтілетін және нақты нәтижелерді салыстыру; Синтездеу Бағалау - өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар … Тізімге элементтерді қосу/жою алгоритмін түсіндіреді. Терминология: Тізім, элемент қосу және жою, элемент индексі Сөйлеу/жазу үшін қажетті тіркестер: Тізімге жаңа элементті қосу үшін … Менің ойымша, …, себебі …. | |||||||
Пәнаралық байланыс | Бағдарламада ағылшын тіліндегі сөздерді қолданады, есептер шығаруда математикалық амалдарды қолданады | |||||||
Бастыпқы білімі | Сызықты, тармақталған және циклдік алгоритмдерді біледі. | |||||||
Жоспар | ||||||||
Сабақ кезеңі | Сабақта жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 5 мин | Сәлемдесу. Әрекет: Үй жұмысын тексеру. Мақсат: есептердің шығарылуын тексеру. Бағалау критерийлері: - тізім элементтерін өңдеуге есептер шығару. Дескрипторлары: - екі тізімді салыстырады; - өңдеуден кейін орнында қалған элементтердің санын есептейтін бағдарлама кодын жазады; - өңдеуден кейін орнында қалмаған элементтердің санын есептейтін бағдарлама кодын жазады; - SORTED функциясының қолданылуын түсндіреді. Мұғалім үй жұмысының орындалғандығын берілген дескрипторлар бойынша тексеріп, бағалайды, кері байланыс береді. Оқушылар есептерді көрсетеді, бағдарлама кодын сипаттайды. Мұғалім үй жұмысын орындауда туындаған қиындықтарды сұрайды, кері байланыс береді. Мұғалім төмендегі бағдарлама кодының фрагменттерін көрсетіп, берілген тізім қандай өзгеріске ұшырағанын сұрайды: а = [ 15, 5, 9, 10 ] … print(a) Output: [15, 5, 9, 10, 15] b = [1, 2, 3, 4, 5] … print(b) Output: [1, 2, 4, 5] Оқушылар берілген кодты талдайды, талқылайды, жауаптарын айтады, жаңа сабақтың тақырыбын табады. Әрекет: Бағалау критерийлерін талқылау. Мақсат: мақсат қою дағдысын қалыптастыру Бағалау критерийлері: - Бағалау критерийлерін талқылау. Дескрипторлары: - Блум таксономиясы бойынша дағдылардың деңгейін анықтайды; - бағалау критерийлеріне жету жолдарын түсіндіреду Мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, бағалау критерийлерін талқылайды (оқушыларға берілген етістіктерді пайдалана отырып, бағалау критерийлерін өздігінен талқылап, критерийлерді құруды ұсынады) Оқушылар критерийлерді талқылап, дағды деңгейлерін анықтайды. | 1 қосымша
| ||||||
Сабақтың ортасы 6-35 | Әрекет: Зерттеу (Жаңа тақырыпты түсіндіру). Мақсат: тізімге элемент қосу және жою туралы білімді қалыптастыру. Бағалау критерийлері: - Тізімге элементтерді қосу/жою әдістерін атау; - Тізімге элементтерді қосу/жою алгоритмін сипаттау; Дескрипторлары: - элемент қосу әдісін атайды; - элемент жою әдісін атайды; - элемент қосу әдісін сипаттайды; - элемент жою әдісін сипаттайды; - өзара бағалауды орындайды. Мұғалім топтарда берілген әдістер мен амалдарды зерттеуді ұсынады. Оқушылар интернетті пайдалан отырып немесе мұғалімнің берген сілтемелерін пайдалан отырып, топтарда берілген әдістер мен амалдарды зерттейді, олардың жұмыс істеу принциптерін, ерекшеліктері мен айырмашылықтарын айқындайды, сыныпқа түсіндіруге дайындалады. Мұғалім оқушылардың жаңа тақырыпты түсіндіруін/түсінуін қадағалайды, қорытындылайды, кері байланыс береді. Әрекет: Есептер шығару Мақсат: тізім элементтерін қосу және жою операцияларын қолдану дағдыларын қалыптастыру. Бағалау критерийлері: - Тізім элементтеімен өңдеуге программа кодын жазу - Күтілетін және нақты нәтижелерді салыстыру. Дескрипторлары: - тізімге жаңа элемент қосу бағдарламасының кодын жазады; - тізімнен элементті жою бағдарламасының кодын жазады; - күтілетін нәтижені анықтайды; - бағдарламаны тексеріп, орындайды; - Күтілетін және нақты нәтижелерді салыстырады. Мұғалім оқушыларға тапсырмаларды деңгейлері бойынша бөліп береді, тапсырманы орындау және бағалау дескрипторларымен таныстырады. Қажет болған жағдайда қолдау көрсетеді, бағыттайды, кері байланыс береді. Оқушылар жұпта зерттеп, үйренген операциялар мен амалдарды қолданып, есептер шығарады. Дескрипторлар бойынша өзара бағалайды, кері байланыс береді. Мұғалім нәтижелерді қорытындылайды, дескрипторлар бойынша кері байланыс береді. | 1 қосымша 2 қосымша | ||||||
Сабақтың соңы 36-40 | Әрекет: Рефлексия. Мақсат: оқушылардың жаңа материалды қаншалықты түсінгенін бағалау. Бағалау критерийлері: - өзін-өзі бағалау. Дескрипторлары: - өз білімін бағалайды; - өзінің сабаққа қатысу белсенділігін бағалайды. Мұғалім оқушыларға рефлексия кестесін толтыруды ұсынады. Бағалау критерийлері арқылы толық сабақ бойынша кері байланыс беріп, оқушылрадың ойын тыңдайды, қорытындылайды. Оқушылар рефлексия кестесін толтырады ҮЙ тапсырмасы: Разработайте программу, которая заполняет список натуральными числами от 1 до 100. Далее удалите все числа, которые делятся на три без остатка, а на их место вставьте знак ‘*’. Пример, input1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, … out.txt 1, 2, ‘*’, 4, 5, ‘*’, 7,… | 3 қосымша | ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Дифференциация | Бағалау | Пәнаралық байланыс | ||||||
Әр түрлі деңгейлі есептерді шығару. Мұғалімнің қолдауы. Тапсырманы ерте орындаған оқушыларға қосынша ақпарат беру. | Сұрақтарға жауап беру. Жұп болып есептер шығару. Жеке жұмысты орындау. | Ағылшын тілі, математика, логика. Бағдарламалау ортасын пайдалану. | ||||||
Жалпы баға беру Сабақтың жақсы өткен екі тұсы? 1: ......................................................................................................................................................................... 2: ......................................................................................................................................................................... Сабақтың жетілдіруді қажет ететін екі тұсы? 1: ......................................................................................................................................................................... 2: ......................................................................................................................................................................... |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?