Программаны тестілеу. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


қабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А бөлім. Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Программаны тестілеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.1 өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру

8.3.2.1 алгоритм трассировкасын жүзеге асыру

Сабақ мақсаты

  • тестілеу жоспарын құру
  • тестіленетін мәліметтерді анықтау
  • тәжірибелік (дұрыс / қате) деректер көмегімен алгоритмді тексеру

Бағалау критерийлері

  • тестілеу жоспарын құра алады
  • тестіленетін мәліметтерді анықтай алады
  • тестілеу және тестіленетін деректер не екенін біледі және түсінеді
  • программалық кодты (псевдокод) оқи алады

Тілдік мақсаттар

Пәндік терминология:

  • программалық код, енгізу / шығару мәліметтері, тестілік мәліметтер, қате / дұрыс (қалыпты) мәліметтер, мәндерді тестілеу

Оқу және жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Енгізу кезінде ....... программа келесі қателерді берді........
  • Алгоритмдік.... құрылымы іске асырылды
  • Тестілеу үшін таңдап алынған ..... мән

Құндылықтарды дарыту

Осы сабақта дамытылатын құндылықтар: Ынтымақтастық, Өмір бойы оқу, Академиялық адалдық

Құндылықтарды дарыту топтық, жұптық және өз бетінше жұмыс (программаны тестілеу) ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Пәнаралық интеграция әр түрлі пәндерден тапсырмаларды шешу кезінде сабақта жүзеге асырылады

Бастапқы білім

Программалау ортасында өз кодын (жобасын) әзірлеу.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері:

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

    • мин
  • Миға шабуыл: Миға шабуыл: бейнефрагментті көрсету және сұрақтарға жауап беруді сұраңыз:

1. Бейнефрагментте қандай процесті көрдік (пәнмен байланыстыру)?

2. Не және қалай тестіленді?

Жоба әзірлеу кезеңінің әрбір сатысында тестілеу әрекетінің жүргізілгендігін және "тестілеу" түсінігін қайталайды.

Презентация

Сабақтың ортасы

6-7 мин

8-10 мин

11-25 мин

26-36 мин

  • Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтайды
  • Миға шабуыл: Блиц-сұрақ

Оқушылардан келесі сұрақтарды жұпта талқылап, тез жауап беруін сұрау

1. Тестілеу дегеніміз не?

2. Тест мәліметтерінің қандай түрлерін білесіз?

3. Тестілеу кезеңі қаншалықты маңызды?

  • Топтық жұмыс: оқушыларды топтарға бөлу (мысалы: гендерлік ерекшеліктер бойынша).

Әр топқа тапсырма беріледі (1 тапсырма, 2 тапсырма, 3 тапсырма). Әр топ үлгі бойынша тест жоспарын әзірлеуі тиіс.

Критерий:

  • кемінде 3 тест болуы
  • есеп әртүрлі тестілену деректері арқылы тестіленуі тиіс.

Әрбір топ тест нәтижелерінің кестесін үлгі бойынша толтырады

  • «Аралас құрам» тобындағы жұмыс
  • Негізгі топта 1 оқушы қалады, топтың қалған мүшелері басқа әртүрлі топтарға барады, есепті және есепті тексеру үшін құрастырылған тест жоспарын талқылайды, сындарлы комментарии болса, жоспарға өзгеріс енгізеді.
  • Топ құрамын өзгерту: жаңа топтар құрып, жаңағы әрекетті қайталау.
  • Өз тобына қайтадан оралып, комментарийларға сай өзгертулер енгізеді.

Өзара бағалау. Оқушылар топтардың жұмысын өзара бағалайды

  • Қосымша тапсырма: Егер уақыт қалса, әрбір топ басқа топтардың тестілеу жоспарын алып, тест мәліметтерін талқылауы/ салыстыруы тиіс. Есептің шығарылу жолын талдайды

Критерий (топтық және аралас құрам тобындағы жұмыс):

  • үлгіге сай тест жоспарын құра алады
  • тестілеу үшін әртүрлі тестілік деректерді пайдалана алады
  • тестілеу деректерінің нәтижесін болжай алады

Презентация

Таратпа 1

Сабақтың соңы

    • мин
  • Ауызша рефлексия (оқушылар келесі сөйлемдерді аяқтайды)

Сабақта мен үйрендім ...

Мен түсінбеген тұсым, маған қиын болғаны....

Презентация

Қосымша ақпарат

ДифференциацияСіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Жобаны тестілеу жоспарын жасау кезінде, неғұрлым қабілетті оқушылардан құралған топ кем дегенде 4-5 тест ұсына алады, ал барлық оқушылар кем дегенде 2-3 тест ұсынады

1.Өзара бағалау - басқа топтардың тест деректерін бағалау

2. Тест жоспары бойынша кері байланыс

3. Сабаққа аузша рефлексия

Топпен, жұппен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу