Статистикалық мәліметтер. Информатика, 8 сынып, қосымша материал.
«Статистикалық мәліметтер» сабағына методикалық нұсқаулық
Сабақта қарастырылатын оқу мақсаттары 8.2.2.1 электронды кестеде есептерді шешу үшін мәліметтердің әртүрлі форматтарын қолдану
Осы сабақта студенттер білуі қажетті негізгі теориялық білімдері.
- Электрондық кестелерде қолданылатын мәлімет форматтары: Жалпы, сандық, мәтіндік, ақшалай, финанстық, дата және уақыт, бөлшек, пайыздық және т.б.
- Microsoft Excel бағдарламасындағы сілтеме түрлері:
- Салыстырмалы сілтеме
- Абсолютті сілтеме
- Аралас сілтеме
Осы сабақта студенттердің алатын негізгі теориялық білімдері.
Статистика - қоғамдағы құбылыстарды, процестерді сандық және сапалық жағынан тығыз байланыстыра отырып қай жерде және қай уақытта болғанын зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Статистикалық бақылау - қоғамдық құбылыстар,процестер туралы мәліметті жинау,тіркеу.
Microsoft Excel бағдарламасындағы базалық статистикалық функциялар:
МАКС
МАКС операторы берілген диапазондағы ең үлкен мәнді анықтауға арналған.
Функция синтаксисі: =МАКС(число1;число2;…)
МИН
МИН функциясының атауынан көрініп тұрғандай, бұл функция міндеті алдыңғы формулаға тура қарама-қарсы – ол диапазондағы сандардың ішінен ең кішісін іздейді және оны берілген ұяшыққа шығарады.
Функция синтаксисі: =МИН(число1;число2;…)
СРЗНАЧ
СРЗНАЧ функциясы көрсетілген диапазонда орташа арифметикалық мәнге жақын санды іздейді. Бұл есептің нәтижесі формула жазылған ұяшыққа шығарылады.
Функция синтаксисі: =СРЗНАЧ(число1;число2;…)
СРЗНАЧЕСЛИ
СРЗНАЧЕСЛИ функциясының қызметі алдыңғы функцияға ұқсас, тек бұл функцияда қосымша шартты тексеру мүмкіндігі бар. Мысалы, көп, аз, белгілі бір санға тең емес. Бұл шарт бөлек өріске қойылады. Сонымен қатар, қосымша диапазонда орташа санды іздеу қосылуы мүмкін.
Функция синтаксисі: СРЗНАЧЕСЛИ(число1;число2;…;условие;[диапазон_усреднения])
Сабақта пайдаланған ресурстары:
Стандартты функцияларын қолдануға арналған жаттығулар:
http://bilimland.kz/ru/#lesson=16868
Зерттеу үшін арналған материалдар:
http://it.kgsu.ru/MSExcel/excel019.html
Мәліметтер форматтары мен түрлері:
https://www.youtube.com/watch?v=sT3tpcfm8z4
Сілтемелер түрлері:
http://www.planetaexcel.ru/techniques/2/83/
http://exceltable.com/formuly/absolyutnye-otnositelnye-smeshannye-ssylki
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?