Программаны тестілеу. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары, 3 сабақ.


Сабақ жоспары

Пән: Информатика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Программаларды құрудың кіріктірілген ортасында есептерді шешу

Мектеп: Қызылорда НЗМ

Күні:

Мұғалім: Баймурзаева Р.К.

Сынып: 8

Сабақ тақырыбы

Программаны тестілеу

Оқу мақсаты

8.3.1.1- өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру

8.3.2.1- алгоритм трассировкасын жүзеге асыру

Сабақ мақсаты

Тестілеу түрлерін білу

Тестілеу мәліметтерін білу

Берілген есеп үшін алгоритм трассировкасын жүзеге асыру

Бағалау критерийлері

  • Ақ қорапты және қара қорапты тестілеу түрлерінің айырмашылықтарын ажырата біледі
  • Статистикалық және динамикалық тестілеу айырмашылығын біледі
  • Тестілеу мәліметтері үшін мысал келтіре алады
  • Берілген есеп үшін алгоритм трассировкасын жүзе асыра алады

Тілдік мақсат

Тілдік оқу мақсаты

аудиторияға өздерінің жобалары мен жобалық шешімдерін ұсыну (сөйлеу және тыңдау)

Тақырыптық сөздік және терминология

• тестілеу,

• кестені бақылау

• Деректерді тексеру

Пән аралық байланыс

Орыс тілі, Математика, Биология

Алдыңғы білім

Программалау тілі

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сыныптағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Ұйымдастыру кезі.

Оқушылармен Тестілеушінің адамның мақсатын талдауды ұсыныңыз.

Тестілеудің рөлі туралы айтып беріңіз. Мысалдар келтіріңіз

Сұрақ

  • Бағдарламалық қамтамасыз етуде қолданылатын өңдеу және тестілеу процедураларының қандай айырмашылығы бар?

Проблемалық сұрақ төңірегінде барлық оқушылар ойлана отырып жауап беруін сұраңыз.

Таныстырылым

Дидактикалық материалы

Сабақтың ортасы

6-10 мин

11-20 мин

21-30 мин

31-35 мин

(Ж) «Тестілеу дегеніміз не?» деген сұрақты жұпта талдауды сұраңыз.

Егер оқушылардың жауаптары дұрыс болмай жатса, дұрыс жауапты айтыңыз

(С) Сыныпқа тестілеудің бірнеше түрі болатынын, олардың маңыз туралы айтып беріңіз

Тестілеудің түрлері

  • Статикалық тестілеу (static testing, Dry Run Testing ) - бұл тестілеу жүргізу барысында тесттілеуші қағаз жүзінде жүргізеді (тестілеу үшін арнайы бағдарлама жоқ)
  • Динамикалық тестілеу (dynamic testing) - бұл тестілеу, бағдарламалық өнімді болжау. (Бірнеше түрлерге бөлінеді: ақ қорапты тестілеу, қара қорапты тестілеу және т.б.)

Қара қорапты тестілеу

Бағдарламаның ішкі коды қол жетімді емес. Тестілеуші бағдарламаның дұрыс жұмыс жасап тұрған деңгейін қарастырады.

Ақ қорапты тестілеу

Бұл тестілеу түрін қолдану барысында ішкі кодқа қол жетімді болады. Тестілеуші барлық жағдайды қарастыра алады

(Ж) Оқушылармен жеке жұмыс түрін ұйымдастырыңыз. Оқушылар жекелей тапсырмаларды орындайды

(Ж) Жұпта бағалау жұмысын жүргізіңіз

Оқушылар бір-бірімен орындаған тапсырмаларымен ауысып, әрбір сұрақты сыныппен талдай отырып, бағалайды

Презентация

Дидактикалық материал

Методикалық материал

Сабақтың соңы

36-40 мин

Рефлексия

Түсіндім ____________________________________________________

Қиын болды

____________________________________________________

Үйренгім келеді

____________________________________________________

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай Қосымша тапсырма: Егер уақыт қалса, оқушыларға басқа да тестілік мәліметтерді енгізу отырып, трассировка кестесін толтыруды сұрау тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Жеке жұмысты жұпта бағалау кезінде, жұптың бірінші мүшесі етіп бір қабілеті жоғары, екіншісін орта немесе төмен қабілетті оқушыны алуға болады – қабілеті жоғары оқушы басқа оқушыларға кеңес беретін болады

1.Өзара бағалау – жеке жұмысты жұпта талқылау

2. Сабаққа ауызша рефлексия

Топпен, жұппен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу