Программа құрудың кіріктірілген ортасының компоненттері. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А бөлім - Программаларды әзірлеудің кіріктірілген орталары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатысушылар саны:

Сабақ тақырыбы

Программа құрудың кіріктірілген ортасының компоненттері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.3.3.2- программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін білу және қолдану

Сабақ мақсаты

  • Алгоритмнің блок-схемасын талдай алу
  • С++ тілінде мәліметтер типін түсіну және қолдану дағдысын дамыту

Жетістік критерийлері

  • Берілген блок-схемаға сай есептің шешімін талдай алады
  • Айнымалыларды сипаттау үшін бүтін және нақты мәліметтер типін қолдана алады
  • Формулаларды программалау тіліне айналдыра алады

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер:

Блок-схема, сызықтық алгоритм, айнымалылар, тұрақтылар, мәліметтер типі, int — бүтін тип, double — нақты тип, char — символды тип, bool — логикалық тип.

Академиялық тілді дамыту үшін қолданылатын сөз тіркестері:

Мәліметтер типінің мысалы болып....

Құндылықтар

Сыйластық, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылыққа баулу, сонымен бірге ашықтық оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады; осындай жұмыстың мақсатына қоса пәндік білімнің қалыптасуымен көпшіл тұлға ретінде шығармашылықпен және сыни ойлай ала білетін, ұжымда жұмыс істеуге дайын және ел алдында көрсетілім мен талқылау үшін ұжымдық жұмыстың нәтижесін көрсете алатындай әр оқушының әрі қарай дамуы болып табылады. Жеке жұмыс көлемінде тапсырманы орындау «Академиялық адалдық» құндылығына негізделеді.

Пәнаралық байланыс

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Ойын программалау ортасында жұмыс жасау

Осыған дейін меңгерілген білім

Алгоритм түсінігі. Блок-схема құрастыру.

Сабақ барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 мин

  • Миға шабуыл.

Оқушылармен бірге блок-схеманы қарастыру (Қосымша 1) және оның нәтижесін анықтау

2) Оқушыларға жұппен қарастыруға блок-схема беріледі. Оқушылар блок-схеманы талдап, есептің берілгенін анықтау қажет.

Қосымша 1

Таратпа материал

Сабақтың ортасы

11-25 мин

26-37 мин

  • Жұптық жұмыс: Деңгейлік тапсырмалар

Есептің блок-схемасын жазу және талдау:

Тапсырма №1

Кездейсоқ 2 санды енгізу, осы сандарының қосындысы және көбейтіндісін табыңыз.

Тапсырма №2

Екі айнымалы берілген. Үшінші (буфер) айнымалыны пайдаланып, екі айнымалынің мәндерін алмастырыңыз.

Тапсырма №3

Келесі мысалы берілген: Ұйымға цилиндрлік цистерналарды бояу сұралды. Олар цилиндрлердің сыртқы жағының жоғарғы бөлігін және қабырғаларын ғана бояуы қажет.

Ұйымға бояу үшін қанша бояудың қажет екенін анықтайтын программа қажет.

  • Компьютерде жеке жұмыс.

Оқушылар жоғарыда жұпта орындаған тапсырмалардың (блок-схема) жекелей программалық кодтарын жазады

Бірін-бірі бағалау. Оқшылар өз жұмыстарымен алмасып, бір-бірін тексереді.

Программалау тілі

Мұғалімнің бақылауы

Сабақтың соңы

38-40 мин

Сабақты қорытындылау.

Оқушылар 1 минут бойы сабақ туралы ойларын тоқтамай жазады. Уақыт болса, 1-2 оқушы өз жазбаларын оқиды.

Сабақты қорытындылайды.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Жұптық жұмыс – сыныптастарының қолдауы.

Қажет болса, мұғалімнің көмегі.

Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға күрделірек/қызық болып көрінетін өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта дифференциациялаудың негізгі принципі – күрделендіру.

Топтық жұмыстың нәтижесін бағалау үшін топтардың бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Сабақ соңында рефлексия өткізу арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды.

Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, мысалы, экранды, пернетақта мен тышқанды қосу кезінде абай болуды; денсаулыққа қауіп төндіретіндіктен сымдардан сақ болуды еске салу.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қосымша 1



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу