Алгоритмді әзірлеу. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А бөлім. Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Алгоритмді әзірлеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.1 программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру

8.3.2.1 алгоритм трассировкасын жүзеге асыру

Сабақ мақсаты

  • есепті шешудің жолдарын ұсына алу
  • есепті шешу үшін интерфейс құрастыру
  • есепті шешу тиімділігін арттыру үшін алгоритмдік құрылымдарды қолдану
  • есепті шешуді алгоритм трассировка арқылы ұсыну

Бағалау критерийлері

  • есепті шешу жолының алгоритмін құра алады
  • есепті шешуде таңдау және циклдік құрылымдарды тиімді пайдаланады
  • есепті шешудің жолын трассировка алгоритмі арқылы сипаттай алады

Тілдік мақсаттар

Пәндік терминология:

  • есепті шешу, таңдау, тармақталу, цикл, құрылым, трассировка кестесі

Оқу және жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Есепті шешудің жолын ... арқылы ұсындым
  • Бұл есепті шешу үшін мен ... құрылымын пайдаландым
  • ... құрылымды пайдалану арқылы есепті шешудің жолын тиімді еттім
  • Есепті шешуде трассировка кестесін төмендегідей пайдаландым ...

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, өзара оқыту, өзін-өзі тану. Бұл құндылықтар өз жобаңызды дамыту кезінде сабақ барысында жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Есептер әртүрлі пәндік аймақтардан алынады

Бастапқы білім

Программалау тілінде программа кодын жазу, алгоритм трассировкасы кестесін толтыра алу

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері:

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

    • мин
  • Миға шабуыл: Оқушылар берілген ситуацияны жұпта/топта талқылайды
  • Есепті шығару жолын қандай түрде ұсына аламыз?

//оқушылар алгоримтді жазу жолдарын талқылайды:

Кілттік сөздер: блок-схема, қарапайым алгоритмдік тіл, алгоритмнің ауызша/жазбаша сипатталуы, программалық код

  • оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Презентация

Сабақтың ортасы

6-15 мин

15-25 мин

26-36 мин

  • Жаңа тақырып: Алгоритмді әзірлеу

Мұғалім оқушыларға алгоритмді жазудың түрлері туралы толық мағлұмат береді.

Алгоритм жазылуының әрбір түрдің ерекшеліктерін сыныппен бірге талқылайды

  • вербалды – алгоритмнің ауызша тілде сипатталауы;
  • символдық – алгоритмнің символдар жиынтығы арқылы сипатталуы;
  • графикалық – алгоритмнің графиктік фигуралар көмегімен сипатталуы
  • Жаңа тақырып: Алгоритмді әзірлеу (жалғасы)

Оқушыларға есепті шығаруда Программа жасаудың кіріктірілген ортасының компоненттерін қалай тиімді пайдалануға болатыны туралы, яғни қосымшаның интерфейсіне қойылатын талаптарды белгілі бір есеп шығару арқылы талқылау. Интерфейстің үлгісін алдымен қағазда немесе компьютерде жасап алудың маңыздылығын түсіндіру.

Мысалы: Егер де азық-түлік өнімдерінің бағасы (мысалы, килограммға) белгілі болса, онда төленетін ақшаны есептейтін қосымша құру.

Интерфейс талаптары:

  • ПҚКО компоненттерінен енгізу операциясы үшін компонент таңдай алады
  • ПҚКО компоненттерінен шығару операциясы үшін компонент таңдай алады
  • ПҚКО компоненттерінен есептеу операциясы үшін компонент таңдай алады
  • Түсінікті интерфейс үшін компоненттерді таңдай алады
  • Программа жұмысын алдын-ала болжай алады

Критерий:

  • ПҚКО компоненттерін тиімді пайдалана алады
  • Түсінікті интерфейс жасай алады
  • Программа жұмысын алдын-ала болжай алады
  • Жеке жұмыс істеу (қалыптастырушы бағалау)

Оқушылар жоғарыдағы есептің шығарылу компьютерде іске асырады

Критерийлер:

  • ПҚКО компоненттерінен енгізу/шығару операциясы үшін компонент таңдай алады
  • ПҚКО ортасында есептеу операциясы формула жаза алады
  • Программа жұмысын тексеріп, қателерді түзете алады

Өзара бағалау. Оқушылар өз жұмыстарының нәтижелесін критерий арқылы бағалайды

Презентация

Таратпа

Сабақтың соңы

37-40 мин

  • Ауызша рефлексия.

Не жақсы жасалды? Қандай сұрақтар пайда болды?

Презентация

Қосымша ақпарат

ДифференциацияСіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушылар есептерді шешу барысында қабілеті төменірек оқушыларға көмек береді, консультация жасайды.

Сабақ барысында оқушылардың ауызша және жазбаша жауаптары бағаланады.

Оқушылар өз жұмыстарының нәтижесін критерий бойынша бағалайды

Жұппен жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу