Берілген қасиеттері бойынша элементтерді іздеу. Информатика, 9 сынып, дидактикалыық материал.


 Берілген қасиеттері бар элементтерді іздеу

 Ақпаратты өңдеу кезінде үнемі деректерді іздеу тапсырмалары кездеседі. Бұл есептер әртүрлі: телефон нөмірін немесе анықтамалық деректерді іздеуден бастап тестерде дұрыс жауапты тексергенге дейін немесе ойындарда сандарды табу.

 Іздеу алгоритмдері ең жиі орындалатын алгоритмдердің бірі болып табылады

 

 Максималды элементті іздеу алгоритмі:

  • Бірінші элементті ең үлкен (максималды) деп санаймыз.
  • Екінші элементтен бастап бірінші элементпен салыстыруды бастаймыз. Егер екінші элемент ең үлкен болса, максималды мән жаңа мәнге ие болады. Массивтің соңғы элементіне дейін салыстыруды жалғастырамыз

 

 Ең үлкен элементті іздеу Блок-схемасы

 

 

Қосымша 1

 Фрагмент кода

 procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

 const

  SIZE=5;

 var

  a:array[1..SIZE]of integer;

  max:integer;

  i:integer;

 

 begin

  for i:=1 to SIZE do

  a[i]:=StrToInt(StringGrid1.Cells[i-1,0]);

 

  max:=1;

  for i:=2 to SIZE do

  if a[i]< a[max]then max:=i;

  label2.caption:=Массивтегі максималды элемент:'+IntToStr(a[max])

  +#13+'Элемент номері:'+ IntToStr(max);

 end;

 Қосымша 1 - жауап

 Фрагмент кода (Delphi)

 procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

 const

  SIZE=5;

 var

  a:array[1..SIZE]of integer; // бүтін сандар массивін жариялау

  max:integer; // массивтегі максималды элемент номері

  i:integer; // максималды элементпен салыстырылатын элемент номері

 

 begin

  // массивті енгізу

  for i:=1 to SIZE do

  a[i]:=StrToInt(StringGrid1.Cells[i-1,0]);

 

  // максималды элементті іздеу

  max:=1; // бірінші элемент максималды деп қарастырамыз

  for i:=2 to SIZE do

  if a[i]> a[max]then max:=i;

 

  // нәтижені шығару

  label2.caption:=Массивтегі максималды элемент:'+IntToStr(a[max])

  +#13+'Элемент номері:'+ IntToStr(max);

 end;

 

 Қосымша 2

 Тапсырма№1. Блок –схема салу және бағдарлама кодын жазу

Бірөлшемді массив нақты сандар массиві берілген. Массивтің ең кіші элементін табу.

 

 Тапсырма№2. Код жазу (псевдокод)

 

Мәні берілген алдын-ала берілген мәнге тең массив элементін табу

 

 Дифференциация: Қиындату

№3 тапсырма. Блок-схема салу

Бір өлшемді бүтін сандар массиві берілген. Жұп / тақ элементтердің санын анықтау және осы элементтердің индекстерін экранға шығару.

№4 тапсырма. Код жазу (немесе псевдокод)

 Символдардан тұратын массив берілген. Массивтегі " * " символдарын табу, осы символды "+" символына ауыстыру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу