Ақпаратты өлшеу тәсілдері. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Ақпаратты өлшеу тәсілдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.1 ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдану

Сабақ мақсаты

Алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдану арқылы ақпарат көлемін анықтай алады

Бағалау критерийлері

- алфавиттік (әліпби) тәсілінің қажеттілігін түсіндіре алады;

- таңбаның ақпарат салмағы, алфавиттің күштілігі деген негізгі ұғымдарды түсіндіре алады;

- ақпарат көлемін алфавиттік (әліпби) тәсілімен өлшей алады .

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- ұғымдарды қолданады және практикалық жұмыстарды орындай алады.

Пәндік лексика және терминалогия

Алфавиттің күштілігі, таңбаның ақпарат салмағы, ақпарат көлемі, бит, байт, килобайт, мегабайт, ASCII, UniCode, алфавиттік тәсіл, мазмұндық тәсіл, ықтималдылық тәсіл

Диалог құруға/жазуға қажетті сөздер

Ақпаратты өлшеу үшін …….. және ………. өлшеуге болады

Бірінші тәсіл әрдәйім объективті емес ………

Ақпарат көлемін санау үшін келесі формула қолданылады ………

Таңбаның ақпарат салмағын …….. санауға болады

Алфавиттік күштілігі деп ……… айтады

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылыққа баулу, сонымен бірге ашықтық оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.

Топтық жұмыстың нәтижелерімен алмасу оқушылардың «сыйластық» (қойылған міндеттердің негізінде нәтижелерді бағалау кезіндегі ақ ниеттілігі, өзара қолдаушылық), «еңбек пен шығармашылық», «адалдық» сияқты құндылық маңыздылығы мен терең ойдың көрнекілікпен көрсетілуіне мүмкіндік береді. Жеке жұмыс көлемінде тапсырманы орындау «Академиялық адалдық» құндылығына негізделеді.

Пәнаралық байланыстар

Математика: ақпарат өлшеу түрлері, ақпаратты ауыстыру тәсілдерін білу

Бастапқы білім

Файлдармен жұмыс, мәтіндік редактормен жұмыс істеу, арифметическими операцияларын қолдану

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 мин

  • Негізгі түсініктерді жандандыру. Сыныппен жұмыс.

Тақтаға бірнеше суреттер шығарып, отбасындағы мүшелер үшін қажетті ақпараттарды таңдап алуды сұрайды. Ақпаратты қажеттілігі бойынша өлшеуге болатындығы туралы пікір алмасуды ұйымдастырады. Мазмұндылық тәсіл қаншалық объективті өлшеу болатындығын дәлелдеуді сұрайды.

Презентация, Слайд 2-3

Сабақтың ортассы 11-21 мин

  • Негізгі түсініктерді жандандыру.

Оқушыларды сабақтың жаңа ұғымдарымен таныстыру:

  • алфавиттік (әліпбилік) тәсіл
  • мазмұндық тәсіл
  • алфавит қуаты
  • символдың ақпараттық салмағы
  • ақпаратты көлемін өлшеу формуласы

Слайдтағы суреттерге қарап, берілген сұрақтарға жауап беруді сұрайды. Жауаптарын жұптасымен тексеріп, бір шешімге келуді сұрайды.

Бағалау: өзара бағалау ретінде.

Презентация,

Слайд 4-6

Қосымша материал

22-37 мин

  • Негізгі түсініктерді жандандыру. Өзіндік жұмыс.

Жұмыс дәптерлерде практикалық жұмысты орындауды сұрайды.

Бағалау: өзіндік бағалау, жауапты тақтадағы нұсқамен салыстыру түрінде.

Дифференциация:

Қабылетті оқушылар кез келген N үшін заңдылығын табу мүмкін.

Презентация,

Слайд 7

Сабақтың соңы

38-45 мин

  • Сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылайды, сабақта қолданылған негізгі ұғымдарды қайталатып, ақпарат көлемін санауға арналған формуланы көрсетеді. Алдынғы тапсырмадан кез келген N таңдап, сол мән үшін ақпарат көлемін санауды талап етеді. Тарихи анықтама береді.

Бағалау: Мұғалім тексеріп, кері байланыс береді.

Дифференциация: Үй жұмысы ретінде қабылетті оқушыларға ықтималдылық тәсілді қарастыруға беру мүмкін.

Презентация,

Слайд 8-9

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Жұптық/топтық жұмыс – сыныптастарының қолдауы.

Қажет болса, мұғалімнің көмегі.

Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға күрделірек/қызық болып көрінетін өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта дифференциациялаудың негізгі принципі – күрделендіру.

Топтық жұмыстың нәтижесін бағалау үшін топтардың бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Сабақ соңында рефлексия өткізу арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды.

Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, мысалы, экранды, пернетақта мен тышқанды қосу кезінде абай болуды; денсаулыққа қауіп төндіретіндіктен сымдардан сақ болуды еске салу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу