3D редакторда модельдеу. Редакторға кіріктірілген объектілер. Информатика, 7 сынып, қосымша материал.
Объектті салу
Обьект салуды бастау үшін салынтатын обьектті инструменттер панелінен таңдау керекю (мысалы, Rectangle-тіктөртбұрыш салу).
Сурет салуды бастау үшін тышқанның сол жақ батырмасын басып, бұрышына қарай тартыңыз. Салынатын обьекттің контуры пайда болады.
Тышқан батырмасын екінші рет шерткенде сурет салу аяқталады да, обьектте бояу пайда болады
Сурет салу барысында оң жақ төменгі шетте белсенді обьекттің өлшемдері көрініп тұрады.
Push / Pull (тарту/қысу) инструменті
Инструмент екі өлшемді фигуралар негізінде көлемді модельдер жасауға мүмкіндік береді. Push/Pull (тарту/қысу) инструментін таңдап алып тіктөртбұрыштың қажетті жазықтығында шерту керек (мысалы, жоғарғы жақ қабырғасы), жұмысты аяқтау үшін тышқан батырмасын қайта шерту жеткілікті.
Бұл инструмент кез-келген жазықтықтарды созу үшін жарамды.
Салынған обьектілердің қабырғаларын (жақтауларын) өзгертуге болады. Ол үшін салынған фигураның үстінде қажетті басқа фигураны салу керек.
Курсор көрсеткіші астында пайда болатын нүктелер обьектінің бұрыштарына жабысу эффектісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Push/Pull инструментін пайдаланып жаңадан салынған обьектіні созуға, қысуға болады.
Сурет салу инструменттерінің барлығы жұмыс орындалып жатқан жазықтыққа қатысты әрекет етеді.
Обьектілерді бірдей қашықтыққа созуға, қысуға болады. Ол үшін алғашқы тарту/сығу ауданын жасап алу керек. Екінші обьектіні тарту/сығу тарысында курсорды бірінші тартылған/сығылған аумаққа апару керек, оған жабысу эффектісін қалыптастыратын бағыттауыш пайда болады. Тышқанды шерту арқылы керекті қашықтықтағы тарту/сығу әрекетін орындауды аяқтауға болады.
Бірдей қашықтықтағы тарту/сығу әрекетін орындаудың тағы бір жолы -бірінші әрекетті орындап болысымен екінші жазықтықта тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?