Ақпаратты өлшеу. Информатика, 8 сынып, презентация, 2 сабақ.
Сабақ тақырыбы
Ақпаратты өлшеуСабақ жоспары
Ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдану
Өзінді тексер!!!
Алдынғы сабақта қандай ақпаратты өлшеу тәсілдерімен таныстың?
Неге мазмұндылық тәсіл субъективті, ал алфавитті тәсіл – объективті болып саналады?
Алфавит күштілігі дегеніміз не?
Таңбаның ақпарат салмағын қалай санауға болады?
Берілген мәліметтің ақпарат көлемін қалай өлшеуге болады?
Еске сақта!!!
Компьютерлік алфавиттің күштілігі– 256 таңбаға тең, ал бір таңбаның ақпараттың салмағы – 8 бит.
Жасап көр!!!
Алма ғаламтордан «Шықбермес шығай бай мен Алдар- Көсе» ертегісін жүктеді. Парақ саны- 3, бір жолда 80 таңба, ал әрбір бет 51 жолдан тұрады. Жүктелген ақпараттың көлемін анықта. Нәтижені Кбайтқа ауыстыр. Кері есеп құрып, шығар. Шешімінді алдында берілген мәліметтермен салыстырып, өзінді тексер.
Бағалау критерийлер
Файлдағы таңбалар саның дұрыс анықтады;
Ақпарат көлемі бит түрінде дұрыс табылды;
Биттерді байттарға дұрыс ауыстырды;
Байттарды КБайттарға дұрыс ауыстырды.
Өзінді тексер!!!
3*80*51*16=195840 бит – ақпарат көлемі
195840/8=24480 байт
24480/1024=23,9 Кбайт
Кері есепке мысал
195840/(3*80*51)=16 бит – таңбаның ақпарат салмағы
Жасап көр!!!
Жұбыңа «Ақпарат көлемін өлшеу» тақырыбана бір тапсырма дайындап, алмастыр.
Өзара бағалау үшін критерийлер құрастыр.
Сен білесің бе?
Кез келген жазба тілдерінде ақпаратты кодтау үшін екі түрлі стандарттар қолданылады: ASCII және Unicode. ASCII –дегі таңбаның ақпарат салмағы 8 бит, ал Unicode-те 16 бит.
ASCII кестесі
Кеңейтілген ASCII кестесі
Unicode кестесі
Ойлан!!!
ASCII -нің артықшылығы мен кемшілігі неде?
Unicode-ның артықшылығы мен кемшілігі неде?
Анықта!!!
Paint графикалық редакторында «смайлик» таңбасын салып, төменде көрсетілген параметрлерімен bmp форматты 2-3 файлдар сақта:
Файлдардың көлемдерін салыстырып, сәйкес қорытынды жаса.
Бағалау критерийлер
Өзіндік бағалау
«Смайлик» таңбасын сала алды;
Берілген параметрлерді қолдана отырып, 2-3 bmp форматты файлдар сақтай алды;
Файлдардың көлемдерін анықтай алды;
Қорытынды жасады.
Ойлан!!!
Алма жұмыс барысында Unicode кодтау стандартын қолданған кезде, ақпарат көлемі өзгереді ме?
«Қазақ тілі» мәлімет үшін ASCII кодтау кестесін қолдануға болады ма?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?