Кіріктірілген функциялар. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді сабақ жоспары
Ұзакмерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 3 Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Кіріктірілген функциялар | |||||||||
Оқу мақсаты | 8.2.2.3 – электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кіріктірілген функцияларды қолдану | |||||||||
Сабақ мақсаты | MS Excel- де кіріктірілген функцияларды (математикалық, статистикалық, логикалық) қолдана отырып есеп шығару. | |||||||||
Бағалау критерилері: |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
| |||||||||
Дағдылық құндылықтар
| Жұптық тапсырмаларды орындау барысында сыйластық қарым-қатынастарды дамыту, ынтымақтастық дағдылар орнатып, сындарлы көзқарас пен сыни ой дамытылуға бағытталған дағдылық құндылықтар қарым-қатынас арқылы дамытылады. . Академиялық адалдық: басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу академиялық адалдық принциптерін сақтаудан тұрады. | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика | |||||||||
Бастапқы білімдері: | абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді қолдана білу. | |||||||||
Сабақ барысы: | ||||||||||
Сабақ кезеңдері: | Сабақта орындалатын іс-әрекеттер | Оқу ресурстары | ||||||||
Кіріспе бөлім 0-2 мин |
Қорытындылау және мұғалімнің түсіндірмесі. Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырады. | Презентация Қосымша 1 | ||||||||
Негізгі бөлім 3-9мин |
Оқушылар таратылып берілген мәтінді оқып, негізгі ойларды белгілеп, кестені толтырады:
| Мәтін (таратылым) №1 Қосымша2 | ||||||||
10-12мин | Жұмыс орындалып болған соң, дұрыс жауаптар көрсетіліп, оқушылар өзіндік тексеру жұмысын жүргізеді. Дескриптор: Оқушылар электрондық кестедегі стандартты функциялардың жазылу синтаксисін және қолданылуын сипаттай алады. Мұғалімнің түсініктемесі: мұғалім толтырылған кестені қорытындылайды. Негізгі функцияларды бөледі: СУММ (Қосынды), ПРОИЗВЕД (Көбуйтінді), СТЕПЕНЬ (Дәреже), ЕСЛИ (Егер) | Презентация | ||||||||
13-22 мин |
Тапсырма: Абоненттің қалааралық телефонмен әңгімелесу құнын белгіленген мәндерге сәйкес есептеу. Абоненттің төлемінің жалпы сомасын есептеу үшін формуланы анықтап, есептеу жүргізу. Дескриптор: MS Excel бағдарламасында қажетті есептеулер үшін математикалық функцияларды пайдалана алады. | Презентация MS Excel файлы Тапсырма 1 | ||||||||
23-27 мин | Мұғалімнің түсініктемесі. Мұғалім Қосымша 3 пайдалана отырып, логикалық ЕСЛИ функциясының қолданылуын талдайды. | Презентация Қосымша 3 | ||||||||
28-37 мин |
Дескриптор: Электрондық кестедегі кіріктірілген функцияларды пайдалану арқылы қарапайым есептеулерді орындайды. | Слайдтар MS Excel файлы Тапсырма 2 | ||||||||
Сабақтың соңы 36-40 мин |
| Стикерлер | ||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз? | Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||
Барлық оқушылар: Мұғалім ұсынған функцияларды пайдалану жолдарын біледі Кейбір оқушылар: Басқа да функцияларды біледі | Сабақ барысында мұғалімнің бақылауы, бағалауы Жұптық, өздік (практикалық) жұмыстарды орындау және өзін-өзі/ өзара/ мұғалім бағалауы | Компьютермен жұмыс жасау барысында эргономика талаптарын және бір-бірінің ұсынысын тыңдау, құрметтеу құныдықтары | ||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | ||||||||||
Қосымша 1
MS Excel-де кіріктірілген функциялар - бұл күрделі есептеулерді оңай және тез орындауға мүмкіндік беретін арнайы, алдын-ала жасалған формулалар.
Формулалар – функциялар кітапханасы – Керегін таңдау (математикалық, статистикалық, логикалық)
Қосымша 2
Математикалық, статистикалық, логикалық функцияларды таңдаңыз. Функциялардың жазылу синтаксисін атаңыз және жазыңыз.
Өзіңді тексер!
Қосымша 3
Мұғалімнің түсініктемесі.
Шарттың орындалуын тексереді және егер ол қанағаттандырылса, бір мәнді қайтарады және болмаса басқа мәнді береді.
ЕСЛИ (ЕГЕР) функциясының өте қарапайым синтаксисі:
ЕСЛИ(лог_өрнек;[егер_ақиқат_мағынасы]; [егер_жалған_мағынасы])
Бұл нені білдіреді? Егер өрнек ақиқат болса, өрнек АҚИҚАТ мәнін қабылдайды.
Мысалы:
=ЕСЛИ(А1=10; [егер_ақиқат_мағынасы];[егер_жалған_мағынасы])
егер А1 10 тең болса, А1=10 өрнегі АҚИҚАТ мағынаға ие болады, ал егер 10 тең емес болса, ЖАЛҒАН деген мәнге ие болады.
Басқа мысал:
=ЕСЛИ(А1>30; [егер_ақиқат_мағынасы]; [егер_жалған_мағынасы])
егер А1 ұяшығының мәні 30 дан көп болса, А1>30 өрнегі АҚИҚАТ мағынаны, ал егер аз болса, ЖАЛҒАН мағынаны қайтарады.
Тағы бір мысал:
=ЕСЛИ(С1=”БАР”; [егер_ақиқат_мағынасы]; [егер_жалған_мағынасы])
егер C1 ұяшығының мәні “Бар” сөзіне ие болса, өрнек АҚИҚАТ мағынаны, егер жок болса, С1=”БАР” ЖАЛҒАН мағынаны қайтарады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды