Программа құрудың кіріктірілген ортасының компоненттері. Информатика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Есепті шешу кезеңдері:

1. Есептердің қойылымы (анықтау қажет: не берілген, нені табу керек).2. Математикалық немесе ақпараттық моделдеу (есеп компьютерде шешілуі үшін, есептің математикалық моделін құру) .3. Алгоритм құру(блок - схема).4. Программалау.5. Тестілеу және программаны жөндеу. .6. Жөнделген программаның орындалуы және нәтижені талдау.

С++ программалау тілі

Программаланың орындалу барысында мәні өзгеретін шамалар айнымалылар деп аталады.

С/С++ тілінде кез келген айнымалы оны қолданғанға дейін анықталуы керек. Мысалы,

int fahr,celsius;

int lower,upper,step;

Мұндағы int типі көрсетілген айнымалылардың мәні бүтін екенін білдіреді, ал, float бөлшек бөлігі бар мәндер.

Мәліметтерді өңдеу кез-келген программаның негізгі мақсаты болып табылады. Әр түрлі типтегі мәліметтер әр түрлі сақталады және өңделеді.

Негізгі мәліметтер типтерін сипаттау үшін келесі түйінді сөздер анықталған:

    • int (бүтін);
    • char (символды);
    • wchar_t (кеңейтілген символды);
    • bool (логикалық);
    • float (нақты);
    • double (екілік нақты).

Бастапқы төртеуі–бүтін санды сақтау үшін, ал қалғаны-қалқымалы нүктелі сандарды сақтау үшін арналған.

С++ тіліндегі негізгі мәліметтер типі

  • int — мәліметтердің бүтін типі.
  • double — мәліметтердің нақты типі
  • char — мәліметтердің символдық типі.
  • bool — мәліметтердің логикалық типі.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу