Алгоритмді әзірлеу. Информатика, 8 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.
«Алгоритмді әзірлеу» сабағына методикалық нұсқаулық
Сабақта қарастырылатын оқу мақсаттары
8.3.1.1 программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру
8.3.2.1 алгоритм трассировкасын жүзеге асыру
Бағалау критерийлері:
- есепті шешу жолының алгоритмін құра алады
- есепті шешуде таңдау және циклдік құрылымдарды тиімді пайдаланады
- есепті шешудің жолын трассировка алгоритмі арқылы сипаттай алады Осы сабақта
Оқушылармен келесі ұғымдарды қайталаңыз:
- вербалды – алгоритмнің ауызша тілде сипатталауы;
- символдық – алгоритмнің символдар жиынтығы арқылы сипатталуы;
- графикалық – алгоритмнің графиктік фигуралар көмегімен сипатталуы
Программа жасаудың кіріктірілген ортасының компоненттерін пайдалана отырып, есептің компьютерлік моделін ұсынуда алдын-ала интерфейс дайындаудың маңызын тиянақтаңыз. Жақсы интерфейс үшін қойылатын негізгі талаптарды бірге құрастырыңыз. Егер оқушыларда қиындық болса, мұғалім толықтыруы қажет.
Жақсы интерфейс талаптары:
- Интерфейс интуитивті түсінікті болуы керек. Пайдаланушы оны қалай пайдалану керектігі үшін ойланудың қажеті жоқ.
- Қарапайым ұғымдар қарапайым болып берілуі керек. Интерфейсті қиындатпаңыз. Интерфейсті қалай оңай және түсінікті етіп жасау туралы ойланыңыз.
- Түстер. Түстер келесідей жіктеледі: жылы (сары, қызғылт, қызыл), суық (көк, жасыл), бейтарап (сұр). Әдетте интерфейс үшін жылы түстерді пайдаланыңыз.
- Компоненттерді орналастыруда пропорцияларды сақтаңыз
Қағазда немесе компьютерде жасалатын интерфейстерді талдаңыз. «Қайсысы жеңілірек?», «қайсысы тиімдірек?», «өз есебіңізді шешу үшін қай жолын таңдар едіңіз?» деген сұрақтар қою арқылы интерфейсті алдын-ала жасаудың маңыздылығын түсіндіріңіз
Егер де, негізгі жоспарланған жұмыс аяқталған болса, қосымша тапсырма ретінде оқушыларға есептің шешімінің дұрыстығын трассировка кестесі арқылы айнымалыларға мән беру арқылы тексерулеріне мүмкіндік беріңіз.
Сабақтың әрбір сатысында оқушылар әртүрлі бағалау түрлерін жүргізеді: өзіндік бағалау, өзара бағалау, мұғалім бағалауы.
Сабақта пайдаланған ресурстары:
- https://habr.com/post/58023/ - 8 Характеристик удачного пользовательского интерфейса
- https://habr.com/post/208966/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?