Программа құрудың кіріктірілген ортасының компоненттері. Информатика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Есепті шешу кезеңдері:
1. Есептердің қойылымы (анықтау қажет: не берілген, нені табу керек).2. Математикалық немесе ақпараттық моделдеу (есеп компьютерде шешілуі үшін, есептің математикалық моделін құру) .3. Алгоритм құру(блок - схема).4. Программалау.5. Тестілеу және программаны жөндеу. .6. Жөнделген программаның орындалуы және нәтижені талдау.
С++ программалау тілі
Программаланың орындалу барысында мәні өзгеретін шамалар айнымалылар деп аталады.
С/С++ тілінде кез келген айнымалы оны қолданғанға дейін анықталуы керек. Мысалы,
int fahr,celsius;
int lower,upper,step;
Мұндағы int типі көрсетілген айнымалылардың мәні бүтін екенін білдіреді, ал, float бөлшек бөлігі бар мәндер.
Мәліметтерді өңдеу кез-келген программаның негізгі мақсаты болып табылады. Әр түрлі типтегі мәліметтер әр түрлі сақталады және өңделеді.
Негізгі мәліметтер типтерін сипаттау үшін келесі түйінді сөздер анықталған:
- int (бүтін);
- char (символды);
- wchar_t (кеңейтілген символды);
- bool (логикалық);
- float (нақты);
- double (екілік нақты).
Бастапқы төртеуі–бүтін санды сақтау үшін, ал қалғаны-қалқымалы нүктелі сандарды сақтау үшін арналған.
С++ тіліндегі негізгі мәліметтер типі
- int — мәліметтердің бүтін типі.
- double — мәліметтердің нақты типі
- char — мәліметтердің символдық типі.
- bool — мәліметтердің логикалық типі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?