Қолданбалы есептерді шешу. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Қысқамерзімді сабақ жоспары
Ұзакмерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 3 Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Қолданбалы есептерді шешу | |||||||||
Оқу мақсаты | 8.2.2.3 - электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кірістірілген функцияларды қолдану | |||||||||
Сабақ мақсаты | MS Excel- де кіріктірілген функцияларды (математикалық, статистикалық, логикалық) қолдана отырып есеп шығару. | |||||||||
Бағалау критерилері: | Кіріктірілген функцияларды қолданып, шығарылған есептедің қорытындыларынан ұяшықтың мәнін таба біледі. Есептерді шығару үшін формулаларды қолдана біледі. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Функциялардың қолдану ережелерін түсіндіре біледі, Формула мен функциялардың жазылу синтаксисін түсіндіре алады. | |||||||||
Дағдылық құндылықтар
| Жұптық тапсырмаларды орындау барысында достық қарым-қатынастарды дамытып, ынтымақтастық дағдылар орнатып, сындарлы көзқарас пен сыни ой дамытылуға бағытталған дағдылық құндылықтар қарым-қатынас арқылы дамытылады. . Академиялық адалдық: басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу академиялық адалдық принциптерін сақтаудан тұрады. | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика | |||||||||
Бастапқы білімдері: | абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді қолдана білу. | |||||||||
Сабақ барысы: | ||||||||||
Сабақ кезеңдері: | Сабақта орындалатын іс-әрекеттер | Оқу ресурстары | ||||||||
Кіріспе бөлім 0-3 мин | 1.Ұйымдастыру бөлімі Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын айқындау. Оқушылар сабақ мақсаты мен бағалау критерилерін дәптерлеріне жазады.
| Презентация | ||||||||
Негізгі бөлім 4-15 мин | 2. (ҚБ) Топтық зерттеу жұмысы. Оқушыларды 4 топқа бөліп, оларға берілген тақырып бойынша ақпараттармен таныстыру тапсырмасы беріледі: 1-топ. Логикалық функциялар 2-топ. Мәтіндік функциялар 3-топ. Математикалық функциялар 4-топ. Инженерлік функциялар Әр топ өз жұмысының нәтижесін постер немесе презентация түрінде ұсынады. | Презентация | ||||||||
16-37 мин | 3. (ҚБ) Практикалық жұмыс Тапсырма: Логикалық функциялар қандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының “ =”, “>”, “<”, “<>” (тең емес), “>=” (үлкен немесе тең), “<= “ (кіші немесе тең) белгілері пайдаланылады. Төменде көрсетілген негізгі қорларды қайта бағалау бойынша жиынтық ведомостін құрастыру қажет. Статистикалық функциялар қолданып Қаланың аудандары бойынша салықтардың түсуiн есептеу. 2 суретдегі кестені құрастырыңыз. | Презентация | ||||||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | 4. Рефлексия: Оқушылар тақырыпты қорытындылау үшін және мұғалімге кері байланыс беру үшін сұрақтарға жауап береді. | Стикерлер | ||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз? | Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||
Жұптық/топтық жұмыс – сыныптастарының қолдауы. Қажет болса, мұғалімнің көмегі. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға күрделірек/қызық болып көрінетін өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта дифференциациялаудың негізгі принципі – күрделендіру. | Топтық жұмыстың нәтижесін бағалау үшін топтардың бірін-бірі бағалау ұсынылады. Сабақ соңында рефлексия өткізу арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды. | Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, мысалы, экранды, пернетақта мен тышқанды қосу кезінде абай болуды; денсаулыққа қауіп төндіретіндіктен сымдардан сақ болуды еске салу. | ||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?