Бөлмені модельдеу. Информатика, 7 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

Бөлмені модельдеу

Сабақ мақсаты:

қарапайым үш өлшемді үлгілерді жасау үшін 3D редактор мүмкіндігін пайдалану

Терминология

Pixel (пиксель) - дисплей бетінде көрсетілетін ең кіші бейнесызбалық бірлік.

Polygon (полигон) - шеңберге іштей немесе сырттай сызылған дұрыс көпбұрыш болып салынады.

ТүзуТүзуге тиісті екі нүкте арқылы берілетін, шексіз ұзын түзу сызық.

Сәулеберілген нүктеде басталып, шексіздікке кететін түзу сызық.

Мультисызық (Мсызық) – параллель сызықтар жиынтығы (1-ден 16-ға дейін), олардың әрбіреуінің өз түсіжәне типі болуы мүмкін.

Шеңберцентрінен бірдей қашықтықта орналасқан барлық нүктелер. Әртүрлі тәсілдермен салынуы мүмкін.

Доғацентрі, радиусы және шеңбер бойындағы екі нүктемен анықталатын шеңбер бөлігі. Әртүрлі тәсілдермен салынуы мүмкін.

Эллипс – үлкен және кіші осьтерін көрсету арқылы салынатын екінші ретті қисық сызық.

Жайлы үй — бұл Сіз өзіңіз жасаған жылулық. Өз үйінде адам ешкімнің кедергісінсіз армандайды, сүйікті ісімен айналысып, өз жақындарымен көңіл көтере алады. Осының бәріне үйдің ыңғайлы, керемет дизайны және лайықты интерьері болған жақсы.

Сіздер қалай ойлайсыздар, интерьер деген не? Үйдің интерьері неден құралады?

Интерьер

Француз тілінен аударғанда интерьер – «ішкі» деген мағынаны білдіреді. Былайша айтқанда дербес заттардан құралған үйдің ішкі көрінісі. Бұл жерде заттардың орналасуы мен олардың байланысына көп назар аударылады.

Интерьердің негізгі қасиеттері:

Функционалдық қасиеттері – отбасының күнделікті өміріне жағдай жасайды. Пәтердегі әр бөлменің өз қызметі бар: ас бөлмесінде ас дайындалады, жатын бөлмеде ұйықтайды.Сондықтан да жобалу, жиһаздардың орналасуы қаншалықты дұрыс болса, тұрғын үйде соншалықты жайлы болмақ.

Гигиеналық қасиеттері – дыбыстық оқшаулау, ауа алмасу, жылылық сақтау сияқты жағдайларды қамтамасыз етеді.

Эстетикалық қасиеттің астарында заттардың үндестігі, үйлесуі жатыр. Түстерді, жарықты қолдану.

ДИЗАЙН

Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы.

Ас үй бөлмесінің интерьері

Бала бөлмесінің интерьері

Қонақ бөлмесінің интерьері

Жұптық жұмыс

Сынып жұптарға бөлінеді, әрбір жұпқа қағаз бен қарындаш таратылады. Жұптар арасында бөлменің моделін құрастыру үшін қолданылатын құрал-саймандар мен әдістер талқыланады.

Практикалық жұмыс: жеке жиһаздан, заттардан балалар, жатын, қонақ, ас бөлмелерінің макетін құрастыру

Жеке жұмыс

Жобаны бағалау критерийлері

3D редакторында модельдерді бейнелей алады

Үш өлшемді нысандарды өңдеу үшін негізгі элементтерді пайдалана алады.

3D модельдерін визуализация жолдарын біледі

Бөлмелерді модельдеуге қабілеттігін көрсетеді

https://create.kahoot.it/#quiz/2131afc3-500c-4829-8f0e-1f8a7e6bcd8a

Қажетті сөздің астын сызыңыз:

Рефлексия

Үй жұмысы

Google SketchUp бағдарламасын қолдана отырып, «Менің арманымдағы бөлме» интерьерін сызып келу

Қолданылған ресурстар

http://rebus1.com/index.php?item=rebus_generator&enter=1

https://ashmargunov.wordpress.com/2013/05/21/%D1%83%D1%80%D0%BE%D0%BA-9-11/

http://adm-lib.ru/books/sergey/3d/Petelin.2013.pdf

http://www.teach-ict.com

http://www.youtube.com

https://infourok.ru

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B8%D0%B7%D0%B0%D0%B9%D0%BD

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B8%D0%B7%D0%B0%D0%B9%D0%BD



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу