Қолданбалы есептерді шешу. Информатика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Бөлім: 8.2 – Электронды кестелердегі ақпаратты өндеу

Сабақтың тақырыбы: Қолданбалы есептерді шешу

Мақсаты: 8.2.2.3 электронды кестелерді қолдана отырып, мәселелерді шешуге арналған кіріктірілген функцияларды пайдалану

8.2.2.1 электронды кестеде мәселелерді шешуге арналған әр түрлі мәліметтер форматтарын қолдану

Бағалау критерийі:

  • Кестенің негізгі элементтерін (баған, жол, ұяшық, диапазон) білу
  • Мәліметтер типін мәліметтер форматтан айыра алу
  • Абсолютты және салыстырмалы сілтемелерді қолдану
  • Кіріктірілген функцияларды (СУММА, ЕСЛИ) қолдану

Тапсырма

Дескрипторлар

Ескертпе

1 тапсырма.

(i) 1 қосымшаның мәліметі бойынша кесте құр:

(ii) А1:Е1 диапазонды ерекшелеп және мәтіндер кескінің жартылай қарайтылған (Ж) етіп жасаңыз.

қажетті ұяшықты дұрыс таңдап және оған сәйкес ақпаратты енгізді;

мәтіндер кескінің дұрыс қолдана алды;

кесте үлгіге сәйкес етіп құрылды

2 тапсырма.

(i) Төмендегі ұяшықтағы мәліметтер типін анықтаңыз:

А3 - _______________________________

С5 - _______________________________

(ii) Төмендегі ұяшықта қандай мәліметтер типі болуы мүмкін

Е4 - _______________________________

(iii) D2:D6 диапазонға және С9 ұяшыққа мәліметтер форматын – Денежный (Т или KZT) орнатыңыз.

А3 ұяшықтың мәліметтер типін дұрыс анықтады;

С5 ұяшықтың мәліметтер типін дұрыс анықтады;

Е4 ұяшықтың мәліметтер типін дұрыс анықтады;

диапазонға және ұяшыққа сәйкес мәліметтер форматын дұрыс қолданды

3 тапсырма.

(i) Е2, Е3, Е4, Е5, Е6 ұяшықтарға формулаларды қолдана отырып, кестені толтырыңыз.

(ii) F1 ұяшыққа – «% -тік қатынасы» мәнін қосыңыз. F2:F6 диапазонға мәліметтер форматын – Процентный орнатыңыз. Абсолютты адресацияны қолдана отырып, F2:F6 диапазонға қажетті формула жазыңыз.

формулаларды дұрыс қолдана алды;

қажетті ұяшықты дұрыс таңдап және оған сәйкес ақпаратты енгізді;

мәліметтер форматын дұрыс қолдана алды;

кестеде абсолютты адресацияны қолдана алды

4 тапсырма.

(i) E7, F7 ұяшықтарда нәтижелерді есептейтін қажетті формулаларды қолдана отырып, кестені толтырыңыз.

(ii) D9 ұяшыққа логикалық формуланы қолдана отырып, «Қажетті канцелярды тауарларды сатып алуға ақша жете ме?» деген сұраққа жауап беретін формуланы жазыңыз

(iii) С4 ұяшықтағы мәліметтерді өзгертіп көріңіз және нәжені есептейтін формула мен логикалық формалада қандай өзгерістерді байқадыңыз? Оған қандай тауарларды аз көлемде сатып алуға кеңес бере аласыз?

нәтижені есептейтін формуланы дұрыс қолдана алды;

кестеде логикалық формуланы қолдана алды;

логикалық формула дұрыс жұмыс жасайды;

тапсырмада көрсетілген ұяшыққа мәліметтерді енгізіп көрді және өз бақылауын/ұсыныстарын жазды;

құрылған жұмысты сақтады

1 қосымша

Қай ұяшық

Қандай мәлімет жазу

А1

Тауар атауы

В1

Өндіріс

С1

Саны

D1

Бағасы

Е1

Барлығы

А2

Қаламсап

В2

Abdi Company

С2

8

D2

100

А3

Жұқа дәптер

В3

"Хатбер-Казахстан" ЖШС

С3

28

D3

350

А4

Жалпы дәптер

В4

Abdi Company

С4

2

D4

800

А5

Сызғыш

В5

Abdi Company

С5

3

D5

200

А6

Компас

В6

"Хатбер-Казахстан" ЖШС

С6

2

D6

500

D7

Қосындысы

А9

Қолда бар ақша

С9

14000



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу