Қолданбалы есептерді шешу. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары,
Қысқамерзімді сабақ жоспары
Ұзакмерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 3 Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Қолданбалы есептерді шешу | |||||||||
Оқу мақсаты | 8.2.2.3- электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кірістірілген функцияларды қолдану | |||||||||
Сабақ мақсаты | MS Excel- де кіріктірілген функцияларды (логикалық) қолдана отырып есеп шығару. | |||||||||
Бағалау критерилері: | Кіріктірілген функцияларды қолданып, шығарылған есептедің қорытындыларынан ұяшықтың мәнін таба біледі. Есептерді шығару үшін формулаларды қолдана біледі. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Логикалық функциялардың қолдану ережелерін түсіндіре біледі, Формула мен функциялардың жазылу синтаксисін түсіндіре алады. | |||||||||
Дағдылық құндылықтар
| Жұптық тапсырмаларды орындау барысында жылы қарымқатынастарды дамытып, ынтымақтастық дағдылар орнатып, сындарлы көзқарас пен сыни ой дамытылуға бағытталған дағдылық құндылықтар қарым-қатынас арқылы дамытылады. . Академиялық адалдық: басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу академиялық адалдық принциптерін сақтаудан тұрады. | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика | |||||||||
Бастапқы білімдері: | абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді қолдана білу. | |||||||||
Сабақ барысы: | ||||||||||
Сабақ кезеңдері: | Сабақта орындалатын іс-әрекеттер | Оқу ресурстары | ||||||||
Кіріспе бөлім 0-5 мин |
Талапкерлер туралы келесі ақпаратты қамтыған кесте ұсынылған: фамилия және келесі пәндерден алған бағалары: математика, қазақ тілі және ағылшын тілі, сонымен қатар бұл кестеде барлық үш емиханнан жинаған баллдарының қосындысы және қабылдану туралы ақпараты болуы тиіс: егер баллдарының қосындысы өту балына тең немесе одан артық болса және математика пәнінен бағасы – 4 немесе 5 болған жағдайда талапкер оқу орнына қабылдана алады, әйтпесе қабылданбайды
? Оқушылар ауызша есептің шығарылуын жолын талдайды. Дескриптор:
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтайды. | Презентация Дидактикалық материал | ||||||||
Негізгі бөлім 6-15мин | 2. Жұптық жұмыс. Оқушылар келесі жағдаятты талдайды: Тапсырма 1: Кестеде оқушылар туралы келесі ақпарат бар: фамилия, жасы және оқушының бойы. Егер баскетбол секциясына бойы 160 см кем емес және жасы 13-тен аспаған. Оқушылар постерге кестені сызып, есептің формуласын анықтайды. Алдымен жұпта, сонан соң сыныппен шешімді талқылайды. | Презентация Таратпа материал | ||||||||
16-36 мин |
Тапсырма 2: 6 спортшы 5 түрлі спорт түрінен сайысқа қатысуда. Әр спорт түрінен қандай да бір балл жинақтауда. Спортшыға мастер атағы беріледі, егер оның жинаған балдарының қосындысы 100 немесе одан да көп болса. Неше спортшы "мастер" атағын алғандығын анықтаңыз
Оқушылар орындарын ауыстырып, орындаған тапсырмаларын тексереді. Ойларымен бөліседі. Қолданған кіріктірілген функцияларға сипаттама жасайды Дифференцияация: Қабілеті жоғары оқушылар тапсырманы өз беттерімен орындайды. Қабілеті төмен оқушыларға Excel файлындағы дайын шаблонды беруге болады. | Презентация Таратпа материал Excel файлы | ||||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин |
| Стикерлер | ||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз? | Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||
Жұптық/топтық жұмыс – сыныптастарының қолдауы. Қажет болса, мұғалімнің көмегі. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға күрделірек/қызық болып көрінетін өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта дифференциациялаудың негізгі принципі – күрделендіру. | Топтық жұмыстың нәтижесін бағалау үшін топтардың бірін-бірі бағалау ұсынылады. Сабақ соңында рефлексия өткізу арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды. | Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, мысалы, экранды, пернетақта мен тышқанды қосу кезінде абай болуды; денсаулыққа қауіп төндіретіндіктен сымдардан сақ болуды еске салу. | ||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?