Ақпаратты өлшеу тәсілдері. Информатика, 8 сынып, презентация, 1 сабақ.
Сабақ тақырыбы
Ақпаратты өлшеуСабақ жоспары
Ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдану
Берілген суреттерге қарап, отбасыңа маңызды ақпараттарды таңдап ал
Ақпаратты оның маңыздылығы мен өзектілігімен өлшеуге болады. Ол жаңа білім әкелу тиісті. Берілген бір мәліметтің маңыздылығы әртүрлі адамдар үшін әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, қаржы туралы мәлімет кәсіпкерлер үшін маңызды болады, ал балалар үшін маңызсыз…
Ақпарат түсінікті және мерзімді.
Бұл тәсіл мазмұндылық деп аталады, бірақ ол субъективті өлшеу болып саналады.
Ойлан!!!
Әр алфавиттің әріп саны неше?
Келесі мәліметті басқаша қалай жазуға болады: екі қосу үш тең бес.
Өзінің электрондық адресіңді жаз.
«Берік» парольдің мысалын келтір.
Алфавит қандай таңбалардан тұрады?
Соңғы суретте неге пернелік тақташа көрсетілген?
Ақпаратты өлшеудің басқа жолы - алфавитті тәсіл. Мазмұндылық тәсілге қарағанда бұл тәсілде таңбалар тізбегі қарастырылады, ақпарат көлемі таңбалар санына байланысты.
Мысалы ағылшын тіліндегі таңба орыс пен қазақ тіліндегі таңбаларға қарағанда аз орын алады. Алфавиттің жалпы саның – алфавиттің күштілігі деп атайды. Белгілеуі - N.
Бұл өлшеу тәсілі объективті болып табылады.
Жасап көр!!!
Берілген кестеге қарап, N= 4,8,16…256 сандар үшін екілік жүйесінде барлық комбинацияларды тауып, кестені жалғастыр. Жұмыстың соңында жалпы формуланы шығар.
Таңбаның (символдың) ақпараттық салмағы
Алфавиттің кұштілігіне байланысты
2i=N
мұнда:
I – таңбаның ақпараттық салмағы
N – алфавиттің кұштілігі
БИТпен өлшенеді
Мысалы:
Алфавиттің күштілігі N=16 таңба → ақпарат көлемі i=4 бит
Алфавиттің күштілігі N=32 таңба → ақпарат көлемі i=5 бит
Алфавиттің күштілігі N=64 таңба → ақпарат көлемі i=6 бит
Алфавиттің күштілігі N=128 таңба → ақпарат көлемі i=7 бит
Алфавиттің күштілігі N= 256 таңба → ақпарат көлемі i=8 бит
Еске сақта!!!
Бір таңбаны ұсынуға алынған биттер санын таңбаның ақпараттық салмағы(i) деп атайды. Мәліметтің ақпарат көлемі – I деп белгілейді. Оны табу үшін мәліметтегі таңбалар санын(K) бір таңбаның ақпараттық салмағына көбейту керек (i). Сонымен, I=Ki.
Сен білесің бе?
Клод Шеннон - америка инженері мен математигі өткен ғасырдың 40-шы жылдары ақпараттың ең кіші бірлігі – БИТті енгізген. Және ол ақпарат көлемін анықтаудің тағы бір тәсілін ұсынған – ықтималдық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?