Программалық қамтамасыз етудің жіктелуі. Информатика, 8 сынып, қосымша материал.
Программалық қамтамасыз ету
Компьюетрлік Программалық қамтамасыз ету келесідей жіктеледі
ЖҮЙЕЛІК ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА
Жүйелік программалық жасақтама — дербес компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жасақтама.
Операциялық жүйе (ОЖ) — құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтыгы. ОЖ программалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен программалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т.б.
Драйверлер компьютерді басқаратын операциялық жүйелердің (Wіndows, Unіcs, т.б.) cыртқы құрылғылармен (принтер, сканер, флеш-карта, пернетақта, т.б.) байланысын орнатуы арқылы олардың мәлімет алмасу процесін қадағалап, дұрыс жұмыс атқаруын жүзеге асырады.
Утилиттер (утилиты; utility program) - операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтетін қосалқы Программалар: файлдарды басқаратын, компьютер туралы мәлімет беретін Программалар, құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру, жиі ұшырасатын жұмыс екпінін бәсеңдететін мәселелерді шешу, оларды аластау, компьютердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, дискідегі мәліметтерді динамикалық түрде қысу, архивтеу, дискілерді ықшамдау және т.б. программалар. Олар каталогтар мен файлдарды басқару, кездейсоқ жойылған файлдарды қалпына келтіру, вирустан сақтану, компьютер туралы мәлімет алу, дискідегі файлдардың біртұтастығын сақтау, файлдарды парольмен қорғау тәрізді әрекеттерді орындайды.
ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА
Қолданбалы программалық жасақтама (ҚПЖ) — әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалардан тұратын программалық жасақтама бөлігі.
Оның құрамына төмендегідей:
- жалпы мақсаттағы;
- Арнайы мақсаттарға бағытталған ;
- Тапсырысқа дайынлдалған
.
Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар:
- мәтіндік редакторлар
- графикалық редакторлар;
- электрондық кестелер;
- мәліметтер қорын басқару жүйелері;
- электрондық презентациялар және т.с.с.
Арнайы мақсаттарға бағытталған программалық жабдықтар — белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық кұралдарға:
- жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);
- таңбаларды айыру жүйелері;
- статистикалық, қаржылық-аналитикалық жүйелер; ғылыми-зерттеу жүйелері.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?