Қолданбалы есептерді шешу. Информатика, 8 сынып, дидактикалық материал.


«Қолданбалы есептерді шешу»

Сабақ мақсаты: MS Excel- де кіріктірілген функцияларды (логикалық) қолдана отырып есеп шығару

Мысал 1.

Талапкерлер туралы келесі ақпаратты қамтыған кесте ұсынылған: фамилия және келесі пәндерден алған бағалары: математика, қазақ тілі және ағылшын тілі, сонымен қатар бұл кестеде барлық үш емиханнан жинаған баллдарының қосындысы және қабылдану туралы ақпараты болуы тиіс: егер баллдарының қосындысы өту балына тең немесе одан артық болса және математика пәнінен бағасы – 4 немесе 5 болған жағдайда талапкер оқу орнына қабылдана алады, әйтпесе қабылданбайды

  • Әр талапкерлерге қандай хабарлама берер едіңіздер? Неліктен?
  • Қандай функцияны қолданған тиімді деп ойлайсыздар?

Шешуі:

E3 ұяшығына келесі формуланы енгіземіз: СУММ (B3:D3) және осы формулаларды E4:E8 ұяшықтарына көшірмелейміз.

Логикалық ЖӘНЕ (И) операциясы арқылы жасалған шартты былайша түсіндіруге болады: баллдар қосындысы (E3) >= өту балынанан (C1) ЖӘНЕ (И) математикадан емтихан бағасы (B3) > 3 . Егер осы шарттар орындалса F3 ұяшығына «қабылданды» деген хабарлама, басқаша жағдайда – «қабылданған жок» деген хабарлама шығады.

F3 ұяшығына келесі формуланы енгізу қажет =ЕСЛИ(И (E3>=C1;B3>3); "қабылданды"; "қабылданған жоқ"). Өту балы үшін формулада C1 ұяшығының мәні пайдаланылатын болады. Бірақ формуланы көшірмелеу барысында C1 ұяшығының мәні өзгермейтін болғандықтан (өту балы барлық талапкерлер үшін бірдей және өзгермейтін шама), бұл ұяшықтың адресіне абсолютті сілтеме жасау қажет. Яғни формула:

=ЕСЛИ(И (E3>=$C$1;B3>3); "қабылданды"; "қабылданған жоқ").

Сонан соң, бұл формуланы F4:F6 ұяшықтарына көшірмелеу қажет. F бағанындағы формулалар төмендегідей болады:

=ЕСЛИ(И (E4>=$C$1;B4>3); "қабылданды"; "қабылданған жоқ")

=ЕСЛИ(И (E5>=$C$1;B5>3); "қабылданды"; "қабылданған жоқ")

Тапсырма 1.

Кестеде оқушылар туралы келесі ақпарат бар: фамилия, жасы және оқушының бойы. Егер баскетбол секциясына бойы 160 см кем емес және жасы 13-тен аспаған.

Кесте мысалы:

Шығарылуы.

Кіріс берілгендер оқушының фамилиясы, бойы және жасы.

D2 ұяшығына, оқушының секцияға қатысуын анықтайтын формуланы жазамыз: =ЕСЛИ(И(С2>=160; B2<=13); "Ия"; "Жоқ")

Осылайша, егер екі шарт та орындалатын болса (яғни оқушының бойы 160 см кем емес және жасы 13 үлкен емес), онда D2 ұяшығына «Ия» сөзі, басқаша жағдайда – «Жоқ» сөзі шығатын болады.

Секцияға қабылданған оқушылар санын анықтау үшін D8 ұяшығына келесі формуланы енгіземіз =СЧЁТЕСЛИ(D2:D7;"Ия")

Тапсырма 2.

Төмендегі кестеде сайысқа түскен спортшылар туралы ақпарат бар. 6 спортшы 5 түрлі спорт түрінен сайысқа қатысуда. Әр спорт түрінен қандай да бір балл жинақтауда. Спортшыға мастер атағы беріледі, егер оның жинаған балдарының қосындысы 100 немесе одан да көп болса.

Неше спортшы "мастер" атағын алғандығын анықтаңыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу