Алгоритмді программалау. Информатика, 8 сынып, қосымша материал.


«Алгоритмді программалау» сабағына методикалық нұсқаулық

 Оқу мақсаттары:

 8.3.1.1 программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру (С/С++, Python, Delphi, Lazarus)

 8.3.3.2 – программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін білу және қолдану

  8.3.3.1 – таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында қолдану(С/С++, Python, Delphi, Lazarus)

 

 Сабақ мақсаты: Дайын алгоритм үшін код жазу.

 

 Сабақ басында өткен материалды қайталау үшін бірнеше қайталау сұрақтарын беру ұсынылады. Сұрақтардың санын көбейтуге болады - яғни, өздері өткен операторлар, компоненттердің қасиеттеріне байланысты сұрақтар және т.б. сұрақтар қосуға болады.

 Оқушылардың жұмысына бағыт беру үшін қарапайым есептің шешімін рәсімдеу үлгісін ұсыныңыз (тіктөртбұрыштың ауданын белгілі жақтары бойынша табу).

 Жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқушылар өткен сабақтарда бастаған жоба күнделігінде өз жұмыстарын жалғастырады.

 Оқушыларға барлық туындаған мәселелерді және оларды қалай шешкендерін күнделікте көрсетіп отыруға, дәлелдеме ретінде экрандық скриншоттарын жасау қажет екенін еске салыңыз. Күнделіктің мазмұндылығы жобаны бағалау критерийлерінің бірі болып табылады.

 Оқушыларға өз жұмысының резервтік көшірмесін жасау қажеттілігі туралы еске салыңыз.

 Жұмыс барысында туындаған мәселелерді сыныптастармен талқылауды ұсыныңыз. Егер оқушыларға өз бетінше мәселені шеше алмаса – оларға көмектесіңіз.

 

 Ресурстар:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу