Электронды кестелерде мәліметтер базасын құру. Информатика, 9 сынып, сабақ жоспары, 10 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәліметтер базасы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

10 сабақ

Электронды кестелерде мәліметтер базасын құру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

электронды кестеде мәліметтер қорын құру

 Сабақ мақсаттары

электронды кестеде мәліметтер қорын құру

Жетістік критерийлері

Ассеss ортасында кесте құрастыра алады

Құрастырған кесте қадамдарын түсіндіріп бере алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Мәліметтер қоры кестелерінде өрістер мен жазбалардың мақсатын сипаттай алады;

Диалог және жазу үшін қолдануға болатын пайдалы сөздер:

  • өріс пен жазба;
  • мәліметтер типі мен форматы;
  • сұрыптау;
  • сүзгілеу;
  • мәліметтерді іздеу;
  • МҚБЖ;

Мәліметтер қоры.

Үлкен көлемдегу мәліметтермен жұмыс істеу үшін…

Кестедегі мәліметтерді жылдам табу үшін ...

Кестедегі мәліметтерді ретке келтіру үшін…

Құндылықтарды дарыту

Академиялық шындық

Пәнаралық байланыстар

Әр түрлі салалар

Бастапқы білім

8 сыныптан оқушылардың кестелік процессорда жұмыс істеу дағдылары бар: статистикалық мәліметтер, кіріктірілген функциялармен жұмыс істей алады, берілген ақпараттарды саралап, талдай алады, қолданбалы есептер шығарады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Электронды кестелерде мәліметтер базасын құру

(Ұ) Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді:

МҚ өріс пен жазба деген не? Оларды өзара алмастыруға бола ма? Неліктен болмайды?

«Мәліметтер қоры» ұғымын және оның қолдану облысын түсіндіріңдер. Қандай мысалдар келтіре аласыңдар?

Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін талқылаңыз.

Сабақтың ортасы

15 мин

10 мин

 Оқушыларға кесте жасау үрдісін түсіндіріңіз.

 Жұмыстың орындалу реті:

 MS Access-ті іске қосыңыз. Бұл үшін MS Office панелінде орналасқан MS Access пиктограммасын басыңыз немесе Іске қосу (Пуск)–Программалар-MS Access командаларын орындаңыз немесе “Менің компьютерім” терезесінен MS Office папкасы ішінен MS Access пиктограммасын таңдаңыз.

 “Деректер қорын құру” терезесінен “Жаңа деректер қоры”   ауыстырып-қосқышын таңдаңыз.

 “Жаңа деректер қоры файлы” терезесінде деректер қоры файлы орналасатын диск және каталогты (папканы) көрсетіп, файл аты өрісіне файлдың атын енгізіңіз. ОК батырмасын басыңыз.

 “Деректер қоры” терезесінде “Кесте” батырмасын таңдап, “Құру” батырмасын басыңыз.

 “Жаңа кесте” терезесінде жаңа кестенің құрылымын құру режимі – Конструкторды таңдаңыз.

 Кестенің Конструктор терезесінде әр өріске ат беріңіз және типін таңдаңыз.

 

 Мәлімет типтеріне ерекше тоқталып, айырмашылықтарына мән беріңіз.

 Оқушылармен талқылаңыз.

 Талқылау  Деректер қоры деп нені түсінесіз? Деректер қорын басқару жүйесі дегеніміз не? Деректер қорындағы информациялар қайда сақталады? Деректер қорын жобалау кезеңдерін атаңыз? Ассеss ті іске қосу және одан шығу әрекеттерін атаңыз? Деректер қорының информация сақталатын объектісі. Кесте құрылымын қандай элемент анықтайды? Кесте құрудың қандай тәсілдері бар?

 Уақыттың берілгеніне қарай оқушыларға тапсырма беріңіз,

 Зерттеу тапсырмасы.1. Берілген ақпаратты құрылымдап, кесте құрастырыңыздар Access ортасында кесте жасаңыз.

 http://www.kino.kz/new/movies_list

 https://www.lamoda.kz/c/357/clothes-verkhnyaya-odezhda/?sitelink=topmenuW&l=2

 

Сабақтың соңы

5 мин

Бүгінгі оқытылған сабақ мақсатына қайта оралып, оқуылардың түсіну, қолдану деңгейлерін тексеріңіз.

Ол үшін алдын ала бағалау парағын құрастырып, қолдансаңыз болады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өздігінен тақырыпты зерттеу

Күрделігі жоғары тапсырманы орындау

Бекіту тапсырмасында оқушылар берілген тапсырма бойынша ақпаратты құрылымдап, кесте құрастырады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу