Программаны тестілеу. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


қабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А бөлім. Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Программаны тестілеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.1 өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру

8.3.2.1 алгоритм трассировкасын жүзеге асыру

Сабақ мақсаты

  • өз программасына тестілеу жоспарын құру
  • тәжірибелік (дұрыс / қате) мәліметтер көмегімен алгоритмді тексеру
  • программа кодына анализ жасау
  • трассировка кестесін толтыру

Бағалау критерийлері

  • өз программасына тестілеу жоспарын құра алады
  • қалыпты деректер үшін программа жұмысын тексера алады
  • қате деректер үшін программа жұмысын тексере алады
  • тестілеу нәтижесіне сай программа жұмысына өзгерістер енгізе алады
  • трассировка кестесін толтыра алады

Тілдік мақсаттар

Пәндік терминология:

  • программалық код, енгізу / шығару мәліметтері, тест жоспары, тестілік мәліметтер, қате / дұрыс (қалыпты) мәліметтер, мәндерді тестілеу

Оқу және жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Программа үшін келесі ....... тұратын тест жоспары құрылды
  • Тестілеу үшін келесі мәліметтер таңдап алынды ....
  • Тестілеу нәтижесіне сай программа кодына келесі өзгертулер енгізілді ......

Құндылықтарды дарыту

Осы сабақта дамытылатын құндылықтар: Ынтымақтастық, Өмір бойы оқу, Академиялық адалдық

Құндылықтарды дарыту топтық, жұптық және өз бетінше жұмыс (жобаны тестілеу) ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Пәнаралық интеграция әр түрлі пәндерден тапсырмаларды шешу кезінде сабақта жүзеге асырылады

Бастапқы білім

Программалау ортасында өз кодын (жобасын) әзірлеу.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері:

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

    • мин
  • Миға шабуыл: Блиц-сұрақ

Оқушылардан келесі сұрақтарды жұпта талқылап, тез жауап беруін сұрау

1. Тестілеу процесінің қандай ерекшеліктері бар?

2. Тест үшін қандай мәліметтерді алған дұрыс деп ойлайсыз?

3. Тестілеу кезеңі қаншалықты маңызды?

Оқушылардың жауаптарын талдау

Презентация

Сабақтың ортасы

6-7 мин

8-15 мин

16-20 мин

25-36 мин

  • Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтайды
  • Жеке (жұптық) жұмыс: оқушылар өз программаларының ерекшелігіне сай, тест жоспарын жасайды.

//егер оқушылар программаны жеке дайындаған болса, жекелей, егер жұпта орындаған боса – жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз

Критерий:

  • кемінде 3 тест болуы
  • программа әртүрлі тестілену мәліметтері (қалыпты мәндер және қате мәндер енгізу) арқылы тестіленуі тиіс.
  • Жұптық жұмыс: Оқушы жанында отырған оқушымен жұмысымен алмасып, тест-жоспарын тексереді.

Өзара бағалау: Оқушылар бір-бірінің тест жоспарын талдайды

  • Жеке жұмыс: Оқушылар тест жоспарына сай өз программаларын тексереді. Қажет болған жағдайда өзгертулер енгізеді. Тестілік мәліметтер үшін трассировка кестесін толтырады.

Презентация

Таратпа 1

Сабақтың соңы

    • мин
  • Ауызша рефлексия (оқушылар келесі сөйлемдерді аяқтайды)

Сабақта мен үйрендім ...

Мен түсінбеген тұсым, маған қиын болғаны....

Презентация

Қосымша ақпарат

  • ДифференциацияСіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай Қосымша тапсырма: Егер уақыт қалса, оқушыларға басқа да тестілік мәліметтерді енгізу отырып, трассировка кестесін толтыруды сұрау

тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Жобаны тестілеу жоспарын жасау кезінде, неғұрлым қабілетті оқушылардан құралған топ кем дегенде 4-5 тест ұсына алады, ал барлық оқушылар кем дегенде 2-3 тест ұсынады

1.Өзара бағалау - басқа топтардың тест деректерін бағалау

2. Тест жоспары бойынша кері байланыс

3. Сабаққа аузша рефлексия

Топпен, жұппен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу