Қолданбалы есептерді шешу. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақтың қысқа мезрзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2 – Электронды кестелердегі ақпаратты өндеу

Мектеп:

Қостанай қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспанғандар:

Сабақтың тақырыбы

Қолданбалы есептерді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.3 электронды кестелерді қолдана отырып, мәселелерді шешуге арналған кіріктірілген функцияларды пайдалану

8.2.2.1 электронды кестеде мәселелерді шешуге арналған әр түрлі мәліметтер форматтарын қолдану

Сабақ мақсаты

Білім алушылар «СУММА», «ЕСЛИ» кіріктірілген функцияларды біледі.

Білім алушылар мәселелерді шығаруға арналған кіріктірілген функцияларды қолдануды үйренеді.

Білім алушылар өз электронды кестелерде мәліметтер форматтарын қолдануды үйренеді

Бағалау критерийі

  • Кестенің негізгі элементтерін (баған, жол, ұяшық, диапазон) білу
  • Мәліметтер типін мәліметтер форматтан айыра алу
  • Абсолютты және салыстырмалы сілтемелерді қолдану
  • Кіріктірілген функцияларды (СУММА, ЕСЛИ) қолдану

Тілдік мақсаттар

Пән бойынша оқыту мақсаты

- электронды кестедегі кіріктірілген функцияларды пайдалана;

- графикті құра алады.

Оқытудың тілдік мақсаты:

- берілген мәселені шешу үшін, не себептен бұл кіріктірілген функцияны қолданғанын түсіндіре алады (айту және тыңдау дағдылары);

- берілген шартқа сай диаграмма құрастыра алады.

Пәнге тән лексика және терминология:

Кесте, баған, жол, ұяшық, диапазон, мәліметтер форматы, мәліметтер типі, кіріктірілген функциялар (математикалық, статистикалық, логикалық), абсолютті/салыстырмалы дербестендіру (адресация), график, легенда, ось, мәліметтерді белгілеу.

Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Кесте бұл …

Ұяшық … қиылысында орналасқан

Абсолютті адресация салыстырмалы адресациядан айырмашылығы…

Кіріктірілген функциялар …қажет

Графикті құру үшін келесі әрекеттерді орындау қажет, яғни…

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Математика, экономика

Бастапқы білім

7 сыныпта өткен «Электронды кестелер: диаграммаларды құру» тақырыбы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақ басы

0-3 мин

Мәселені анықтау

Сәлемдесу, сабақта жоқ білім алушыларды журналға белгілеу

(Ұ) Жадаят: 8 сыныптың оқушысы сіздерден көмек беруді өтінеді: «Мен мектепке барамын. Менің есептеуім бойынша, маған 30 дәптер (28 жұқа, 2 жалпы), 8 қаламсап, 3 сызғыш және 2 компас керек. Менің тәтем маған 14000 теңге ақша беріп және қажетті тауарларды сатып алуға арналған фирмалардың атауларын айтты». Сұрақ: Қажетті канцелярды тауарларды сатып алуға ақша жете ме? (оқушылардың жауаптарын жазып аламыз, сабақтың соныңда оралып олардың болжамдарын тексереміз)

Тақырыпты, сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін хабарлау. Әр білім алушыға өзін өзі бағалау парағын үлестіру.

Журнал, интерактивті тақта немесе проектор,

Көрсетілім (презентация), өзін өзі бағалау парақтары

Сабақ ортасы

4-9 мин

(Ж) Білім алушылар берілген жағдаятты құрылымдау түріне әкеледі (кестені құру).

Бағалау критерийі: Кестенің негізгі элементтерін (баған, жол, ұяшық, диапазон) білу

1 тапсырма.

(i) Төмендегі мәліметтерге сүйене отырып кесте құрыңыз:

Қай ұяшық

Қандай мәлімет жазу

А1

Тауар атауы

В1

Өндіріс

С1

Саны

D1

Бағасы

Е1

Барлығы

А2

Қаламсап

В2

Abdi Company

С2

8

D2

100

А3

Жұқа дәптер

В3

"Хатбер-Казахстан" ЖШС

С3

28

D3

350

А4

Жалпы дәптер

В4

Abdi Company

С4

2

D4

800

А5

Сызғыш

В5

Abdi Company

С5

3

D5

200

А6

Компас

В6

"Хатбер-Казахстан" ЖШС

С6

2

D6

500

D7

Қосындысы

А9

Қолда бар ақша

С9

14000

(ii) А1:Е1 диапазонды ерекшелеп және мәтіндер кескінің жартылай қарайтылған (Ж) етіп жасаңыз.

Дескрипторлар:

- қажетті ұяшықты дұрыс таңдап және оған сәйкес ақпаратты енгізді;

- мәтіндер кескінің дұрыс қолдана алды;

- кесте үлгіге сәйкес етіп құрылды (1 қосымша).

Көрсетілім (презентация), өзін өзі бағалау парақтары

10-13 мин

(Ж) Білім алушылар мәліметтер типі және мәліметтер форматтары бойынша тапсырмаларды орындайды.

Бағалау критерийі: Мәліметтер типін мәліметтер форматтан айыра алу

2 тапсырма.

(i) Төмендегі ұяшықтағы мәліметтер типін анықтаңыз:

А3 - _______________________________

С5 - _______________________________

(ii) Төмендегі ұяшықта қандай мәліметтер типі болуы мүмкін

Е4 - _______________________________

(iii) D2:D6 диапазонға және С9 ұяшыққа мәліметтер форматын – Денежный (Т или KZT) орнатыңыз.

Дескрипторлар:

- А3 ұяшықтың мәліметтер типін дұрыс анықтады;

- С5 ұяшықтың мәліметтер типін дұрыс анықтады;

- Е4 ұяшықтың мәліметтер типін дұрыс анықтады;

- диапазонға және ұяшыққа сәйкес мәліметтер форматын дұрыс қолданды.

Көрсетілім (презентация), өзін өзі бағалау парақтары

14-15 мин

(Ұ) Сергіту сәті

https://goo.gl/qKHjPv

16-23 мин

(Ж) Білім алушылар есептеулер жүргізгенде абсолютты және салыстырмалы адрестеуді қолданады.

Бағалау критерийі: Абсолютты және салыстырмалы сілтемелерді қолдану

3 тапсырма.

(i) Е2 (мысалы, =C2*D2 немесе =ПРОИЗВЕД(C2:D2)), Е3, Е4, Е5, Е6 ұяшықтарға формулаларды қолдана отырып, кестені толтырыңыз.

(ii) F1 ұяшыққа – «% -тік қатынасы» мәнін қосыңыз. F2:F6 диапазонға мәліметтер форматын – Процентный орнатыңыз. Абсолютты адресацияны қолдана отырып, F2:F6 диапазонға қажетті формула жазыңыз (=E2/$E$7).

Дескрипторлар:

- формулаларды дұрыс қолдана алды;

- қажетті ұяшықты дұрыс таңдап және оған сәйкес ақпаратты енгізді;

- мәліметтер форматын дұрыс қолдана алды;

- кестеде абсолютты адресацияны қолдана алды

Көрсетілім (презентация), өзін өзі бағалау парақтары

24-34 мин

(Ж) Білім алушылар нәтижелерді есептейтін формулаларды жазады және логикалық формуланы қолдана отырып, «Қажетті канцелярды тауарларды сатып алуға ақша жете ме?» деген сұраққа жауап береді.

Бағалау критерийі: Кіріктірілген функцияларды (СУММА, ЕСЛИ) қолдану

4 тапсырма.

(i) E7, F7 ұяшықтарда нәтижелерді есептейтін қажетті формулаларды қолдана отырып, кестені толтырыңыз.

(ii) D9 ұяшыққа логикалық формуланы қолдана отырып, «Қажетті канцелярды тауарларды сатып алуға ақша жете ме?» деген сұраққа жауап беретін формуланы жазыңыз (=ЕСЛИ(E7<=C9;"жетеді";"жетпейді"))

(iii) С4 ұяшықтағы мәліметтерді өзгертіп көріңіз және нәжені есептейтін формула мен логикалық формалада қандай өзгерістерді байқадыңыз? Оған қандай тауарларды аз көлемде сатып алуға кеңес бере аласыз?

Дескрипторлар:

- нәтижені есептейтін формуланы дұрыс қолдана алды;

- кестеде логикалық формуланы қолдана алды;

- логикалық формула дұрыс жұмыс жасайды;

- тапсырмада көрсетілген ұяшыққа мәліметтерді енгізіп көрді және өз бақылауын/ұсыныстарын жазды;

- құрылған жұмысты сақтады.

Көрсетілім (презентация), өзін өзі бағалау парақтары

35-36 мин

(Ұ) Сабақтың басында болжаған жазбаларға орала отырып, орындалған жұмыспен салыстырамыз.

Сабаққа қойылған мақсатқа қол жеткізгеніміз туралы сұраймыз және оқушыларға кері байланыс береміз.

Көрсетілім (презентация), өзін өзі бағалау парақтары

Сабақ соңы

37-40 мин

Рефлексия «БББ»

Өзін өзі бағалау парағы бойынша рефлексия жасау

өзін өзі бағалау парақтары

СаралауСіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Өзіндік тапсырмаларды орындау кезіңдегі қиындықтарды туындайтын тапсырмаларды орындауға мұғалім көмек береді. Интерактивті оқыту.

Бағалау: өзін-өзі бағалау, мұғалімнің кері байланысы

Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі және сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар ОМ-на жетті мен?

Егер жетпесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай шегінулер болды және неліктен?

Осы бөлімді сабақ туралы ойлау үшін пайдаланыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы ең маңызды сұрақтарға сол бағанда жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ кезінде мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу