Параметрлі цикл. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А бөлім - Программаларды әзірлеудің кіріктірілген орталары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Параметрлі цикл

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.3.1 таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыныңда қолдану (С/С++, Python, Delphi, Lazarus)

Сабақ мақсаты

  • есептің алгоритмдік моделін параметрлі цикл арқылы құру
  • блок-схема түрінде тапсырманың шешімін құру
  • программалау тілінде параметрлі циклді пайдаланып есептер шығару

Бағалау критерийлері

  • есептің алгоритмдік моделін параметрлі цикл арқылы құра алады
  • блок-схема түрінде тапсырманың шешімін құра алады
  • программалау тілінде параметрлі циклді пайдаланып есептер шығара алады

Тілдік мақсаттар

Пәндік терминология:

  • Айнымалылар, алгоритмдік құрылым, циклдік алгоритм, блок-схема, программалық код, мәндерді тестілеу, параметрлі цикл

Оқу және жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Алгоритмдік құрылым түрлері........
  • Цикл дегеніміз .............
  • Циклдік алгоритмдердің түрлері ………
  • Тапсырмаларды шешу үшін ...
  • Тапсырмаларды тестілеу-бұл.....
  • Блок-схема-бұл.....

Құндылықтарды дарыту

1. Құрметтеу: топтық жұмыс кезінде жұптық қарым-қатынастарды дамытуды қамтиды

2. Академиялық адалдық: академиялық адалдық принциптерін сақтауға негізделген басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.

3. Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Математика

Бастапқы білім

Алгоритм тұжырымдамасы, алгоритмді жазу түрлері, блок-схема, сызықтық және тармақталу құрылымдары

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері:

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

0-2 мин

  • Миға шабуыл

Оқушыларға суреттер көрсету және келесі сұрақтарға жауап беруді сұрау:

1.Сіз қандай процестерді көресіз? (қайталанатын әрекеттер процесі)

2. Осы іс-әрекеттерді информатика пәнімен қалай байланыстыруға болады

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады

Презентация

Сабақтың ортасы

3-7 мин

8-15 мин

16-25 мин

26-36 мин

  • Сыныппен жұмыс: дискуссия

Келесі есептерді қандай құрылымдарға жатқызуға болады:

1. Пернетақтадан енгізілген сандардың квадратын экранға шығару

2. Бірнеше дәптерлер мен қарындаштарды сатып алу құнын есептеу

3. Егер пернетақтадан енгізілген сан 5-ке бөлінетін болса, онда "сәттілік" сөзін шығару

4. Жылдағы жұп күндер санын анықтау

  • Жаңа тақырыпқа кіріспе

Оқушылар тірек сызба бойынша цикл анықтамасын және параметрлі цикл анықтамасын құрайды және дәптерге жазады

Түйін сөздер: қайталану, бір реттен артық, қайталану саны алдын ала белгілі

Оқушылар жұпта өмірден параметрлі циклдік алгоритмдерге мысалдар келтіреді. Жауап беруге тиіс сұрақ:

  • қашан тексеріледі
  • қандай шарт
  • қайталау саны алдын-ала белгілі ме
  • Жаңа тақырып

Оқушыларға қандай жағдайда параметрлі циклді тиімді пайдалану керектігін көрсету (есепті блок-схема арқылы 1 мысалмен талдау)

  • Жұппен жұмыс істеу (қалыптастырушы бағалау)

Оқушылар жұппен 1 есепті талдайды

Өзара бағалау. Студенттер өз жұмыстарының нәтижелерімен бөліседі және өзара бағалау жүргізеді: оқушылар жұмыстарынң нәтижесін бір-біріне түсіндіреді

  • Жеке жұмыс

Оқушылар таратпа материалдағы әртүрлі қиындықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындайды

Оқушылар бірнеше тапсырманы (кем дегенде 3) таңдайды:

  • бір тапсырма үшін блок-схеманы құрастырады
  • ал қалған 2 тапсырмалар үшін параметрлі циклді қолданып программа жазады (барлығы 6 тапсырма-бірінші 2-қарапайым тапсырма, келесі 2 – орта күрделілік деңгейдегі, соңғы 2 – жоғары күрделілік деңгейдегі)

Презентация

Деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың соңы

37-40 мин

  • Рефлексия.

Сабақтың мақсатына оралу:

  • Не сәтті болды?
  • Не сәтсіз?

Сабақтың жазбаша рефлексиясы.Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:

! Жақсы түсіндім

? Сұрағым бар

Презентация

Қосымша ақпарат

ДифференциацияСіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушылар есептерді шешу барысында қабілеті төменірек оқушыларға көмек береді, консультация жасайды.

Сабақ барысында ауызша және жазбаша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды жұпта және сыныппен талқылайды

Жұппен жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу