Процессор және оның сипаттамалары. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Процессор және оның сипаттамалары | ||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.1.1 қарапайым деңгейінде процессордың қызметін және оның негізгі сипаттамасын түсіндіру | ||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | процессордың қызметін және оның негізгі сипаттамасын оқып үйрену | ||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - процессордың қызметін біледі; - процессордың құрамына кіретін құрылғыларды біледі; - процессордың сипаттамаларын біледі. | ||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - процессор қызметін түсіндіре алады және оның негізгі сипаттамаларын атай алады. Пәндік лексика және терминалогия процессор, ядролар саны, тактілік жиілік, разрядтылық, кэш-жады көлемі Диалог құруға/жазуға қажетті сөздер Процессордың негізгі сипаттамаларына …………... жатады. …………… қамтамасыз ететін, процессор функцияларының бірі ……………болып табылады. | ||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылыққа баулу, сонымен бірге ашықтық оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады; осындай жұмыстың мақсатына қоса пәндік білімнің қалыптасуымен көпшіл тұлға ретінде шығармашылықпен және сыни ойлай ала білетін, ұжымда жұмыс істеуге дайын және ел алдында көрсетілім мен талқылау үшін ұжымдық жұмыстың нәтижесін көрсете алатындай әр оқушының әрі қарай дамуы болып табылады. Топтық жұмыстың нәтижелерімен алмасу оқушылардың «сыйластық» (қойылған міндеттердің негізінде нәтижелерді бағалау кезіндегі ақ ниеттілігі, өзара қолдаушылық), «еңбек пен шығармашылық», «адалдық» сияқты құндылық маңыздылығы мен терең ойдың көрнекілікпен көрсетілуіне мүмкіндік береді. Жеке жұмыс көлемінде тапсырманы орындау «Академиялық адалдық» құндылығына негізделеді. | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика (екілік санау жүйесі) | ||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | компьютердің негізгі құрылғылары және олардың өзара әрекеті, компьютердің жады түрлері және олардың қызметі | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған қызмет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-7 мин |
Оқушыларды 3 топқа бөлу. Оқушыларға қағазға компьютер құрылғыларының атауларын жазуды сұрайды. Содан кейін әрбір құрылғының қызметін оқушылармен бірге бірігіп талқылайды. Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау үшін сұрақ қояды. Сұрақ: Компьютер құрылғыларының ішіндегі ең маңызды құрылғына атаңыз және ол туралы не білесіз? (Процессор жайлы) Құндылықтар – еңбек және шығармашылық, сыйластық, ынтымақтастық, өмір бойы оқу | 8_сынып_Бөлім 8.1A(3 сабақ)_Презентация (1-4 слайдтар) | |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 8-10 мин |
Кестеде (Қосымша1) көрсетілген сөздерді үш тілдегі айтылулары мен жазылуларын оқушылармен бірге қарастырады. Қажет сөздерді дәптерге жазып алады. | Презентация (5 слайд) Қосымша 1 | |||||||||||||||||||||
|
Сұрақ: Аппараттық қамтамасыз ету архитектурасы дегеніміз не? Сұраққа жауап алғаннан кейін оқушылармен бірге жауапты талқылайды.
Екі сан берілген. Олардың қосындысын жіне айырмасын табыңыз және сандық түрде көрсетіңіз. Енгізу мәліметтері: a, b Ал егер a=6, b=5? Тапсырма бойынша жауап алғаннан кейін келесі сұрақтарды қояды. Сұрақтар: 1. Есептеу алдында не істейсіңдер? 2. Мәліметтерді еске сақтағаннан кейін не істейсіңдер? 3. Есептегеннен кейін не істейсіңдер? Сұрақтарға жауап нұсқалары: 1. Еске сақтаймыз, дәптерге жазып аламыз. Демек, компьютер де енгізілетін мәлеміттерді еске сақтауы тиіс. 2. Есептейміз. Демек, компьютер де есептейді. 3. Жауабы: 11 және 1. Демек, компьютер де есептің жауабын береді. Құндылықтар – еңбек және шығармашылық, сыйластық, ынтымақтастық, өмір бойы оқу | 8_сынып_Бөлім 8.1A(3 сабақ)_Презентация (6-10 слайдтар) | |||||||||||||||||||||
13-20 мин |
Сұрақтар: 1. Процессор неден тұрады? 2. АЛҚ (арифметикалық-логикалық құрылғы) не үшін қажет? 3. БҚ (басқару құрылғысы) не үшін қажет: 4. Басқару құрылғысын не басқарады және ол қайда орналасқан? | Видео: «ПОЧЕМУЧКА КОМПЬЮТЕР '04 Процессор'.mp4» | |||||||||||||||||||||
21-24 мин |
Ескерту: екілік санау жүйесі жайлы ақпарат беру Мысалы: 4=100
| 8_сынып_Бөлім 8.1A(3 сабақ)_Презентация (8-9 слайдтар) | |||||||||||||||||||||
25-35 мин |
Келесі тапсырманы ұсынады. Тапсырманы орындап болған соң әрбір топ бір-бірінің жұмысын бағалайды. Тапсырма. Мәліметтерді енгізу, өңдеу және шығару құрылғыларының өзара әрекетін көрсететін сызба (схема) сызыңыз. Жады түрлерін және олардың атқаратын қызметін көрсетіңіз. Бағалау түрі - бірін-бірі бағалау. Топтар бір-бірінің жұмысына баға береді. Жетістік критерийлері: - процессордың қызметін біледі; - процессордың құрамына кіретін құрылғыларды біледі. Дағды: Білу және түсіну Дескрипторлар: - мәліметтерді енгізу құрылғыларын біледі; - мәліметтерді өңдеу құрылғысын біледі; - мәліметтерді шығару құрылғыларын біледі; - жады түрлерін біледі; - жады түрлерінің атқаратын қызметтерін біледі; - мәліметтерді енгізу, өңдеу және шығару құрылғыларының өзара әрекетін көрсететін сызбаны салып көрсетеді. | А4 форматы 8_сынып_Бөлім 8.1A(3 сабақ)_Презентация (14 слайд) | |||||||||||||||||||||
36-42 мин | Ұжымдық жұмыс. Джон фон Нейман архитектурасымен таныстырады. Джон фон Нейман архитектурасымен танысады. Қажет терминдерді, анықтамаларды дәптерге жазып алды. | 8_сынып_Бөлім 8.1A(3 сабақ)_Презентация (15-16 слайдтар) | |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 43-45 мин | Сабақты қорытындылау. Оқушыларға сұрақтар қояды. 1. Процессор дегеніміз не? 2. Процессордың құрамына қандай құрылғылар кіреді? 3. Арифметикалық-логикалық құрылғы не үшін қажет? 4. Басқару құрылғысы не үшін қажет? Рефлексия: Оқушылардың өтілген материалды қаншалықты түсінгендерін анықтау үшін қызыл, сары, жасыл түсті стикер ұсынады. Оқушылар қажет түсті таңдап, өз сұрақтарын немесе ұсыныстарын жазады. | 8_сынып_Бөлім 8.1A(3 сабақ)_Презентация (17 слайд) | |||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||||||||||
Жұптық/топтық жұмыс – сыныптастарының қолдауы. Қажет болса, мұғалімнің көмегі. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға күрделірек/қызық болып көрінетін өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта дифференциациялаудың негізгі принципі – күрделендіру. | Топтық жұмыстың нәтижесін бағалау үшін топтардың бірін-бірі бағалау ұсынылады. Сабақ соңында рефлексия өткізу арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды. | Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, мысалы, экранды, пернетақта мен тышқанды қосу кезінде абай болуды; денсаулыққа қауіп төндіретіндіктен сымдардан сақ болуды еске салу. |
Қосымша 1
Казахский язык | Русский язык | Английский язык |
Компьютер | Компьютер | Computer |
Енгізу құрылғысы | Устройство ввода | Input device |
Шығару құрылғысы | Устройство вывода | Output device |
Процессор | Процессор (ЦПУ) | Processor |
Жады | Память | Memory |
Жедел жады | Оперативная память | Random access memory |
Қатқыл диск | Жесткий диск | Hard disk |
Басқару құрылғысы | Устройство управления | Control unit |
Арифметикалық-логикалық құрылғы (АЛҚ) | Арифметико-логическое устройство (АЛУ) | Arithmetic and logic unit (ALU) |
Бағдарламалық жасақтама (БЖ) | Программное обеспечение (ПО) | Software |
Аппараттық жасақтама | Аппаратное обеспечение | Hardware |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?