Тармақталу операторы. Информатика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Программалау барысында белгілі бір жағдайға байланысты қандай операцияны орындау керектігін таңдау қажет болған жағдайлар кездеседі.Мысалы, пернетақтадан бүтін сан енгіземіз. Егер бұл санның мәні оннан асса, онда программа бір әрекетті орындау керек, әйтпесе – басқа әрекет. Бұл алгоритмді C ++-те тармақталу құрылымның көмегімен жүзеге асырамыз.

  • if операторы
  • Тармақталу құрылымының мысалы

#include <iostream>

using namespace std;

int main()

{

setlocale(0, "");

double num;

cout << "кез-келген санды енгіз: ";

cin >> num;

if (num < 10) { // егер енгізілген сан мәні 10-нан кем болса.

cout << "Бұл санның мәні 10 кем." << endl;

} else { // иначе

cout << "Бұл санның мәні 10 тең немесе үлкен." << endl;

}

return 0;

}

Егер сіз осы программаны іске қоссаңыз, онда оннан аз санды енгізген кезде тиісті хабарлама көрсетілетін болады.Егер енгізілген сан мәні оннан үлкен немесе тең болса, басқа хабарлама көрсетіледі.

if операторы

if операторы қандай да бір шарт ақиқат болса, операцияны орындауға мүмкіндік береді.  С++ программасындағы шартты құрылым әрқашан дөңгелек жақшада if операторынан соң жазылады.

Дөңгелек жақшалар ішінде шарт көрсетіледі. Егер шарт орындалса, жақшалар арасындағы барлық командалардың орындалуы басталады.

Тармақталу құрылымының мысалы

if (num < 10) { // егер енгізілген сан мәні 10 кіші.

cout << "Бұл сан 10 кіші." << endl;

} else { // әйтпесе

cout << "Бұл сан 10-ға тең немесе одан үлкен." << endl;

}

Мұнда: «Егер айнымалы num мәні  10 кіші — сәйкес хабарламаны шығару. Әйтпесе, басқа хабарлама шығару».

Осы программаны одан да жақсартайық, яғни, егер сан 10 тең болса, сәйкес хабарлама шығатын болсын:

if (num < 10) { // егер енгізілген сан мәні 10 кіші.

cout << " Бұл сан 10 кіші." << endl;

} else if (num == 10) {

cout << " Бұл сан тура 10." << endl;

} else { // әйтпесе

cout << " Бұл сан 10-нан үлкен." << endl;

}

Бұл жағдайда біз 3 шартты тексереміз:

  • Біріншіден, енгізілген сан 10-нан аз болғанда
  • Екінші - егер сан 10 болса
  • Үшіншіден, егер сан оннан асатын болса

Ескерту! Екінші жағдайда, теңдікті тексергенде, біз теңдік операторы == пайдаланамыз, ол тағайындау операторы емес, өйткені біз тексеру кезінде айнымалы мәнін өзгертпейміз, бірақ оның ағымдағы мәнін 10 санымен салыстырамыз.

  • Егер тағайындау операторы шартқа қойылса, шартты тексерген кезде айнымалы мәні өзгереді, содан кейін бұл шарт орындалады.

Әрбір  if операторына тек бір ғана  else операторы сәйкес келеді. Егер бұл операторлар — else if  болып кездессе, онда алдыңғы шарт орындалмаған жағдайда ғана тексерілетін болады. Егер бір де бір шарт орындалмайтын болса   else операторынан соң тұрған есеп орындалады.

Егер ifelse операторларынан кейін немесе else if операторынан кейін тек 1 ғана команда тұрса, онда фигуралы жақшаны қоймай ақ коюға болады. Алдыңғы программаны мынадай етіп жазуға да болады:

#include <iostream>

using namespace std;

int main()

{

setlocale(0, "");

double num;

cout << "Кез-келген санды енгізіңіз: ";

cin >> num;

if (num < 10) // егер енгізілген сан мәні 10 кіші.

cout << " Бұл сан 10 кіші." << endl;

else if (num == 10)

cout << " Бұл сан тура 10." << endl;

else // иначе

cout << " Бұл сан 10-нан үлкен." << endl;

return 0;

}

Бұл жазу әдісі ықшамды болып көрінеді. Егер шарт бойынша бірден көп тапсырманы орындау қажет болса, онда жақшалар қажет. Мысалы:

#include <iostream>

using namespace std;

int main()

{

setlocale(0, "");

double num;

int k;

cout << " Кез-келген санды енгізіңіз: ";

cin >> num;

if (num < 10) { // егер енгізілген сан мәні 10 кіші.

cout << " Бұл сан 10 кіші." << endl;

k = 1;

} else if (num == 10) {

cout << " Бұл сан тура 10." << endl;

k = 2;

} else { // әйтпесе

cout << " Бұл сан 10-нан үлкен." << endl;

k = 3;

}

cout << "k = " << k << endl;

return 0;

}

Бұл программа айнымалы num мәнін тексереді. Егер ол 10 кіші болса, онда ол k айнымалысының мәнін бірге арттырады. Егер айнымалы num  мәні он болса, онда k айнымалымысының мәні екі болып тағайындалады. Әйтпесе - үш. Тармақталу орындалған соң k айнымалысының мәні көрсетіледі.

Программалық тілді пайдалана отырып шығаруға тапсырмалар

Тапсырма 1. Санды енгізіп, оның тақ немесе жұп екенін анықтаңыз.

Тапсырма 2. Санды енгізіңіз де, анықтаңыз – бұл сан оң, теріс немесе нөлге тең?

Тапсырма 3. N нақты саны берілген, N-ші ай жылдың қандай маусымына жататынын анықтаңыз. Шарт операторы арқылы ұсынылған мәселені шешуге арналған код фрагментін жазыңыз.

ҚОСЫМША

  • Консольден x және y екі сан енгізіңіз. Осы сандардың екеуін салыстыру және олардың үлкенін көрсету. Егер сандар тең болса, «Сандар тең» хабарламасын шығарыңыз.
  • Консольден X санын енгізіңіз:егер ол 5-тен аз болса, Y = X * 2 есептеңізегер ол 5-тен үлкен болса, Y = X + 5 есептеңізегер ол 5 болса, «Error Repeat»
  • Іздеуде 35 жастағы және одан да жасы асқан адам. Егер табылған адам сипаттамаға сәйкес келсе «күдікті» әйтпесе «кінәсіз» сөзін шығарыңыз.Консоль алдымен жасты, содан кейін жынысты оқиды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу