Берілген қасиеттері бойынша элементтерді іздеу. Информатика, 9 сынып, қосымша материал.
«Берілген қасиеттері бойынша элементтерді іздеу» сабағына методикалық нұсқаулық
Сабақ мақсаты:
- бір өлшемді массивте іздеу алгоритмінің орындалу барысын түсіндіру;
- берілген қасиеттері бар массив элементін іздеу үшін алгоритмдік модель құру(блок-схема, псевдокод, бағдарламалық код)
Бұл сабақ осы бөлімдегі екінші сабақ болып табылады.
Осы сабақты оқыту үшін қажетті алдын ала білім:
- Бір өлшемді массивпен жұмыс істей алу (массивті жариялау, толтыру, элементтерді шығару).
Осы сабақта оқушылар алатын негізгі теориялық білім.
Берілген қасиеттері бар элементтерді іздеу
Ақпаратты өңдеу кезінде үнемі деректерді іздеу тапсырмалары кездеседі. Бұл есептер әртүрлі: телефон нөмірін немесе анықтамалық деректерді іздеуден бастап тестерде дұрыс жауапты тексергенге дейін немесе ойындарда сандарды табу.
Іздеу алгоритмдері ең жиі орындалатын алгоритмдердің бірі болып табылады
Максималды элементті іздеу алгоритмі:
- Бірінші элементті ең үлкен (максималды) деп санаймыз.
- Екінші элементтен бастап бірінші элементпен салыстыруды бастаймыз. Егер екінші элемент ең үлкен болса, максималды мән жаңа мәнге ие болады. Массивтің соңғы элементіне дейін салыстыруды жалғастырамыз
!!! Бағдарламалық кодты жазу үшін оқу бағдарламасы бойынша ұсынылған бағдарламалау тілін немесе псевдокодты пайдаланыңыз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?