Қолданбалы есептерді шешу. Информатика, 8 сынып, қосымша материал.
«Қолданбалы есептерді шешу» сабағына методикалық нұсқаулық
Сабақта қарастырылатын оқу мақсаттары 8.2.2.3 - электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кірістірілген функцияларды қолдану
Сабақта жаңа материалды беруде уақыт тиімділігін арттыру үшін топтық жұмыс ұйымдастырыңыз.
Студенттер негізгі теориялық білімді топтық зерттеу жұмысы арқылы алады.
1-топ. Логикалық функциялар
2-топ. Мәтіндік функциялар
3-топ. Математикалық функциялар
4-топ. Инженерлік функциялар
Оқушылардың білімдерін тиянақтап бекіту үшін практикалық тапсырмалар орындатыңыз:
- Негізгі қорларды қайта бағалау бойынша жиынтық ведомостін құрастыру қажет.
- Қаланың аудандары бойынша салықтардың түсуiн есептеу.
Уақытта тиімді пайдалану мақсатында тапсырма үлгілерін MSExcel бағдарламасында алдын-ала дайындап қойыңыз.
Қабілеті жоғары оқушылар сабақ материалын ерте аяқтап қойған жағдайда, қосымша тапсырма беріңіз:
Қоймада "тұрып қалған" тауарлар тобы бар, яғни оның сақтау мерзімі аяқталуға жақын, яғни оларға қайта бағалау жүргізу, акцияға қосу немесе бағаны 2 есе төмендетіп, жеңілдік жасау қажет.
3 шартты негізге алуымыз қажет:
- Егер тауарды сақтау мерзімі 8 ай және одан да көп болса, сатылымды көбейту үшін акцияларды енгізу қажет;
- Егер сақтау мерзімі 10 ай болса, осы топтағы барлық тауарларға 50% жеңілдік жасаймыз;
- Сақтау мерзімі 12 айға жеткен жағдайда, бағаны екі есе кемітеміз және сақтау мерзімі аяқталғанға дейін қоймадан қалдықтарды алып тастаймыз.
Осы шарттарды ескере отырып, электрондық кестеде есептеулер жүргізіңіз
Сабақта пайдаланған ресурстары:
Excel ортасында графиктерді салу:
http://excelpractic.ru/kak-postroit-grafik-v-excel.html
Графиктерді салу:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?