Программалық қамтамасыз етудің жіктелуі. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А бөлім - Программаларды әзірлеудің кіріктірілген орталары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Программалық қамтамасыз етудің жіктелуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)

8.1.2.1 жүйелік, қолданбалы программалық қамтамасыз ету және программалау жүйесін ажырату

Сабақ мақсаты

  • компьютерлік жүйедегі программалық қамсыздандырудың мақсатын біледі
  • жүйелік, қолданбалы программалық қамтамасыз ету және программалау жүйесін ажыратады
  • программалық жасақтаманы пайдалану мысалын келтіре алады

Бағалау критерийлері

  • Программалық жасақтаманың мақсаты туралы білу
  • Мәселелерді шешуде әртүрлі программаларды ұсына алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Программа типтеріне мысалдар келтіреді
  • Түрлі программа типтерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайды

Арнайы лексика және терминология:

  • Жүйелік программалық қамтамасыз ету, қолданбалы программалық қамтамасыз ету, программалау жүйелері

Диалог және жазу үшін пайдалы сөз тіркесі:

  • Келесі есепті шешу үшін ...... программалық жасақтамасын пайдалануға болады
  • Жүйелік программалық қамтамасыз ету дегеніміз .....
  • Қолданбалы программалық қамтамасыз ету дегеніміз ....

Құндылықтарды дарыту

Жеке тапсырмаларды орындау барысында бастамашы, креативті және шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған дағдылық құндылықтар жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Қолданбалы есептерді шығаруда әртүрлі білім салаларын пайдалану

Бастапқы білім

Программалық қамсыздандыру түрлерін пайдалана алады

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері:

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

    • мин
  • Миға шабуыл

Оқушыларға әртүрлі программалық қамсыздандырулардың логотиптерін көрсету.

Оқушылар логотипі бойынша программалық жасақтаманың атауын, түрін және функцияларын анықтайды.

Мысалы: Google браузері, Word мәтіндік редакторы

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады

Презентация

Сабақтың ортасы

6-10 мин

11-13 мин

14-24 мин

25-30 мин

31-37 мин

  • Сын тұрғысынан ойлауды белсендіру және дамыту:

Сұрақтар мен жауаптар:

  • Программалық жасақтама дегеніміз не?
  • Сіз әдетте қандай программалық жасақтаманы қолданасыз?
  • Жүйе мен қолданбалы программалық жасақтама арасындағы айырмашылық қандай?
  • Жаңа тақырыпқа кіріспе

Оқушылар программалық қамсыздандырудың анықтамасын өз бетінше құрастырады. Қате болған жағдайда мұғалім дұрыс нұсқаны көрсетеді.

  • Жаңа тақырыпты түсіндіру. Топтық жұмыс
  • Мұғалім ПЖ түрлерімен таныстырады: «қолданбалы ПЖ», «жүйелік ПЖ» және «программалау жүйелері»
  • Оқушылар келесі программалық жасақтама санаттарына бөлінген плакатты жасайды:
    • «қолданбалы ПЖ»
  • «жүйелік ПЖ»
  • «программалау жүйелері»
  • Оқушылар нәтижелерді көрсетіп, бағалайды.
  • Жұппен жұмыс

Оқушыларға қарапайым ситуациялар ұсынылады. Ситуацияларды оқушылар жұпта талқылап, оның шешімін ұсынады.

Ситуациялар:

  • Кәсіпқой видеотмонтаждаушы болғысы келетін адамға қандай ПЖ түрін ұсынар едіңіз, неге? ПЖ мысалын келтіріңіз
  • Медицина саласында УДЗ аппаратымен жұмыс істейтін маманға қандай ПЖ түрін ұсынар едіңіз, неге?
  • Компьютерде қарапайым сурет салып үйренгісі келетін қолданушыға қандай ПЖ түрін ұсынар едіңіз, неге? ПЖ мысалын келтіріңіз

Бағалау:

  • мұғалімнің бақылауы;
  • жұмыс істеп тұрған қосымша интерфейсін дескрипторлармен бағалау

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Программалық жасақтамаға талдау жасай алу

Оқушылар таңдалған ситуацияға сәйкес ПЖ түрін ұсына алады. Өз шешімін дәлелдейді

Презентация

Сабақтың соңы

38-40 мин

  • Рефлексия.

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.

  • Программалық қамтамасыз ету дегеніміз не?
  • ПЖ қанша түрі бар, қызметтерін анықта.

Презентация

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушылар есептерді шешу барысында қабілеті төменірек оқушыларға көмек береді, консультация жасайды.

Сабақ барысында ауызша және жазбаша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды жұпта және сыныппен талқылайды

Жұппен жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу