Қолданбалы есептерді шешу. Информатика, 8 сынып, қосымша материал.
«Қолданбалы есептерді шешу» тақырыбындағы сабаққа әдістемелік нұсқаулық
Сабақ мақсаты: MS Excel- де кіріктірілген функцияларды (логикалық) қолдана отырып есеп шығару
Логикалық функциялар
Функция | Міндеті |
ЕСЛИ (егер) | Шарт бойынша амалды орындау. |
И (және) | Егер аргументтің барлық мәндері АҚИҚАТболса, онда нәтиже АҚИҚАТ мән қабылдайды, егер аргумент мәндерінің кемінде біреуі ЖАЛҒАН болса, онда нәтиже ЖАЛҒАН мәнін қабылдай. |
ИЛИ (немесе) | Берілген аргументтердің кемінде біреуі АҚИҚАТ мән қабылдаса АҚИҚАТболады; аргументтердің барлығы ЖАЛҒАН мән қабылдаған жағдайда ғанаЖАЛҒАН болады. |
СЧЁТЕСЛИ (санау егер) | шартқа жауап беретін ұяшықтар санын анықтау |
Логикалық функцияларды пайдалану мысалы:
Мысал 1.
Талапкерлер туралы келесі ақпаратты қамтыған кесте ұсынылған: фамилия және келесі пәндерден алған бағалары: математика, қазақ тілі және ағылшын тілі, сонымен қатар бұл кестеде барлық үш емиханнан жинаған баллдарының қосындысы және қабылдану туралы ақпараты болуы тиіс: егер баллдарының қосындысы өту балына тең немесе одан артық болса және математика пәнінен бағасы – 4 немесе 5 болған жағдайда талапкер оқу орнына қабылдана алады, әйтпесе қабылданбайды
- Әр талапкерлерге қандай хабарлама берер едіңіздер? Неліктен?
- Қандай функцияны қолданған тиімді деп ойлайсыздар?
Шешуі:
E3 ұяшығына келесі формуланы енгіземіз: СУММ (B3:D3) және осы формулаларды E4:E8 ұяшықтарына көшірмелейміз.
Логикалық ЖӘНЕ (И) операциясы арқылы жасалған шартты былайша түсіндіруге болады: баллдар қосындысы (E3) >= өту балынанан (C1) ЖӘНЕ (И) математикадан емтихан бағасы (B3) > 3 . Егер осы шарттар орындалса F3 ұяшығына «қабылданды» деген хабарлама, басқаша жағдайда – «қабылданған жок» деген хабарлама шығады.
F3 ұяшығына келесі формуланы енгізу қажет =ЕСЛИ(И (E3>=C1;B3>3); "қабылданды"; "қабылданған жоқ"). Өту балы үшін формулада C1 ұяшығының мәні пайдаланылатын болады. Бірақ формуланы көшірмелеу барысында C1 ұяшығының мәні өзгермейтін болғандықтан (өту балы барлық талапкерлер үшін бірдей және өзгермейтін шама), бұл ұяшықтың адресіне абсолютті сілтеме жасау қажет. Яғни формула:
=ЕСЛИ(И (E3>=$C$1;B3>3); "қабылданды"; "қабылданған жоқ").
Сонан соң, бұл формуланы F4:F6 ұяшықтарына көшірмелеу қажет. F бағанындағы формулалар төмендегідей болады:
=ЕСЛИ(И (E4>=$C$1;B4>3); "қабылданды"; "қабылданған жоқ")
=ЕСЛИ(И (E5>=$C$1;B5>3); "қабылданды"; "қабылданған жоқ")
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?