Алгоритмді программалау. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А бөлім. Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Алгоритмді программалау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.1 программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру

8.3.3.2 программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін білу және қолдану

8.3.3.1 таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында қолдану(С/С++, Python, Delphi, Lazarus)

Сабақ мақсаты

  • есепті шешудің жолдарын ұсына алу
  • есепті шешу үшін интерфейс құрастыру
  • есепті шешу тиімділігін арттыру үшін алгоритмдік құрылымдарды қолдану
  • есепті шешуді алгоритм трассировка арқылы ұсыну

Бағалау критерийлері

  • өз есебін шешуде айнымалы мен тұрақтылар үшін тиімді аттар таңдайды
  • өз есебін шешуде айнымалы мен тұрақтыларды сипаттайды
  • өз есебін шешуде алгоритмдік құрылымдарды қолданады
  • программа кодына түсініктемер жазады
  • өз программасында шегіністерді тиімді пайдаланады

Тілдік мақсаттар

Пәндік терминология:

  • есепті шешу, таңдау, тармақталу, цикл, құрылым, трассировка кестесі

Оқу және жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Есепті шешудің жолын ... арқылы ұсындым
  • Бұл есепті шешу үшін мен ... құрылымын пайдаландым
  • ... құрылымды пайдалану арқылы есепті шешудің жолын тиімді еттім
  • Есепті шешуде трассировка кестесін төмендегідей пайдаландым ...

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, өзара оқыту, өзін-өзі тану. Бұл құндылықтар өз жобаңызды дамыту кезінде сабақ барысында жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Есептер әртүрлі пәндік аймақтардан алынады

Бастапқы білім

Программалау тілінде программа кодын жазу, алгоритм трассировкасы кестесін толтыра алу

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері:

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

    • мин
  • Миға шабуыл: Оқушылар берілген ситуацияны жұпта/топта талқылайды
  • Есепті шығару жолын қандай түрде ұсына аламыз?

//оқушылар алгоримтді жазу жолдарын талқылайды:

Кілттік сөздер: блок-схема, қарапайым алгоритмдік тіл, алгоритмнің ауызша/жазбаша сипатталуы, программалық код

  • оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Презентация

Сабақтың ортасы

3-10 мин

11-35 мин

  • Жаңа тақырып: Алгоритмді программалау

Алгоритм жазылуының ең негізгі түрі – программалау туралы айтып беріңіз.

Жақсы программалау мысалын талдаңыз:

  • Айнымалы мен тұрақтылар үшін аттар таңдау
  • Айнымалы мен тұрақтыларды дұрыс сипаттау
  • Алгоритмдік құрылымдарды есептің тиімділі үшін қолдану
  • Түсініктемерді пайдалану
  • Шегіністерді тиімді пайдалну
  • Жеке жұмыс: Алгоритмді программалау

Оқушылар есеп үшін жасалған блок-схема және интерфейсті қолдана отырып Программа құрудың кіріктірілген ортасында жобаларын іске асырады.

Критерий:

  • Айнымалы мен тұрақтылар үшін аттар таңдау
  • Айнымалы мен тұрақтыларды дұрыс сипаттау
  • Алгоритмдік құрылымдарды есептің тиімділі үшін қолдану
  • Түсініктемерді пайдалану
  • Шегіністерді тиімді пайдалну
  • Қосымша тапсырма: Егер уақыт қалса, оқушыларға басқа да тестілік мәліметтерді енгізу отырып, трассировка кестесін толтыруды сұрау

Презентация

Таратпа

Сабақтың соңы

37-40 мин

  • Ауызша рефлексия.

Не жақсы жасалды? Қандай сұрақтар пайда болды?

Презентация

Қосымша ақпарат

ДифференциацияСіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушылар есептерді шешу барысында қабілеті төменірек оқушыларға көмек береді, консультация жасайды.

Сабақ барысында оқушылардың ауызша және жазбаша жауаптары бағаланады.

Оқушылар өз жұмыстарының нәтижесін критерий бойынша бағалайды

Жұппен жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу