Параметрлі цикл. Информатика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Параметрлі цикл
Оқыту мақсаты
- 8.3.3.1- таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыныңда қолдану
for (циклдің басындағы іс-әрекет;
циклді жалғастыру шарты;
цилдің әрбір итерация аяғындағы іс-әрекет) {
цикл нұсқаулығы;
2 цикл нұсқаулығы;
N цикл нұсқаулығы;
}
Цикл итерациясы деп осы циклдің бір рет орындалуын айтады.
Жалпы түрі:
for (санауыш = мән; санауыш < мән; цикл қадамы) {
цикл денесі;
}
Цикл санауышы — берілген циклдің өту санын сақтайтын айнымалы.
ТАПСЫРМА
Қосындыны есепте:
s = 1 + 2 + 3 + ... +1000 , егер п белгілі болса, параметрлі циклді пайдалану арқылы есепті шығар.
Есепті шешу алгоритмі:
- Қосынды шамасын 0 деп алу, яғни s айнымалысының мәні 0 (s :=0).
- Айнымалы i үшін 1 мәнін меншіктеу (i :=1).
- Қосындыға i мәнін қосып отыру (s := s + i).
- Әрбір итерация сайын i мәнін 1 бірлікке арттырып отыру (i:= i + 1).
- Қажетті n мәніне жеткенге дейін 3 және 4 пункттерді қайталай беру.
#include <iostream>
using namespace std;
int main()
{
int i; // цикл санауышы
int sum = 0; // 1 ден 1000 дейінгі сандардың қосындысын анықтайтын айнымалы.
for (i = 1; i <= 1000; i++) // бастапқы мән 1, соңғы мән 1000 цикл қадам - 1.
{
sum = sum + i;
}
cout << «1 ден 1000 дейінгі сандардың қосындысы = " << sum << endl;
return 0;
}
ШАХМАТ ҚҰРАСТЫРУШЫСЫ ТУРАЛЫ АҢЫЗ
Шахмат тақтасындағы дәндер туралы есеп - егер тақтаның әрбір келесі торына біреуден бастап алдыңғы торға қарағанда дәннен екі есе көп қойса, жалпы шахмат тақтасындағы дән қанша болатынын есептейтін математикалық есеп.
Ертеде шахмат ойынына таңданған индия ханзадасы Сирам, оның құрастырушысы ғалым Сетаны өзіне шақырып, былай деді:
- Осындай ғажап ойын үшін мен сені лайықты марапаттағым келеді. Сенің кез-келген тілегіңді орындауға шамам жетеді.
Сета ханзадаға шахмат тақтасының бірінші торына 1 бидай, ал екіншісіне 2 бидай, үшіншісіне 4 бидай және т.с.с. салуын өтінді.
Егер әрбір келесі торға алдыңғы тордан екі есе артық бидай салатын болсақ, шахмат тақтасында қанша бидай болады?
Математикалық сұлбасы:
1 + 2 + 4 + 8 + 16 + ... =
= 1 + 1∙2 +2∙2 +4∙2 +8∙2 + ...=
Жағдаяттық сұрақ: Сетаның қалауын ханзада Сирам орындай алды ма?
Шахмат жасаушы ел билеушісіне өзінің өнертабысын көрсеткенде, оған ойын ұнады, ол өнертапқышқа марапатты өзі таңдау құқығын берді. Данышпан патшадан шахмат тақтасының бірінші торы үшін оған бір бидай дәнін (басқа нұсқасы бойынша — күріш), екінші — екі, үшінші — төрт және т.б. қойғанда, жалпы қанша дән шықса, сонша ақша төлеуді сұрады. Математикадан хабары жоқ билеуші тез келісті, тіпті өнертабыстың осындай жоғары емес бағасына ренжіп, қазынашыға астықтың қажетті мөлшерін есептеп, өнертапқышқа беруге бұйрық берді. Алайда, бір аптадан кейін қазынашы әлі де дәннің қанша қажет екенін санай алмады, билеуші мұндай кідірістің себебі неде деп сұрады. Қазынашы оған көрсетті есеп айырысу мүмкін емес екенін айтты. Ел билеуші оны алдауға тырысқан өнертапқыштан кек алу үшін, әрбір астық дәнін есептеу арқылы онымен адал есеп айырысуға бұйрық береді
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?