Параметрлі цикл. Информатика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Параметрлі цикл

Сабақ мақсаттары:

1. есептің алгоритмдік моделін параметрлі цикл арқылы құру 2. блок-схема түрінде тапсырманың шешімін құру 3. бағдарламалау тілінде параметрлі циклді пайдаланып есептер шығару

Цикл - бұл операторлардың (командалардың) бірнеше рет орындалатын тізбегі.

Циклдық алгоритм - бір немесе бірнеше циклден тұратын алгоритм.

Параметрлі цикл егер қандай да бір әрекеттер тізбегін бірнеше рет қайталау қажет болса және қайталау саны алдын-ала белгілі болған жағдайда пайдаланылады.

Параметрлі циклді қандай жағдайларда таңдау қажет?

Егер тапсырмада бірдей (немесе ұқсас) әрекеттер қайталанатын болса, параметрлі циклді пайдалану керек.

Егер қайталау саны цикл басталғанға дейін анық белгілі болса, параметрлі циклді пайдалану керек

Параметрлі цикл: For ... todo

Параметрлі цикл жазылуы

for <есептегіш> := <мән1> to <соңғы_мән> do

Begin

…<цикл денесі>

end;

Мысал: Пернетақтадан енгізілген барлық сандарды (1.. N) шығару

program example_for;

var

i, N: integer;

begin

read(N); {енгізілген сандар саны – 6 болсын}

for i := 1 to N do write(i, ' ');

end.

Тапсырма: FOR параметрлі циклін пайдалана отырып, "1-ден n-ге дейінгі барлық нақты сандардың қосындысын табу"

  • Блок-схемасын сызыңыз және осы циклдың жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.

Бағдарламалау тілінде кодын жазып, тексеріңіз

ТАПСЫРМАЛАР

Оқушылар таратпа материалдағы әртүрлі қиындықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындайды

Оқушылар бірнеше тапсырманы (кем дегенде 3) таңдайды:

  • бір тапсырма үшін блок-схеманы құрастырады
  • ал қалған 2 тапсырмалар үшін параметрлі циклді қолданып бағдарлама жазады (барлығы 6 тапсырма-бірінші 2-қарапайым тапсырма, келесі 2 – орта күрделілік деңгейдегі, соңғы 2 – жоғары күрделілік деңгейдегі)
  • -5-тен 10-ға дейінгі сандардың қосындысын есепте
  • 1-ден 30-ға дейінгі сандардың көбейтіндісін есепте. Қадам саны – 3
  • 1-ден 7-ге дейінгі сандар квадраттарын есептеу.
  • А және В екі нақты санының ең үлкен ортақ бөлгішін анықтау
  • 3-ке қалдықсыз бөлінетін 6-дан 60-қа дейінгі аралығындағы сандардың қосындысын
  • Келесі өрнектің мәнін есептеңіз: y=1+1/2+1/3+... +1/20.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу