Бірөлшемді массив. Информатика, 9 сынып, сабақ жоспары.


_________________________

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.3 Delphi бағдарламалау тілінде алгоритмдерді бағдарламалау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бірөлшемді массив

Оқыту мақсаты

9.3.3.1 Бірөлшемді массивті қолданып Delphi бағдарламалау тілінде бағдарлама құру.

 Сабақ мақсаты

Бір өлшемді массивді қолдану арқылы кіріктірілген бағдарламалау ортасында бағдарламалар жасау.

Бағалау критерийлері

- Массивтің бүтін сандармен толтырылуын бағдарламада жүзеге асырады.

- Массивтің кездейсоқ сандармен толтыруды бағдарламада жүзеге асырады.

- Массив элементтерін шығаруды бағдарламада жүзеге асырады

- Массивтің элементтерінің қосындысын табуды бағдарламада жүзеге асырады

- Берілген шартқа сай массив элементтерін іздеуді бағдарламада жүзеге асырады

Тілдік мақсат

Пәнге арналған арнайы лексика және терминология:

Бір өлшемді массив, массивті жариялау жолдарын түсіндіре алады

Пайдалы сөз тіркестері мен сөйлемдер:

Массив .........болып табылады Массивті ... толтыруға болады

Массив элементі ........ сипатталған

Бағдарлама құру үшін мен … қолдандым.

Құндылықтарды бойға сіңіру

Сыйластық, ынтымақтастық, мақсаттылық

Пәнаралық байланыс

Пәнаралық байланыс массивте қажетті элементті табу, белгілі бір критерийлермен массив элементтерінің санын санау және уақытты басқаруды қадағалау кезінде талқыланады

АКТ қолдану дағдысы

OББ арқылы консольдық қосымшаларды жасау

Алдынғы білім

Оқушылар ОББ – да бағдарламалау негіздерін, жиымдар, тізімдер, бір типті деректер жайлы мағлұматтарды біледі

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспарланған сабақ іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі

- оқушылармен сәлемдесу және сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

Білімді өзектілендіру:

Домино ойыны. Топқа жататын элементтерді сәйкестендіру;

Презентация

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

5 мин.

15 мин.

14 мин.

Мәселелік жағдай

Бір типті деректердің үлкен көлемін сақтау үшін айнымалыны пайдалану жеткілікті ме? Мысалы: осы айдағы ауа температурасының күнделікті деңгейін белгілеу үшін, қанша айнымалы қажет болуы мүмкін?

Әңгімелесу барысында оқушыларды "массивті пайдалану қажет" деген ойға жетелеу керек.

Массив туралы түсінік. Мүғалімнің түсіндіруі.

Әрбір поездың массив ретінде елестетіп көрейік. Локомотивтің атауы массивтің атауы болып табылады. Суреттегі әрбір пойыз өз вагондарына түрлі нысандарды орналастыра алады.

Массив - бір типтес және жалпы атауы бар деректердің жиынтығы;

Массив элементі - массивке енетін жеке айнымалы болып табылады;

Массив өлшемі - массивтің құрамында енетін элементтердің саны.

Массив элементінің индексі - массивтің элементінің номері;

i

1

2

3

4

5

6

7

 8

 9

 10

A[i]

284

345

91

-34

456

3

45

 -456

 28

 23

  • Массивтің атауы қалай? (массива атауы А).
  • Массив элементтерінің индексін белгілейтін айнымалы атау қандай? (Счетчик i)
  • Массивте неше элемент бар? (10 элемент)

Массивті жариялау мысалы:

a : array [1..50] of real;

b,c : array [1..20] of integer;

Тип сипаттамасы бөлімін қолданып массивтерді жриялау мысалы:

Type

mas1=array[1..50] of real;

mas2=array[1..20] of integer;

Var

a : mas1;

b,c : mas2;

Мұғалім түсіндірмесі (Слайд 4-6)

Массивтің элементтерін енгізу және шығару.

Мұғалімнің түсіндірмесі (Слайд 7)

Жиынды кездейсоқ сандармен толтыру.

Мұғалімнің түсіндірмесі (Слайд 8)

Массив элементтерінің қосындысын табу.

Мұғалімнің түсіндірмесі (Слайд 9)

Массивтің кейбір элементтерінің мәндерін өзгерту. (Массивтің элементтеріне қатынау)

Мұғалімнің түсіндірмесі (Слайд 10-11)

Берілген шартты қанағаттандыратын элементтердің санын анықтау

Мұғалімнің түсіндірмесі (Слайд 12-13)

Берілген сипаттағы элементтердің индексін анықтау

Оқытушының түсіндірмесі (Слайд 14-15)

Топтық жұмыс.

Сыныпты 3 топқа бөлу. Тапсырмаларды тарату.

1-тапсырма.

0-60 диапазонындағы кездейсоқ сандармен массивті толтырыңыз және экранға элементтердің қосындысын шығару үшін бағдарлама құрыңыз.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Оқушы

Балл

Бір өлшемді массивтерді қолданып бағдарламалау тілінде бағдарламаны жасайды

1

жиым кездейсоқ сандармен толтырылған

- бастапқы массивді экранға шығарады

- экранға элементтер қосындысын шығарады(Всего 8 баллов)

3

2

3

Баллдар саны

8

2 - тапсырма

0-100 диапазонындағы кездейсоқ сандармен массивті толтырыңыз және экранға тақ сандардан тұратын элементтердің санын шығару үшін бағдарлама құрыңыз.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Оқушы

Балл

Бір өлшемді массивтерді қолданып бағдарламалау тілінде бағдарламаны жасайды

1

жиым кездейсоқ сандармен толтырылған

- бастапқы массивді экранға шығарады

- экранға тақ сандардан тұратын элементтер санын шығарады(Всего 8 баллов)

3

2

3

Баллдар саны

8

3 - тапсырма

-30 дан 30-ға дейінгі диапазонындағы кездейсоқ сандармен массивті толтырыңыз және экранға жұп сандардан тұратын элементтердің санын шығару үшін бағдарлама құрыңыз.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Оқушы

Балл

Бір өлшемді массивтерді қолданып бағдарламалау тілінде бағдарламаны жасайды

1

жиым кездейсоқ сандармен толтырылған

- бастапқы массивді экранға шығарады

- экранға жұп сандардан тұратын элементтер санын шығарады(Всего 8 баллов)

3

2

3

Баллдар саны

8

  • Критерий бойынша өзара бағлау жүргізу.
  •  бағалау нәтижесімен таныстыру.
  • Әр топта басқа топтан сарапшы сайланады(сағат тілі бойынша)

Презентация

Презентация

Қосымша 2

Сабақтың соңы

3 мин

Үйге тапсырма.

Массивтің барлық элементтерінің орташа мәнінен төмен элементтерін табу үшін бағдарлама жасаңыз.

Кері байланыс:

Жақсы не болды?

Қандай қиындықтар болды?

Нені жақсарту керек?

Оқушылар стикерлерге жазып, тақтаға жабыстырады.

СаралауСіз қалайша көбірек қолдау көрсетесіз? Сіз қабілеті жоғары білім алушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақатау

Саралауды тапсырмаларды таңдау, белгілі бір оқушының болжалды жетістігі, білім алушыға жеке қолдау көрсету, оқушылардың жеке қабілеттерін есекере отырып, оқу материалдары мен ресурстарды таңдау арқылы орындауға болады (Гарднердің көптік зият теориясы).

Уақытти тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Білім алушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау әдістерін жазу үшін осы бөлімді қолданыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылатын жаттығу сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Бұл сабақта қолданылатын Техника қауіпсіздік ережелерінің пункттері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

Бүкіл оқушылар ОМ-ға жетті ме?

Жоқ болса, неге?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Осы тарауды сабақ туралы ойлану үшін қолданыңыз. Сол жақ бағанда тұрған сіздің сабағыңыз туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың қай екі аспектісі жақсы өтті (оқу мен оқыту тұрғысынан бірге ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты қалай жақсартуға болар еді (оқу мен оқыту тұрғысынан бірге ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып жайында немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы не білдім, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу