Статистикалық мәліметтер. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2А бөлім - Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Статистикалық мәліметтер

Оқу мақсаты

8.2.2.2 абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді қолдану

8.2.2.3 электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кірістірілген функцияларды қолдану

 Сабақ мақсаты

  • мәліметтер форматтарын баптау, салыстырмалы және абсолютті сілтемелерді пайдалану;
  • тапсырмаларды орындау үшін электрондық кестелердегі статистикалық функцияларды қолдану.

Бағалау критерилері:

  • СРЗНАЧ функциясын қолданып орта бағаны есептейді;
  • СЧЕТЕСЛИ функциясын қолданып күндерді санайды;
  • білім сапасы мен үлгерімді есептейді;
  • ЕСЛИ және ОКРУГЛ функцияларын қолданып, оқушының қай категорияға жататынын анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • мәлімет форматтарын түсіндіреді,
  • абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді түсіндіреді;
  • статистикалық функцияларды қолдануды түсіндіреді (сөйлеу және оқу дағдыларын дамыту).

Дағдылық құндылықтар

 

Жұптық тапсырмаларды орындау барысында жылы қарым-қатынастарды дамытып, ынтымақтастық дағдылар орнатып, сындарлы көзқарас пен сыни ой дамытылуға бағытталған дағдылық құндылықтар қарым-қатынас арқылы дамытылады.

Академиялық адалдық: басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу академиялық адалдық принциптерін сақтаудан тұрады.

Пәнаралық байланыс

Математика, статистика

Бастапқы білімдері:

Мәлімет форматтарын біледі, абсолюттік және салыстырмалы сілтемелерін қолдана біледі.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқу ресурстары

Кіріспе бөлім

5 мин.

  • Миға шабуыл:

Мұғалім оқушыларға электронды кестелерге байланысты негізгі ұғымдарды қайталау үшін сұрақтар қояды:

  • Қандай программада электрондық кесте жасауға болады?
  • Қандай мәлімет форматтары естеріңізде?
  • Салыстырмалы сілтемелердің абсолютті сілтемелерден қандай айырмашылықтары бар?

Жауаптар:

Мәлімет форматтары: Общий, числовой, текстовой, денежный, финансовый, дата и время, дробный, процентный и т.д.

Excel салыстырмалы сілтемесі – формулаларды басқа орынға көшірген кезде, формуладағы адрес жаңа орынға байланысты ауысады.

Excel абсолютті сілтемесі көшірілген ұяшықтағы сілтемелердің адресі ауыспауы үшін қолданады.

Слайдтар

Негізгі бөлім

10 мин

  • Жаңа тақырыпты оқу

Мұғалім топтық жұмысты ұйымдастырады. Әрбір топқа өз беттерімен оқу үшін келесі ұғымдар беріледі:

  • Excel-дегі салыстырмалы сілтеме
  • Excel-дегі абсолютті сілтеме
  • Мәліметтер форматы

Әрбір топтың спикері басқа топтың алдында жұмыстарын қорғайды. Мұғалім оқушылардың ойларын қорытындылап, оқушылардың практикалық тапсырманы орындауға дайын екеніне көз жеткізеді.

3. Практикалық жұмыс

) Мұғалім оқушыларға №1 тапсырманы электронды кестені қолдана отырып орындауды сұрайды.

Оқушылар тапсырманы жеке түрде орындайды.

Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылап, қажет болғанда көмек береді.

Таратпа материал №1

Excel файлы

Статистикалық_мәліметтер_Тапсырма№1.xls

15 мин

  • Жеке жұмыс. Оқушылар таратпа материалдағы тапсырмаларды орындайды.

Дескрипторлар:

  • Электрондық кестелерде статистикалық функцияларды пайдалана алады.
  • Мәлеметтерді берілген диаграммаға сәйкестендіреді;
  • Қытай бағаны бойынша мәліметті анықтайды;
  • АҚШ бағаны бойынша мәліметті анықтайды;
  • Франция бағаны бойынша мәліметті анықтайды.

Таратпа материал

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өтілген тақырыпты пысықтайды.

Осы сабақта не үйрендіңіз ?

Сіз үшін не түсініксіз ?

Келешекте нені білгіңіз келеді ?

Рефлексия слайды

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация:

Қабілеті жоғары оқушылар қабылеті төмен оқушыларға қолдау көрсетеді.

Жекелей тапсырманы орындау барысында өз жұмыстарын дескрипторлар арқылы өзіндік тексеру.

Жұмыс жасау барысында мұғалімнің бақылауы, бағалауы.

Компьютермен жұмыс жасау барысында эргономика талаптарын ұстауды естеріне салу.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді?

Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сл жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қосымша 1

Статистика - қоғамдағы құбылыстарды, процестерді сандық және сапалық жағынан тығыз байланыстыра отырып қай жерде және қай уақытта болғанын зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Статистикалық бақылау - қоғамдық құбылыстар,процестер туралы мәліметті жинау,тіркеу.

Статистикалық функциялар электронды кестелерде жиі қолданады.

Формулаларды автотолтыру сандарды автотолтыру сияқты орындалады. Автотолтыру кезінде формулалардың басқа ұяшықтарға сілтемесінің ерекшеліктері ескеріледі.

MS Excel электрондық кестесінде үш түрлі сілтеме қолданылады:

1) салыстырмалы сілтеме – Excel кестесi ұяшықтың адресiн ағымдағы ұяшық адресiне салыстырмалы түрде сақтайды. Мысалы: D4 ұяшығына =D1+D2 формуласын енгiзейік. Осы формуланы С4 ұяшығына көшiрсек, мұнда =С1+С2 формуласы автоматты түрде енгiзiледi;

2) абсолютті сілтеме – формуланы көшiру барысында белгiлi бiр ұяшыққа немесе аймаққа сiлтеме жасау қажет болса абсолюттi сілтеменi қолданамыз. Абсолюттi сiлтеме « белгiсiнiң көмегiмен жазылады. Мысалы, $C$15 түрiнде сiлтеме жазылса, формуланы қай орынға орналастырсақ та, сол формулада тек C15 ұяшығындағы мән пайдаланылады;

3) аралас сілтеме – мұнда «$» белгiсi қажеттi орында ғана жазылады, мысалы $C15 -бағананың мәнiн тұрақты немесе C$15 –қатарды тұрақты қалдырып, бағананы өзгерту мүмкiндiгi бар. Ұяшықтағы сілтемені F4 пернесін баса отырып өзгертуге болады:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу