Электронды кестелерде мәліметтер базасын құру. Информатика, 9 сынып, сабақ жоспары, 11 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәліметтер базасы | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы 11 сабақ | Электронды кестелерде мәліметтер базасын құру | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | электронды кестеде мәліметтер қорын құру | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | электронды кестеде мәліметтер қорын құру | ||||||||||
Жетістік критерийлері | Ассеss ортасында кесте құрастыра алады Құрастырған кесте қадамдарын түсіндіріп бере алады. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Диалог және жазу үшін қолдануға болатын пайдалы сөздер:
Мәліметтер қоры. Үлкен көлемдегу мәліметтермен жұмыс істеу үшін… Кестедегі мәліметтерді жылдам табу үшін ... Кестедегі мәліметтерді ретке келтіру үшін… | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Академиялық шындық | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Әр түрлі салалар | ||||||||||
Бастапқы білім | 8 сыныптан оқушылардың кестелік процессорда жұмыс істеу дағдылары бар: статистикалық мәліметтер, кіріктірілген функциялармен жұмыс істей алады, берілген ақпараттарды саралап, талдай алады, қолданбалы есептер шығарады. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 10 мин | 1. MS Access дегеніміз не? Ж: Бұл мәліметтер базасы бағдарламасы. 2. Мәліметтер қоры (МҚ) деген не? Ж: Бұл ақпаратты жинақтайтын және сақтайтын құрылым. 3. МҚ-да кестелер деген не? Ж: МҚ – да жазулар жиынтығын кесте деп атайды. 4. МҚ- да өрістер деген не? Ж: МҚ – да кестедегі тік бағандар өрістер деп аталады. 5. МҚ- да жазулар дегеніміз не? Ж: МҚ – да кестедегі жолдарды жазулар деп атайды. 6. МҚ-ын құрудың қандай және неше қадамы бар? Ж: а. Кестенің құрылымын құру б. Кестені ақпаратпен толтыру 7. МҚ-ын құрудың әдістері қандай? Ж: а. Бос МҚ – ын құру б. Шебер көмегімен МҚ –ын құру 8. МҚ-да қандай нысандар бар? Ж: Кестелер, формалар, сұраныстар, есептер, беттер, макростар, модульдер 9. МҚ-на өзгерістер енгізуге болам ма? Ж: Иә 10. МҚ-да кесте құруды неден бастайды? Ж: Өрістерін енгізуден бастайды Өткен сабақта өтілген зерттеу тапсырмасын қарастыру. Оқушылармен талқылау. Алда жасалынатын жұмыс жоспарымен таныстыру. Өздік жұмыс болғандықтан, оқушылармен бағалау критерийлерін құрастырыңыздар. Сабаққа дейін МҚБЖ мәліметтер қорын құру мысалын, сонымен қатар өзіңіз беретін тапсырманы бағалау критерийлерін дайындап қойыңыз. | ||||||||||
Сабақтың ортасы
15 мин 10 мин | (Ө, Қ) Бірнеше пәндік облыстардан дайындалған тақырыптар тізімін ұсыныңыз, оқушылар солардың арасынан таңдап, сол негізде МҚБЖ-де мәліметтер қорын құрады. Оқушылар жұмыстарын тек компьютерде ғана емес, басқа да жинақтауыштарда сақтауын қадағалаңыз. Бұл келесі сабақтарда жұмысты жеңілдетеді, яғни МҚ кестесін қайта құрмау үшін керек. Ұсынылатын тақырыптар: ●Қалалық телефон анықтамасы; ●Кітапхана; ●Дүкен; ●Қойма; ●Емхана; ●Қонақүй. Оқушылардың кестелерді өрістер мен жазбаларға сай дұрыс толтыруын қадағалаңыз. Алғашқы кілттің жазбалары қайталанбайтынына көз жеткізіңіз.
Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, оны бағалауын қадағалаңыз. | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Бүгінгі оқытылған сабақ мақсатына қайта оралып, оқуылардың түсіну, қолдану деңгейлерін тексеріңіз. Ол үшін алдын ала бағалау парағын құрастырып, қолдансаңыз болады. Тест сұрақтарын қолдансаңыз болады. | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Өздігінен тақырыпты зерттеу Күрделігі жоғары тапсырманы орындау | Бекіту тапсырмасында оқушылар берілген тапсырма бойынша ақпаратты құрылымдап, кесте құрастырады | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?